Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02336 Қазақ филологиясы в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Әдебиеттану негіздері

    Пәннің мақсаты – әдебиеттану ғылымының зерттеу нысаны, негізгі салалары мен жанама тараулары, басты теориялық қағидалары мен ұғымдары туралы түсінік беріледі. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, образдар жүйесі, өлең құрылысы мен табиғаты, сюжет пен композиция ұғымдары түсіндіріліп, әдебиетті өнердің негізгі түрі ретінде қарап, оған тән басты ерекшеліктер айқындалады, шығарманың көркемдік, жанрлық және стилдік ерекшеліктері, суреткер шеберлігі сараланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • халық ауыз әдебиеті

    Пәннің мақсаты - халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамти отырып оның ежелгі замандардан бастап қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттарын фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты игерту. Негізгі тақырыптар: ауыз әдебиеті туралы түсінік, фольклордың жанрлары, этникалық тәсілдері мен құралдары, фольклордың зерттелу тарихы, халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы, шешендік сөздердің тарихи негізі мен зерттелуі, қазақ эпосының жанрлық құрамы мен көркемдік ерекшеліктері, ғашықтық жырлардың зерттелуі мен жанрлық ерекшеліктері, тарихи өлең-жырдың аражігі, дәуірлеу мәселесі, ол туралы ғалымдар пікірін салыстыру және тарихи жырлардың жанрлық, көркемдік ерекшелігі, айтыс және айтыс өнерінің зерттелуі, діни дастандар туралы түсінік, ғалымдар пікірі, олардың жанрлық, идеялық ерекшеліктері, балалар фольклорының жанрлық ерекшеліктері мен түрлері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміне кіріспе

    Пән студенттерді тіл білімінің ұғымдары мен терминдерімен, әлем тілдері туралы негізгі біліммен, олардың дамуының тарихи кезеңдерімен және қызмет ету ерекшеліктерімен таныстырады, лингвистикадағы әртүрлі тілдік құбылыстарды түсіндіреді. Курстың мақсаты студенттердің қазіргі тіл білімін дамыту саласындағы білімдерін игеру, әлем тілдерінің әртүрлі классификацияларын білу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Фольклор және жазба әдебиет

    Пәннің мақсаты - білім алушыға фольклористиканың ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдерін, оның мектептері мен бағыттарын түсіндіру; халық ауыз әдебиетінің поэтикалық ерекшелігі мен жанрлық өзіндік өзгешелігін ұқтыру; әлемдік әдебиет пен әдеби үдерістің жалпы дауы өрісінде отандық әдебиетті салғастырмалы түрде талдай білуге баулу; түрлі саладағы қолжазба және баспа құжаттарымен жұмыс жасау дағдыларын игерту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тұрақты даму

    Пәнінің мақсаты: Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты - ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау, педагогикалық-теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жөніндегі ұғымын қалыптастыру болып табылады. Ғылыми - зерттеу жұмысының әдіснама мен әдістемесінің негізін үйрету, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру, педагогикалық үрдіс барысында практикалық міндеттерді шешуде, зерттеу әдістерін қолдануды меңгеру құзыреттіліктерін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

    Пән екі өзара байланысты аспектіні қамтиды: еңбек қауіпсіздігі - бұл жұмыскерлердің кәсіби қызметі барысында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, және тіршілік қауіпсіздігі - бұл адам өмірі мен денсаулығын күнделікті өмірде қорғауды қамтитын сала. Пән шеңберінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби аурулар мен жарақаттардың алдын алу бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері мен әрекеттері (өрттер, техногендік апаттар, экологиялық қауіптер және т.б.) қарастырылады. Білім алушылар азаматтық қорғаудың негіздерін, алғашқы дәрігерге дейін көмек көрсету және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін зерттейді. Пән білім алушыларда қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарас қалыптастыруға және жұмыс орнында және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пәннің мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

