Бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқыту әдістемесі

  • Пәннің мақсаты- студенттерге кіші мектеп оқушыларында табиғатты тануға деген қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсініп, көре білуді қалыптастыруға бағытталған. «Жаратылыстану» пәнінен сабақ берудің теорияларын, әдіс-тәсілдерін және оқыту технологияларын үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларын жоғарғы сыныптарда оқылатын биология, химия, физика ғылымдарын меңгеруге алдын ала дайындау, қоршаған ортаны бақылай отырып, өлі, тірі табиғат арасындағы байланысты түсініп,табиғат заңдылықтары мен адам денсаулығы туралы алған білімдерін күнделікті өмірде пайладана білуге және ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Жаратылыстануды оқыту әдістемесінен оқу бағдарламасы мен жоспарларымен таныса отырып, қысқа және ұзақ мерзімді жоспар құруды үйренумен қатар алған білімдерін өмірлік практикада қолдана білуге дағдыландыру және студенттерді табиғатты танудың негізгі әдістері - бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелер жасай білуге баулу.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top