Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01723 Шетел тілі: екі шетел тілі в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Шеттілдік білім беруде IT технологиялырды қолдану: заманауи шешімдер мен жаһандық трендтер

    Пәннің мақсаты IT технологияларының шетел тілін оқытудағы рөлін түсіндіру, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсету және білім беру процесінде инновациялық шешімдерді енгізуді меңгерту. Шетел тілдерін оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың теориялық және практикалық негіздерін біледі. Пән аясында IT технологиялардың шеттілдік білім беру процесіндегі рөлі мен маңызын, сонымен қатар цифрлық құралдар мен платформаларды қолдану әдістерін меңгереді.IT технологияларының шетел тілін оқытудағы негізгі тұжырымдамаларын, терминдерін және әдістерін тани алады, ақпараттық технологиялардың білім беру процесіне әсерін түсініп, шетел тілін оқытудағы олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды. IT технологияларын шетел тілін оқытуда тиімді пайдалану стратегияларын әзірлей алады, жаңа IT құралдарын интеграциялай отырып, шетел тілін оқытуға арналған инновациялық бағдарламалар мен курстарды жобалайды, тиімділігін бағалап, өз пікірлерін негіздей алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Академиялық хат

    Пәннің мақсаты диссертация, ғылыми мақала, зерттеу материалдарына шолу, баяндама сияқты ғылыми мәтіндердің мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін меңгеру, академиялық жазылым деңгейлерін анықтау, академиялық жазу дағдыларын қалыптастыру. Курс соңында докторант академиялық жазудың негізгі принциптерін, терминологиясын және құрылымын біледі, дереккөздерді дұрыс пайдалану және сілтеме жасау әдістерін меңгереді, жазу стилі мен форматын түсінеді, дереккөздерден алынған ақпаратты тиімді пайдалана алады және зерттеу этикасының принцптерін сақтайды.Жобалау әдісі арқылы жазылған жұмыстарды талдайды, олардың құрылымын және логикасын бағалап, рецензиялау, зерттеу нәтижелерін қорғау және конструктивті пікірлер береді, жаңа идеялар мен тұжырымдар жасайды, жазу процесінде шығармашылық тәсілдерді тиімді қолданады, этикалық нормаларды сақтай біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеудің сапалық әдістері

    Курстың мақсаты докторанттарға ғылыми зерттеулердің сапалық әдістерін тереңірек түсінуге және қолдануға бағытталған. Ғылыми зерттеулерде қолданылатын сапалық әдістердің теориялық және практикалық негіздерін меңгеру. сапалық деректерді жинап, өңдеу және интерпретациялау тәсілдерін үйрету , MAXQDA, DJABOO, QUIRKOS, QUALTRICS сұхбат, фокус-топтар, бақылау, дискурс және контент талдау әдістерін қолдану дағдыларын дамыту. Докторанттар сапалық зерттеудің негізгі терминдері мен концепцияларын, анықтамалары мен принциптерін, ерекшеліктерін біле алады, сапалық зерттеу әдістерінің теориялық негіздерін, интервью, фокус-топтар, бақылау, контент-талдаудың айырмашылықтарын түсінеді. Сапалық зерттеу әдістерін нақты зерттеу жобаларында қолданады және деректерді жинау және талдау әдістерін практикалық түрде жүзеге асыра алады, жиналған деректерді талдайды, талқылай алады, түсіндіре алады және зерттеу нәтижелерін салыстырып,ғылыми мақалаларды ұсынып, сапалық деректерді жинау әдістері, кодтау, тақырыптық талдауда тиімдісін қолдана алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін қажетті әдіснамалық негіздерді, техникалық дағдыларды және аналитикалық тәсілдерді үйрету. Жобалық тапсырмалар арқылы ғылыми дискурсқа талдау жасау, зерттеу жұмысының әдіснамалық бөлімін (методология) дайындау, зерттеу дизайнын жасау, зерттеу тақырыбына қарай ең тиімді ғылыми зерттеу әдістерін таңдау, жалпы теориялық және практикалық негіздерін үйрету, зерттеу этикасының адамдарды құрметтеу, зерттеуге қатысушыларға гуманды қарым-қатынас жасау және дербес дерректердің сақталуы сияқты принцптерін негізге ала білуді қалыптастыру.Курс барысында докторанттар ғылыми зерттеу әдістерінің негізгі түсініктері мен терминологиясын меңгереді, зерттеу әдістерінің түрлері мен олардың қолдану салаларын біледі, зерттеу дизайнын құрастырудың маңызын түсінеді. Зерттеу нәтижелерін статистикалық талдау әдістерін қолдана отырып, талдайды және зерттеу нәтижелерін интерпретациялап, олардың маңыздылығын бағалайды, зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде тарату үшін қажетті стратегиялар жасай алады, ғылыми зерттеулердің сапасын бағалап, сыни тұрғыдан талдайды және зерттеу нәтижелерінің қоғамға әсерін және ғылыми қауымдастықтағы маңыздылығын бағалайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілін оқытуды зерттеудің инновациялық әдістері

