Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Білім беру тұжырымдамаларын таңдау және жүйелі талдауды, әртүрлі кәсіби міндеттерді шешуде педагогикалық диагностикалау әдістерін қолданады.
  • Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы мен философияның теориялық негіздері мен әдіснамалық тәсілдерін, өзінің ұлттық және жеке ресурстарын және олардың үнемді жұмсалуын, мәдени ашықтық пен экономикалық білім негіздерін біледі
  • Математикалық білім берудің деңгейлері арасындағы перспективтік және сабақтастық байланыстарды жүзеге асыру құралдарын кәсіби іс- әрекетте талдайды.
  • Жазу және жазу мәдениеті әдістемесін пайдаланады.
  • Жас ерекшелік психологиясының қолданбалы маңыздылығын және оның диагностикалау мен түзетудің, оқыту мен тәрбиелеудің, денсаулық сақтаудың практикалық мәселелерін шешуде мүмкіндіктерін бағалайды.
  • Қазақстан Республикасы және әлемде білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінің ерекшеліктерін, кіші мектеп оқушыларын педагогикалық зерделеудің амалдарын біледі
  • Заманауи инновациялық технологиялардың, идеялардың, бағыттардың кең спектрін сипаттайды.
  • Денелердің, заттардың, табиғат құбылыстарының алуан түрлілігі және олардың қарапайым жіктелуі туралы, тірі және жансыз табиғат әлемінің өзара байланысы, адамның қоршаған табиғатқа әсері туралы, табиғатты зерттеудің жеке әдістерін меңгерді.
  • Білім алушыларды критериалды бағалау рәсімін ұйымдастыруға қойылатын нақты талаптарды жүйелендіреді.
  • Инклюзивті білім берудің вариативті модельдері туралы талқылайды.
  • Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.
  • Білім беру үдерісінің мәні мен құрылымын сипаттап,баланы тәрбиелеу мен оқытудың теориясы мен технологиясын ажыратады.
  • Фонетикалық, семантикалық, грамматикалық, мәтіндік және прагматикалық ерекшеліктерді қоса алғанда, тілдік қолданудың теориялық аспектілерін меңгеруді көрсетеді.
Top