Қазіргі заманғы қазақ тілінің негіздері 2

  • Пәннің мақсаты: Cтуденттерді тіл туралы ғылым мен қазіргі қазақ тілінің негізімен таныстырады. Тіл туралы ғылымның алғашқы кіріспесі, бастамасы болып табылатын тіл біліміне кіріспеде тіл теориясын, атап айтқанда, тілдің ішкі құрылымы, оның ойлаумен, қоғаммен, қоғам дамуының тарихымен, тілдің функционалдық және құрылымдық баламаларымен байланысы туралы мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар қазіргі қазақ тілінің морфология, синтаксис салалары бойынша теориялық білімді меңгереді. Пәннің міндеттері: Студенттерді аталмыш курста лингвистикалық терминдермен танысып, оларды ғылыми тұрғыдан пайдалануға үйрету, тіл білімінің негізгі нысаны тіл болғандықтан, оның табиғаты, қоғамдық мәні, тілдің пайда болу теориялары, оның құрылымдық және жүйелік сипаттары, құрылымдық элементтің бір-бірімен байланысы мен ара қатынастарын зерттеу.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 2
Top