Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01582 Физика мұғалімдерін даярлау в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экономика, менеджмент, маркетинг, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық және құқықтық аспектілердің негіздерін меңгерген. Экономика және басқару саласындағы заманауи басқару технологияларының рөлін және маңыздылығын түсінеді. Қолданбалы ғылымдардың негіздерін, экологияның негізгі заңдары мен қағидаттарын, еңбекті ғылыми ұйымдастыру қағидаттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы біледі.
  • Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері, формалары мен тәсілдерін меңгерген; инклюзивті және экологиялық білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын түсінеді. Баланың дамуы мен өсу зандылықтарын, оқыту мен тәрбиелеу процесін, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдауды жүйелі ұйымдастыру әдістерін меңгерген, педагогикалық қызметтегі жүйелі ойлау және оны тұтастай қабылдай алады. Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект технологияларын білім беруде қолдануға қабілетті.
  • Практикалық есептерді шешуде сәйкес физикалық әдістерді таңдап, қолдана біледі. Практикалық есептерді шешуде теориялық және эксперименттік нәтижелерін талдап, оның дәлдігін бағалай алады.
  • Ұлттық саясаттың және түрлі мәдениеттердің көзқарастары мен дәстүрлері арасындағы өзара қарым-қатынастардың мақсаттарын және өзінің ұлттық мәдени мұрасын түсінеді.
  • Графиктер мен диаграммалар түрінде берілген есептерді шешу барысында статистикалық сипаттағы ақпараттарды талдайды.
  • Мектептегі физика курсын дамытудың ғылыми принциптері мен логикасын түсінеді және оқу процесінде ақпараттық ортаның мүмкіндігін пайдалана алады. Физиканы оқытудың қазіргі білім беру, соның ішінде STEАM және CLIL оқыту технологияларын меңгереді. Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыра алады және оны кәсіби қызметінде қолданады.
  • Физиканың концептуалды және теориялық негіздерін біледі, физиканың құндылықтарын, физиканың даму тарихы мен қазіргі жағдайын талдайды.
  • Физикалық экспериментті жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарды орнымен қолдана отырып, физикалық процестерге бақылау жүргізе алады.
Top