Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Ғылыми зерттеу әдістері
-
Пәннің мақсаты ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін қажетті әдіснамалық негіздерді, техникалық дағдыларды және аналитикалық тәсілдерді үйрету. Жобалық тапсырмалар арқылы ғылыми дискурсқа талдау жасау, зерттеу жұмысының әдіснамалық бөлімін (методология) дайындау, зерттеу дизайнын жасау, зерттеу тақырыбына қарай ең тиімді ғылыми зерттеу әдістерін таңдау, жалпы теориялық және практикалық негіздерін үйрету, зерттеу этикасының адамдарды құрметтеу, зерттеуге қатысушыларға гуманды қарым-қатынас жасау және дербес дерректердің сақталуы сияқты принцптерін негізге ала білуді қалыптастыру.Курс барысында докторанттар ғылыми зерттеу әдістерінің негізгі түсініктері мен терминологиясын меңгереді, зерттеу әдістерінің түрлері мен олардың қолдану салаларын біледі, зерттеу дизайнын құрастырудың маңызын түсінеді. Зерттеу нәтижелерін статистикалық талдау әдістерін қолдана отырып, талдайды және зерттеу нәтижелерін интерпретациялап, олардың маңыздылығын бағалайды, зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде тарату үшін қажетті стратегиялар жасай алады, ғылыми зерттеулердің сапасын бағалап, сыни тұрғыдан талдайды және зерттеу нәтижелерінің қоғамға әсерін және ғылыми қауымдастықтағы маңыздылығын бағалайды
-
Образовательная программа 8D01723 Шетел тілі: екі шетел тілі
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1