    Пәннің мақсаты - тіл дыбыстарын, тілдегі дыбыстық заңдар мен заңдылықтарды, тілдегі әр түрлі құбылыстарды зерделету, оларды терең түсіну үшін фонетикалық талдау әдістерін игерту. Негізгі тақырыптар: Қазақ тілінің фонетика және фонология салалары, олардың зерттеу нысандары, фонет8ика және фонология салаларының бірліктері мен өзіндік ерекшеліктері, қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері, қазақ фонетикасының құрылымы, зерттелім бағыттары, қазіргі қазақ фонетикасының ғылыми аппараты, қазақ тілінің жасалымдық қоры, сөйлеу мүшелері: актив және пассив мүшелер, екпін, оның тілдік табиғаты, үндестік заңы, тасымал, орфоэпия мен орфография туралы түсінік, қазақ тілінің интонациялық жүйесі және оның бірліктері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Пәнді оқытудың мақсаты: Пән студенттерді теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздермен, негізгі санаттармен, сондай-ақ инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырады; инклюзивті білім берудің объектісі, пәні, мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, қалыптасу және даму кезеңдері туралы білімді қалыптастырады, инклюзивті білім берудің әлеуметтік-мәдени рөлін айқындайды. Курс қазіргі заманғы білім беру (түзету) мекемелерінің қызметін және ерекше білім беру мен педагогикалық жүйелерді ұйымдастыру нысандарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Абайтану

    Абайдың гуманистік ілімдеріне бой алдырған толыққанды, адамзатты сүйетін, адамгершілігі мол, толерантты азаматты қалыптастыру. Абайдың мәңгілік құндылықтар туралы ойларына терең махаббат тәрбиелеу: оның өлеңдері мен прозаларында көрсетілген оқу, білім, ғылым, өнер, тәрбие, адамгершілік; ақын-ойшылдың дүниетанымына әсер еткен негізгі көздерді көрсету; Шығыс мәдениетінен, Ислам философиясынан шыққан Ар-намыс пен ар-ождан түсінігін игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографикасы

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға сөздердің лексикалық жүйеде алатын орны, шығу төркіні, қолданылу қабілеті және фразеологизмдердің түрлі парадигмалары бойынша жүйелі ғылыми-теориялық білім беру Негізгі тақырыптар: Сөзге тән белгілер, сөз мағынасының ұғымнан айырмашылығы, мағынаның кеңеюі және тарылуы, метафора, метонимия, синекдоха. Сөздің лексикалық мағыналарының негізгі түрлері, лексика-семантикалық топтары, қосалқы аталымдары. Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары мен қолдану сипатына қарай бөлінетін түрлері. Фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты. Лексикография. Этимология.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кешенді-сатылай талдау түрлері

    Пәннің мақсаты – қазақ ғылымының мазмұны мен жүйесін оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығы және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлесу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Кешенді сатылай талдау түрлері арқылы қазақ тілінің ішкі заңдылықтарын меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік

    Пәнді оқытудың мақсаты: Білім алушыларға болашақ кәсіби қызметіне байланысты экономикалық білім беруге, талдау дағдыларын және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Курстың бір бөлігі ретінде студенттер өздерінің қызмет салаларында қолданылатын экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптерін меңгереді. Олар сондай-ақ экономикалық жағдайларда негізделген және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін аналитикалық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің корпустық лингвистикасы

    Пәннің мақсаты - жалпы тіл білімінің даму тарихын ғылымда қалыптасқан дәуірлеу тұрғысынан оқып біледі. Тіл білімдегі түрлі теориялық ұғым-түсініктердің зерттелу мәнін, методологиясын түсінеді. Алған лингвистикалық білімдерін өз ана тілінің даму тарихын зерттеп түсіндіруде, дәуірлеуде қолданады. Тілдік құбылыстардың даму мәселелерін лингвистика тарихында қалыптасқан түрлі ағымдар, бағыттар және мектептер көзқарастары мен пікірлері тұрғысынан түсініп талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пәннің мақсаты - студенттерде қаржылық сауаттылық саласында іргелі білім мен дағдыларды қалыптастыру, жеке қаржыре сурстарын тиімді басқару, қаржылық мәселелерде негізделе ншешімдер қабылдау және өзінің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері

    Құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем шығарманы әдеби талдау

    Пәннің мақсаты – көркем шығарманы әдеби талдауға қатысты ерекшеліктерді білім алушыларға түсіндіру, көркем шығарманы не көркем мәтінді әдеби талдау сырларын игертіп, талдау кезінде кезеңдерге қатысты әдебиеттанушылық – зерттеушілік еңбектің негіздерімен таныстыру, талданып отырған шығарманың әдеби дамуға әсер етуін, олардың ерекшеліктері, көркемдігі мәселелерін талдай түсіндіру, теориялық білімді практика жүзінде қолданта білу, ақын–жазушылар шығармаларымен жүйелі танысып, толық мағлұмат алуға үйрету; көркем туындыны жан-жақты қарастырудың, көркемдігі иен мән-мазмұнын ашудың амал-тәсілдерін игерту; талданып отырған шығарманың әдеби дамудағы орнын, рөлін ашу; сол көркем мәтінге қатысты ой, пікір түюге, тұжырым жасауға үйрету. Негізгі тақырыптар: Көркем шығарманы (мәтінді) әдеби талдау мәселелері және филологиялық талдау. Әдеби зерттеудің тақырыбы және оның негізін жүйелеу мәселесі, Көркем шығарма (мәтін) және текстология, библиография, әдеби байланыс, Көркем шығарманы (мәтінді) талдау әдістемесі, Көркем шығарманы (мәтінді) талдау сырлары, Талдау және туынды композициясы, Образдар жүйесінің құрылымы және әдеби талдау, Көркем шығарманың идеялық мазмұны және әдеби талдау, Көркем шығарманың мазмұнын зерттеу, стиль мен тіл мәселесі, Көркем шығарманы (мәтінді) талдау түрлері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тіл білімінің пәнаралық проблемалары

    Пәннің мақсаты - тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орнын, өзге ғылымдармен байланысын, ортақ проблемаларын меңгерту. Негізгі тақырыптар: тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны, тіл білімінің пәнаралық салалары, біл білімінің тарих, этнография, география, психология, әлеуметтану, саясаттану және т.б. ғылымдармен байланысы, ортақ проблемалары, тіл білінің өзге ғылымдармен байланысынан туындайтын жаңа бағыттары (когнитивтілингвистика, нейролингвистика, социолингвистика), олардың зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәтінді лингвистикалық талдау

    Пәннің мақсаты - көркем мәтінді талдау және түсіну дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылық сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы мәтіндерді лингвистикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерінің сыныптамасын; лингвистикалық зерттеу саласындағы белгілі ғалымдардың есімдерін білуі; әртүрлі жанрлар мен стильдердегі мәтіндерді зерттеуде лингвистикалық талдау әдістерін қолдана білуі тиіс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мультимедиялық технологиялар

    Пәннің мақсаты-заманауи мультимедиялық технологиялар, мультимедиа құрамы, оларды білім беру процесінде қолдану, оларды қолданудың орындылығы мен қажеттілігі туралы түсінік беру. Мультимедия негізінде жеке оқу құралдарын құруды үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір әдебиеті

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ әдебиеті тарихының бастаулары болып саналатын VI-VIII ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге (XV ғасыр) дейінгі түркі тілдес халықтарға ортақ әдеби мұралар, қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік және әлеуметтік мәні жөнінде жан-жақты білім беру. Негізгі тақырыптар: ежелгі әдебиеттің даму кезеңдерінің (дәуірлерінің) ерекшеліктері, бағыты, заманымыздан бұрынғы аңыз-жырлар, Орхон ескерткіштері: «Білге қаған», «Тоныкөк», «Күлтегін», «Қорқыт ата» және Әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, Рабғузи қиссалары тағы басқа көне түркі тілінде жазылған авторы белгілі көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік мәні және әлеуметтік, психологиялық мәні.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХІХ ғасыр әдебиеті

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі және сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар мен әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар маңызын түсіндіру, осы дәуірдегі қаламгерлердің шығармашылығынан терең әдеби-теориялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар. Зар заман ақындары шығармаларындағы басты идея. Дулат Бабатайұлы Шортанбай Қанайұлы толғаулары, заман шындығының айтылуы. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығындағы ата қоныс мәселесі. Әбубәкір Кердері шығармашылығы, Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және әдебиет. Ш.Жарылғасұлы, А.Азаматқызы шығармашылығы. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері және ақындық, әншілік-композиторлық дәстүр. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері. Ы.Алтынсарин және ағартушылық идея. Абай – ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тілдік норма және жаңа сөз қолданыстары

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесіндегі тілдік нормалары мен қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтарын меңгерте отырып, жаңа сөздер мен қолданыстар, олардың нормалану процесін, функционалдық стильдер арақатынасын меңгерту. Негізгі тақырыптар: Тіл мәдениетінің мәселелері мен стилистика аспектілері, қазақ тілі құрылымдық жүйесіне тән негізгі басымдықтар, қазіргі әдеби тілдің даму арналары, жаңа сөздер мен қолданыстар, олардың нормалану процесі, функционалдық стильдер арақатынасы, Әдеби нормадан уәжді және уәжсіз ауытқу және олардың орын алу себептері, норманың өлшем-шарттары, сөз қолданудағы стильдік қателер, Көркем әдебиеттегі сөзқолданыс және әдеби тілдік норма, орфоэпиялық ережелер немесе сөз сазын келтіру қағидалары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Хандық дәуір әдебиеті

