Мектеп физика есептерін шығару әдістемесі

  • «Мектеп физика есептерін шығару әдістемесі» курсының мақсаты- мектептегі физика есептерін шығару жолдары мен әдістемесін үйрету. Бұл курс -болашақ физика пәні мұғалімінің теориялық және практикалық дайындығын нығайтуда ең маңызды пәндердің бірі. Физика пәні мұғалімінің кәсіби біліміне, сипаттамасына қойылатын негізгі әдістемелік талаптардың бірі - мектеп бағдарламасындағы әр түрлі қиындықтағы есептерді шығару әдістерін меңгеруі, есептерді іріктей және құрастыра білуі. Курсты толық аяқтаған білім алушы мектепете физика есептерінің түрлерін, шығару тәсілдері мен алгоритмін, физика есептеріне қойылатын дидактикалық талаптарды біледі және оны физиканы оқытуда қолдана алады. Курста физика есептері туралы жалпы мағлұмат, физика есебінің түрлері, ерекшелігі, классификациясы, есеп шығарудың жалпы әдістері мен тәсілдері, оқушыларды есеп шығаруға үйрету әдістемесі қарастырылады.
  • Образовательная программа 6B01582 Физика мұғалімдерін даярлау
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top