Педагогика

  • Оқытылатын мәселелер: педагогика ғылым ретінде: педагогиканың объектісі, пәні, міндеттері мен функциялары; педагогиканың категориялық аппараты; дидактикалық концепциялар мен оқу принциптері; білім беру педагогикалық процесс ретінде; оқытудың формалары мен құралдары; тәрбие мәні, түрлері және оның білім беру процесінің тұтас құрылымындағы орны; тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері; отбасы - педагогикалық өзара әрекет субъектісі және тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы социокультуралық орта. Қалыптастырылатын құзыреттер: оқыту мен тәрбиенің теориялық негіздерін білу; оқу және тәрбие бағдарламаларын талдау және әзірлеу әдістеріне дағдылану; дидактиканың жалпы принциптерін білу және оларды пәндік оқыту әдістемелерінде жүзеге асыру жолдарын меңгеру; педагогикалық процесстің мақсатын, принциптерін, мазмұнын, әдістерін, құралдары мен формаларын анықтау дағдыларын, ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістерін қолдану, білім беру процесінің сапасын бағалау; алған педагогикалық білімдерін оқу және кәсіби қызметте қолдану қабілеті.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top