    Пәннің мақсаты – хандық дәуір әдебиеті-ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы,көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Мазмұны: Жыраулық поэзия-ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдің құбылысы. Жыраулық поэзия көбіне қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүрген ру, тайпалардың бай мұрасы. Сондықтан жырауылық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктерімен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. Онда әсіресе, бұрын ауыз ідебиетінде көп тараған толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады. Аталған пәнде жыраулық поэзияның дамуы, жыраулар мұрасы және қазақ халқынығ елдік тарихы, жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшелігі хандық дәуір әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы арқылы оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шығыс әдебиетінің тарихы

    Пәннің мақсаты – студенттерді шығыс әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру. Шығыс әдебиетінің aca үздік туындыларымен таныстыра отырып, олардың бір - бірінің рухани мәдениетіне қосатын, толықтыратын, байытатын үлес салмағының жаңаша мазмұн- мәнін айқындап, орнықты сұранысқа жол сілтеу. Қазақ әдебиетінің өзге халықтар көркем сөз өнерімен сан ғасырлық байланысын, тарихи тамырластығын танып-білу. Қазақ әдебиетінің шығыс классикалық поэзиясымен арасындағы рухани байланыстың нәзира дәстүрі арқылы жүзеге асқанына кеңінен тоқталу және осы дәстүрдің даму жолдары мен қайнар бастауларын анықтау. Мазмұны: Көне Үнді, Қытай, Иран, Араб әдебиеттері тарихы, сондай-ақ жапон, түрік әдебиеттері мен шығыс классикасы әдебиеттері үлгілері талданып, мазмұны таныстырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы мен диалектологиясы

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға ұлт тілінің ең жоғары формасы әдеби тілінің даму жолын, нормалануын, тарихи кезеңдері бойынша түсініріп меңгерту, өзге де жалпыхалықтың тіл түрлерімен салыстыра қарап, ерекшеліктерін, тарихи арналарын ұғындыру. Негізгі тақырыптар: әдеби тіл ұғымы, сипаты, қоғамдық қызметі, әдеби тілің нормалары, әдеби тілдің көркем әдебиетпен, функционалдық стилдермен арақатынасы, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы және даму кезеңдері, ол жөніндегі көзқарастар, қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз болған тарихи арналар, қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы дәуірлер, әдеби тілдің нормалануы мен стилдік тарамдалуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жазушының шығармашылық лабораториясы

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға теориялық білімдерді игерту, әдеби фактілер мен теориялық ұғымдарды шығармашылық тұрғыда алып қарастыруды қалыптастыру, пәннің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіріп, сол арқылы олардың әдеби-теориялық білімдерін тереңдету, қаламгерлер шығармашылығына қатысты әдебиеттанушылық-зерттеушілік еңбектің негіздерімен таныстыру, көркем туындының өмірге келуіне және сол шығарманың әдеби дамуға әсер ету жағдайлары, қаламгерлер шығармашылығының дара қырлары, бағыттары, олардың ерекшеліктері, қаламгерлер шығармаларының көркемдігі, өзіндік ерекшеліктері мәселелерімен таныстыру. Негізгі тақырыптар: Жазушы шығармашылық лабораториясы және суреткерлік ерекшелік, Жазушы шығармашылығы лабораториясы және шығармашылық психологиясы, Жазушы шығармашылығы лабораториясы және әдебиет тану, Жазушы шығармашылығы лабораториясы және көркем тіл, Жазушы шығармашылық даралығы және шығармашылық зертхана, Жазушы шығармашылық лабораториясы және көркем ырғақ.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • 3D технология және анимация жасау

    Пәннің мақсаты - 3D модельдеу негіздерін зерделеуді үйретеді, ғылыми-техникалық және шығармашылық әлеуетін дамытады, білім алушылардың шығармашылық және дизайнерлік қабілеттерін шыңдайды және заманауи технологиларды игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға мектепте қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, практикалық дағдысын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері, қазақ әдебиеттану салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесі, пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері, әлемдік педагогика ғылымындағы жаңа әдістемелер, білім берудің жаңа технологиялар, кәсіби біліктілік пен құзыреттіліктер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдарын, бастау көздерін, ғылыми ұстанымдарын, басым бағыттарын, мектепте қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың мақсат-міндеттері мен әдістемелік жүйесін, қазақ тілі бағдарламалары, оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен жүйесін, қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық үдерісін меңгертіп, әдістемелік білім беру. Негізгі тақырыптар: Қазақ тілін оқыту әдістемесі-дербес ғылым саласы, қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің бастау көздері, ғылыми ұстанымдары, басым бағыттары, қазақ тілі бағдарламалары, оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен жүйесі, қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық үдеріс ретінде ұйымдастырудың жолдары, қазақ тілін оқыту барысында пәнішілік, пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері, сол арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық дүниесін байыту жолдары, қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің семасиологиясы

