Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Бастауыш білім берудегі жасанды интеллект
-
Курс барысында білім беру саласында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Пән аясында ЖИ-дің негізгі қағидаттары, машиналық оқыту, нейрожелілер, білім берудегі адаптивті оқыту жүйелері, интеллектуалды оқыту ассистенттері және деректерді талдау технологиялары зерттеледі. Сонымен қатар, білім беру процестерін автоматтандыру, дербестендірілген оқыту және білім алушылардың жетістіктерін бағалауда ЖИ-ді тиімді пайдалану мәселелері қарастырылады. Пәннің мақсаты: студенттерге білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін меңгерту, деректерді талдау және білім беру үдерістерін оңтайландыру дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ заманауи цифрлық білім беру құралдарын тиімді пайдалануды үйрету. Сондай-ақ білім алушыларды жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі тұжырымдамаларымен, әдістерімен және қолдану салаларымен таныстыру, ЖИ жүйелерін құру және оларды әртүрлі салаларда қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында білім алушылар машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және деректерді интеллектуалды талдау негіздерін меңгереді.
-
Образовательная программа 6B01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 3
-
Семестр 1