    Пәнді оқудың мақсаты шетел тілін оқытудағы заманауи инновациялық әдістерді, пәнаралық тәсілдерді меңгерту, шетел тілін оқытудағы жаһандық стратегияларды қолдану қабілетін AR (action research) арқылы қалыптастыруды, тиімділігін бағалау мен тәжірибеде қолдануды үйрету және педагогикалық іс-әректтің моральдық сипатын,оқытушы мінез-құлқының нормалары мен ережелерін сақтау сияқты педагогикалық этиканы сақтауға дағдыландыру. Докторанттар шетел тілін оқытудағы негізгі теориялар мен әдістерді біледі, әлемдік тәжірибені зерттей алады, жаңа парадигмалар мен жаһандық әдістерді, оқытудағы инновациялық технологияларды меңгереді , инновациялық оқыту әдістерінің түрлерін анықтай алады, түрлі жобалар дайындау арқылы тәжірибеде қолдана алады және зерттеу нәтижелерін ұсынып, қорғайды. Оқу үдерісіндегі мәселелерді анықтап, оларды шешудің жолдарын ұсынады, инновациялық әдістердің тиімділігін бағалайды, оқыту нәтижелерін талдап, оларды жақсарту үшін ұсыныстар жасайды және педагогикалық этиканы сақтай біледі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллектің жоғары білім беру саласындағы стратегиялары мен қолданбалы аспектілері

    Пәннің мақсаты жасанды интеллект технологияларын жоғары білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндіктерін саралау, оқу үдерістерін ұйымдастыру мен ғылыми зерттеу барысында қолдану дағдыларын қалыптастыру, этикалық және құқықтық нормаларды сақтай отырып, ЖИ әдістерімен деректерді жинау, өңдеу, талдау арқылы ғылыми нәтижелердің сапасын арттыруды үйрету. Жасанды интеллекттің негізгі концепцияларын, терминдерін және принциптерін біледі, ЖИ-дің білім беру саласындағы тарихы мен даму кезеңдерін, білім беру процесіне әсерін түсініп, оның білім беру стратегияларын талдайды. Академиялық үдерісте жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдана алады, оқу және зерттеу жұмыстарын автоматтандыру, деректерді талдау, жеке оқу бағдарламаларын құру дағдыларын меңгереді және ЖИ қолданудың этикалық аспектілерін сақтай отырып, заманауи шешімдер қабылдау қабілеттерін меңгереді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеудің сандық әдістері