    Пәннің мақсаты – сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму заңдылықтарын меңгертеді. Сөз және мағына, сөз және ұғым, мағына мен ұғым арақатынасы түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби мұра және оны жалғастырушылар

    Пәннің мақсаты – білім алушының ұлттық әдеби мұраларды оқытып оны жалғастырушылардың әдебиет тарихынан алатын орнын анықтауды әдеби-зерттеушілік, сыншылық қызметтерге бағыттау болып саналады. Пәннің мазмұны білім алушыны әдебиеттанудағы бағыттарға, әдеби мұраның меңгерілуі мен оны жалғастырушылар жайлы толық ақпаратпен таныстырады. Оларға әлем әдебиеттануынының және ұлттық әдебиеттанудың қалыптасу, даму тарихынан мәлімет береді. Сөйтіп, әдебиеттанушылық білім шеңберін кеңейтеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясын оқытуда ЖИ құралдарын қолдану

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға жасанды интеллект технологияларын қазіргі қазақ тілінің морфологиясын оқытуда қолданудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерту. Білім алушылар морфологиялық құрылымдарды автоматтандырудың заманауи әдістерін, ЖИ негізіндегі лингвистикалық модельдерді және табиғи тілді өңдеу (NLP) алгоритмдерін зерттейді. Қазақ тілінің сөзжасам және сөз түрлендіру жүйелерін ЖИ арқылы талдаудың жаңа тәсілдерін қарастырады. Морфологиялық талдау жүйелерінің тиімділігін бағалап, деректерге негізделген оқыту әдістерін әзірлеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

    Пәннің мақсаты – білім алушыларды қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қарауландыра отырып, ұлт тілінің қыры мен сырын үйреніп, жас ұрпаққа жеткізе білуге жол ашу. Негізгі тақырыптар: қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесі, сөз тіркесі парадигмасы, олардың өзіндік белгілері, басқа тілдік единицалардан айырмашылығы, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынастары, сөйлем синтаксисі мен оның түрлері, құрмалас сөйлемнің басты белгілері, оның жай сөйлемнен айырмашылықтары, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырушы тілдік амал-тәсілдер жүйесі, құрмалас сөйлем мен оның паратаксис, гипотаксистүрлері, төл сөздің түрлері мен төлеу сөздің айырмашылықтары, тыныс белгілерінің түрлерін, олардың қойылатын орындары, мәтін және күрделі синтаксистік тұтастық, оның белгілері, құрылымы, сөйлемдерді күрделі синтаксистік тұтастыққа біріктіруші тәсілдер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ әдебиет тарихындағы аса маңызды кезең – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекшеліктерін, әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасу арналары, оған ықпал еткен жағдайлар, әдеби бағыттар ерекшеліктері, байланыстары, олардың әдеби дамудағы рөлі мен көркемдік ізденістер жайлы терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің маңызы, сипаты, ерекшеліктері. ХХ ғасыр басындағы әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасуы, ерекшеліктері. Әдеби бағыттар арасындағы байланыс, олардың қазақ әдебиеті дамуындағы орны. ХХ ғасыр басындағы әдеби бағыттар мен ағымдар әкелген жаңалықтар мен көркем ізденістер, олардың қазақ әдебиетін дамытудағы рөлі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ эмигранттық әдебиеті

    Пәннің мақсаты – ұлттық әдебиеттің үлкен шоғыры саналатын шет елдердегі қазақ әдебиетшілерінің шығармашылығымен таныстыру. Оның қалыптасуы, дамуы туралы түсінік беру. Пәнді игеру барысында білім алушылар Қытайдағы, Түркиядағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы және тағы да басқа шет елдердегі қазақ әдебиетін қалыптастырушы диаспора өкілдерінің мәдени-рухани өмірімен танысып, шығармашылығы туралы мағұлмат ала алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

    Пәннің мақсаты – қазақ тілінің дамуы барысында қалыптасқан сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдерін, олардың теориялық түсінігі мен ішкі семантикалық құрылымын, қазақ тіліндегі сөздердің жасалу заңдылықтарын үйрету, білім алушылардың базалық білімін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шетелдердегі қазақ әдебиеті

