Электр және магнетизм

  • Курсты оқытудың негізгі мақсаты – электр және магнетизм саладағы физикалық теорияны ғылымның осы кезге дейінгі теориялық және эксперименттік зерттеулердің жемісі ретінде көрсету. Курстың мазмұны бойынша электр және магниттік құбылыстардың табиғаты туралы ғылыми көзқарастардың қалыптасуы, электростатика, электр өрісіндегі өткізгіштер, диэлектриктердегі өлектр өрісі, электростатикалық өрістің энергиясы, тұрақты ток, әр түрлі ортадағы (қатты денелердегі, электролиттердегі, газдардағы) электр тогы, магнит өрісі мен заттың магниттік қасиеттері, элетрмагниттік индукция, электрмагниттік өріс, электрмагниттік тербелістер мен толқындар қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар негізгі физикалық құбылыстар мен заңдарды, үрдістерді айқын түсініп, физикалық құбылыстар мен шамаларды математикалық әдістердің көмегімен өрнектеп, физиканың негізгі заңдарын теорияларын қолданып, практикалық есептерді шығара алуы, анықтамалық әдебиеттер мен қажетті ғылыми-техникалық мағлұматтарды ізденіп, қолдана білуге үйренеді.
  • Образовательная программа 6B01582 Физика мұғалімдерін даярлау
  • Несиелер 6
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top