ХІХ ғасыр әдебиеті

  • Пәннің мақсаты – білім алушыларға ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі және сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар мен әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар маңызын түсіндіру, осы дәуірдегі қаламгерлердің шығармашылығынан терең әдеби-теориялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар. Зар заман ақындары шығармаларындағы басты идея. Дулат Бабатайұлы Шортанбай Қанайұлы толғаулары, заман шындығының айтылуы. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығындағы ата қоныс мәселесі. Әбубәкір Кердері шығармашылығы, Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және әдебиет. Ш.Жарылғасұлы, А.Азаматқызы шығармашылығы. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері және ақындық, әншілік-композиторлық дәстүр. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері. Ы.Алтынсарин және ағартушылық идея. Абай – ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі.
  • Образовательная программа 6B02336 Қазақ филологиясы
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 2
Top