    Пәннің мақсаты – шетелдердегі қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуы, жанрлық, тақырыптық, идеялық-көркемдік ерекшелігі, оның өкілдері, зерттелуі туралы мәлімет беру. Негізгі тақырыптар: шетелдердегі қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері мен даму үрдісі, шетелдердегі қазақ әдебиетінің зерттелуі және зерттеушілер, жанрлық, тақырыптық, идеялық-көркемдік ерекшелігі, шетелдердегі қазақ әдебиетінің негізгі өкілдері және олардың шығармашылығы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер

    Пәнді оқытудың мақсаты - қазіргі қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемнің өзіндік ерекшеліктерін анықтап, оның құрылымдық белгілерін оқып игереді. Күрделенген сөйлемге қатысты қазіргі тіл біліміндегі зерттеу еңбектерімен танысып, даулы мәселелерге қатысты өзіндік пікір білдіруге дағдыланады. Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасы, жай және күрделенген сөйлемдердің граматикалық сипатын жан-жақты игереді. Күрделенген сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ерекшелігін айқындап, өзіндік ғылыми болжам жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Когнитивті әдебиеттану

    Пәннің мақсаты - когнитивтік әдебиеттанудың базалық ұғымдарымен таныстыру. Курста мәнмәтіннің когнитивтік жүйес, көркем концептің әдебиеттанушылық категория ретіндегі көрінісі, ұжымдық сана бірліктері, универсалиилер, стереотиптер метакатегорисы, тұлғаның когнитивтік стилі, мағына когнициясы, когнитивтік стратегиялар мен идеостиль, әлемнің тілдік бейнесі, көркем әлем концептосферасы, мәтіндегі ақпаратты өңдеуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ әдеби сынының тарихы

    Пәннің мақсаты – қазақ әдебиет сыны тарихының жасалу, жүйелену, дәуірлеу мәселелері мен белгілі деңгейде әдеби сынның мақсаты мен шегін, әдеби процестегі алар орнын, сыни мақалалар мен көрнекті сыншы ғалымдардың шығармашылық ізденістерін, олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектерді меңгерту. Негізгі тақырыптар:әдеби сын тарихының әдебиеттану ғылымымен, журналистикамен байланысы; әдеби сын жанры; типологиясы; қазақ сын тарихын дәуірлеу; сыни материалдарға, сыншы еңбектерін тарихи-хронологиялық жүйелеу; әр жылдардағы әдеби сын.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тіл мәдениеті

    Пәннің мақсаты - әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын, тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларымен байланысы туралы түсінік беріледі. Әдеби тіл нормаларына сай сөздердің қолданылуы, атап айтсақ, тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы) мен этика мәселелері (сөйлеу этикасының ережелері) және коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары) игертіледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет және эстетика

    Пәннің мақсаты -білім алушы әдебиет пен эстетиканың дамуы және қалыптасу тарихын біледі. Эстетиканың қоғамдық сананың өзгеше түрі ретінде өнерді зерттейтін ғылыми пән екенін ұғынады. Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдерін оқып түсінеді. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясын, әдебиеттің барлық қырларын жан-жақты ашып, көрсететін құралдарды шығарма талдауда қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму үдерістерін түсіндіру, көркемсөз өнеріндегі ұлттық идеяларды жалпы адамзаттық идеялармен ұштастыра келе қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін қарастырып, көркем шығармашылықтың даму заңдылықтарын заман, уақыт ұсынған әлеуметтік мәселелермен сабақтастырып қарастырып терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен қазіргі кезеңгі қазақ әдебиетінің даму үрдістері, байланыстары, жанрлық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, негізгі өкілдері, олардың танымал туындылары, әдеби бағыттар мен ағымдар, қазақтың тарихи прозасы, лирикалық проза, қазіргі қазақ лирикасы, қазақтың философиялық лирикасы, қазіргі қазақ поэмалары, қазіргі қазақ сатирасы, қазіргі қазақ романдары, қазіргі қазақ повестері, қазіргі қазақ әңгімелері, деректі проза, қазіргі қазақ драматургиясы