    Курстың мақсаты – білім алушылар ғылыми зерттеу әдістерінің негіздерін, оның ішінде сандық зерттеу әдістерін, статистикалық талдауды және мәліметтерді жинаудың тәсілдерін түсіндіріп,ғылыми зерттеу жүргізу үшін қажетті дағдыларды сауалнамаларды құрастырып, эксперимент жүргізіп, деректерді жинап және талдап, ғылымдағы нысаналы тәсілдермен таныстырады. Зерттеу нәтижелерін ғылыми қоғам алдында ұсыну, талқылау және пікір алмасу қабілеттерін дамытады. Зерттеу барысында этикалық қағидаттарды сақтап, мәліметтерді жинау мен қолдану кезінде этикалық нормаларды қолданады. Сауалнамалар мен эксперименттер арқылы мәліметтер жинап, оларды статистикалық әдістермен өңдейді. Сандық әдістердің теориялық негіздерін жобалық тапсырмалар арқылы ғылыми зерттеулерде қолдану жолдарын, деректерді жинау, талдау және интерпретациялау тәсілдерін меңгерту, сандық әдістердің сенімділігін, валидтілігін бағалау және статистикалық бағдарламалық құралдарды тиімді қолданудың және зерттеу нәтижелерін қорғаудың әдістерін үйретеді. Jamovi, JASP және SPSS қосымшасымен жұмыс жасау; Т-тест, дескриптивтік талдау, корреляция, факторлы талдау әдістерін қолданады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми жазу стилін, ғылыми лексиканы, терминологияны және синтаксистік құрылымдарды дұрыс қолдануды меңгереді, академиялық стандарттар мен ғылыми журналдардың талаптарын ескере отырып, өздерінің және басқа зерттеушілердің пікірлерін талдап, өңдейді. Ғылыми ақпаратты ұсыну әдістерін біліп, зерттеудің гипотезасын, мақсаттары мен міндеттерін анықтап, зерттеу әдістерін сипаттап,ғылыми зерттеудің нәтижелеріне түсініктеме беріп, қорытындылайды
  • Ғылыми зерттеулерді жүргізудің теориялық негіздері мен заманауи тәсілдерін, ғылыми жұмысты ұйымдастыру принциптерін және зерттеу стратегиясын құрудың әдіснамалық негіздерін біледі. Ғылыми ақпаратты жинау, талдау және түсіндіру әдістерін таңдап, оларды тиімді қолданады. Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті ақпараттарды жинау, оларды талдау, ақпараттарға түсініктеме беру және олардың нәтижесін ғылыми зерттеуде пайдалана алады.Ғылыми мақалалар, баяндамалар, әдебиеттерге шолулар және басқа да ғылыми мәтіндерді академиялық жазба талаптарына сай жазады.
  • Зерттеу мәселелерін нақты анықтап, соған сәйкес негізделген зерттеу жобаларын жасайды, әдіснаманы дұрыс таңдап, зерттеуге қатысты ақпараттарды жинап, талдайды. Ғылыми зерттеу жүргізу үшін заманауи технологиялар мен цифрлық құралдарды қолданады, оқу материалдарын құрастырып оларға талдау жасайды,тілді оқытудағы инновациялық әдістерді құрастырып, оларды оқу үдерісіне енгізеді. Тілдерді оқыту саласындағы түрлі зерттеу әдістерін қолданады және нақты зерттеу мәселелеріне сай тиімдісін таңдайды.
  • Сапалық және сандық зерттеу әдістерінің ұғымдарын,айырмашылықтарын қолдану салаларын түсінеді. Ғылыми зерттеудің проблемасын айқындап, зерттеу сұрағын нақты қояды, сандық және сапалық әдістерді нақты зерттеу мақсатына сай қолданады. Деректерді жинап, түрлі бағдарламаларды өңдей алады.
  • Шетел тілдерін оқыту барысында IT технологияларын қолданудың практикалық әдістерін меңгереді, соның ішінде онлайн-курстар, мобильді қосымшалар және мультимедиялық материалдарды пайдаланады. Пәнді оқыту нәтижесінде заманауи IT құралдары мен платформалары туралы терең білім алады, соның ішінде әлеуметтік желілер, веб-сайттар және электронды оқу материалдарымен жұмыс жасайды.
  • ЖИ-дің негізгі ұғымдарын түрлерін даму кезеңдерін түсініп, оның білім беру технологиясымен байланысын ажыратады. Жоғары білім беру саласында қолданылатын ЖИ құралдарын талдап, тиімділігін бағалайды және білім беру ұйымының ерекшелігіне сйәкес ЖИ енгізудің стратегиясын құрастырады.ЖИ –дің жоғары білім берудегі даму перспективасын болжап, кәсіби саласына бейімдей алады.
Top