Хандық дәуір әдебиеті

  • Пәннің мақсаты – хандық дәуір әдебиеті-ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы,көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Мазмұны: Жыраулық поэзия-ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдің құбылысы. Жыраулық поэзия көбіне қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүрген ру, тайпалардың бай мұрасы. Сондықтан жырауылық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктерімен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. Онда әсіресе, бұрын ауыз ідебиетінде көп тараған толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады. Аталған пәнде жыраулық поэзияның дамуы, жыраулар мұрасы және қазақ халқынығ елдік тарихы, жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшелігі хандық дәуір әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы арқылы оқытылады.
  • Образовательная программа 6B02336 Қазақ филологиясы
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 2
Top