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Психолингвистика

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға психолингвистиканың сөйлеу үрдістерін, оның мазмұнын, коммуникативті рөлін, сөздің ойға қатысын, тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастыратын психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы ретінде меңгерту. Негізгі тақырыптар: Психолингвистиканың ғылыми пән ретінде сипаты. Психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі Сыртқы лингвистика салаларымен байланысы. Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері. Адамның сөйлеу қызметі, оның зерттелуі. Сөйлеудің тууы және оның түсіндіріуі. Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісі. Психолингвистика пәніннен білім алу барысында студенттер мынадай құзіреттіліктерді меңгереді: психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі, сыртқы лингвистика салаларымен байланысы, психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі т.б.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары

    Пәннің мақсаты – студенттерге қазіргі заман тіл білімінің жаңа бағыттары мен салаларынан білім беру, жаңа лингвистикалық ойлау жүйесін дамыту. Пән қазіргі лингвистика проблемаларын айқындайтын функционалдық лингвистика, математикалық және статистикалық лингвистика, когнитивтік тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, психолингвистика, нейролингвистика т.б. бағыттар мен салалардан терең филологиялық білім береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Пәнді оқыту мақсаты - төл және әлем әдебиеттері тарихынан білімі, белгілі дәрежеде әдеби- теориялық ұғымы бар соңғы курс білім алушыларының көркемдік-эстетикалық білімін жетілдіру, жаңа теориялық ұғымдармен, категориялармен толықтыру, әдебиет және өнер жайлы ой-пікірлермен, ғылымның тарихымен жан-жақты таныстыру, осылардың негізінде олардың әдеби-эстетикалық, теориялық танымын қалыптастыруға ықпал ету. Әдебиет теориясы пәнін меңгеру арқылы әдеби шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін жете түсінеді. - Негізгі тақырыптар: Әдебиет теориясы – ғылым. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері, Шығарма идеясы мен қаламгер дүниетанымының өзара бірлігі, Өнердегі типтілік мәселесі, Тақырып және идея, Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні, Композиция мен сюжет, мазмұн мен форма, Көркем шығарманың құрылысы, Әдебиетті текке, түрге бөлу принциптері, Сюжет пен фабула, Жанр ұғымы, жанр теориясының даму жайы, Әдебиеттің тегі мен түрлері, Эпикалық шығарма ерекшеліктері, Лирикалық шығарма ерекшеліктері, драмалық шығарма ерекшеліктері, Әдеби процесс-әдеби даму, Әдеби бағыттар мен ағымдар, Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті

    Пәннің мақсаты – тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті, әдебиеттегі көркемдік ізденістер, жаңа тақырыптар мен жанрлық ізденістер, әдебиет және қоғам мәселелері туралы бағыт-бағдар беру. Негізгі тақырыптар: тәуелсіздік дәуіріндегі туындылардың жанрлық ерекшеліктері, көрнекті қаламгерлердің шығармашылық-зертханалық болмысы, қазақ әдебиетінің Тәуелсіздік дәуіріндегі туындыларын әлем әдебиеті әдеби үдерісі жүйесінде дәстүр сабақтастығы, поэтикалық үндестік, қазақ поэзиясяның жаңа белестер, тәуелсіздік жылдарындағы проза жанры, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Академиялық жазылымның теориясы мен практикасы

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың талдамалық мәтіндік қызметке байланысты құзыреттерін қалыптастыру, қарым-қатынастың мақсаттары мен шарттарына қатысты ойлау алу, тілдің экспрессивті қажетті бірліктерін талдай білуге байланысты лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: академиялық жазылым және оның ерекшелігі, академиялық оқылым әрекеті, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені жазу, іс-қағаздарын жүргізу және т.б.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілі стилистика ғылымының дамуы, қалыптасуы және қазіргі жағдайы туралы теориялық және практикалық білім негіздерін бере отырып, студенттерге лингвистикалық стилистиканың бағыттары және негізгі ұғымдары туралы, әсіресе функциональдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білім беру, кез келген мәтіннің қай стильге жататынын ажырата білуге үйрету. Негізгі тақырыптар: Стилистика және тіл мәдениетінің жалпы мәселелері, стилистиканың жаңа бағыттары, стилистика және жалпы халықтық тіл, мәтін туралы ғылыми көзқарастар, тіл мәдениеті туралы түсінік, лингвистикалық стилистиканың тіл білімінің басқа салаларымен арақатынасы, тіл мәдениеті және стилистикалық қателер, ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы, ғылыми стиль, терминологиядағы норма және оған қойылатын негізгі талаптар, публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі, тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданылысы, грамматикалық стилистика, құрмалас сөйлем стилистикасы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Емле және сөз сазы

    Пән мақсаты – тіл мамандарына дұрыс сөйлеу, сауатты жазу ережелерін меңгертіп, тыныс белгілерінің қызметін, орнын анықтау. Тақырыптары: орфоэпиялық, орфографиялық нормалардың мәнін түсіндіру, сауатты жазуға үйрету, әдеби тіл нормасымен дұрыс сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру т.б..

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық терминдер теориясы

    Пәннің мақсаты - білім алушыларды әлем тіл білімінің негізгі терминдер жүйесімен таныстыра отырып, қазақ тілінің түрлі салаларындағы терминдердің қалыптасу тарихы, уәжділігі, қызметі мен жұмсалымы туралы ғылыми-теориялық түсінік беру. Тақырыптары: Термин және терминология туралы түсінік. Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы. Терминжасам, сөзжасамдық тәсілдердің термин жасаудағы көрінісі. Қазақ терминологиясының тарихи кезеңдері. Қазақ терминологиясындағы терминжасам қағидаттары. Терминография тарихы. Терминжасам үлгілері. Қазіргі қазақ терминологиясы және арнаулы лексика. Терминологияның билингвистикалық мәселелері т.б..

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құжаттама лингвистикасы

    Пәннің мақсаты - білім алушы мемлекеттік тілде нормаға сәйкес іс-қағаздарды жүргізуді меңгереді, мамандыққа қатысты қызметтік хаттар және олардың түрлерін ажыратуды үйренеді, ресми тіл-стилді сақтауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жалпы тіл білімі

    Әлем тілдері, олардың ғылыми сипаттамасы қарастырылып, тіл білімінің тарихын білдіретін және қазіргі тіл білімінің ғылыми парадигмасын құрайтын ғылыми бағыттары, мектептері, теориялары, концепциялары зерттеледі. Бағыттардың сәйкес тілдік концепцияларының мәні, олардың орыс және жалпы тіл білімі тарихындағы орнын анықтау; тіл білімі мен басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде туындайтын, сонымен қатар тілдің аз зерттелген аспектілеріне қатысты мәселелер.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәтін синтаксисі

    Пән мақсаты – білім алушыларға құрылымдық синтаксис пен қатысым синтаксисінің негізгі тұлғасы мәтін туралы терең филологиялық білім беру. Тақырыптары: мәтіннің өзіндік белгілері, құрылымдық ерекшелігі, мәтін түрлері, олар жайындағы ғалымдар көзқарастары, сөйлеммен арақатынасы, күрделі синтаксистік тұтастық-мәтін негізгі тұлға екендігі, мәтіндегі сөйлемдер құрамындағы және семантикасындағы құбылыстар т.б..

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Гуманитарлық, әлеуметтік-саясаттану, қаржылық сауаттылық, құқықтық ғылымдар, экологиялық мәселелердің себептері мен салдарын талдай алады, инклюзивті білім берудің мақсаты мен қағидаттарын біледі және алған білімдерін өмірдің әртүрлі салаларында қолданады.
  • Қазақ әдебиетінің тарихи дәуірлеріндегі лирикалық, драмалық, прозалық шығармалармен танысады, көркем мәтінді теориялық және практикалық тұрғыдан талдайды. Шетелдік, эмигранттық және өңірлік әдебиеттің туындыларын зерделейді.
  • Қазақ тілінің фоно-морфологиялық, лексика-семантикалық, синтаксистік және стилистикалық нормалар жүйесіндегі тарихи өзгерістердің заңдылығын біледі, тіл біліміндегі жаңа ғылыми зерттеулерден хабардар болады, жаңа бағыттағы тіл білімі салаларымен танысады.
  • Қазақ тіл мен әдебиетін жаңартылған білім мазмұнында оқытудың жаңа технологияларын біледі. Педагогикалық шеберліктерін ғылыми және кәсіби қызметінде қолдана алады.
  • Қазіргі ғылыми бағыттың дәстүрлі әдістерін қолдана отырып, лингвистика мен әдебиет теориясы мәселелерінің негізгі ұғымдары мен терминдерін қолдану тәжірибесін игереді және жинақтайды.
  • Қазақтың әдеби және Алаштың тілдік мұрасын, Ахметтанудың жаңа қырларын, жазушының шығармашылық лабораториясын және қазақ жазу тарихы мен қолданбалы лингвистиканың әртүрлі салалары мен тарихын меңгереді.
  • Филологиялық білімі бойынша алған теориялық және практикалық дағдыларын қорытынды аттестаттау барысында қолданады, өз көзқарасын білдіреді және дәлелдей алады.
Top