Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Педагогикалық риторика
-
Пән болашақ педагогтің кәсіби сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, білім беру үдерісінде тиімді қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік береді. Студенттер риторика ұғымы мен педагогикалық шешендіктің негізгі заңдылықтарын меңгеріп, оның маңызын түсінеді. Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана отырып, аудитория алдында сөз сөйлеу машықтарын дамытады. Сөйлеу құрылымдары мен қарым-қатынас тәсілдерін талдау арқылы тілдік құралдардың әсерін бағалай алады. Пәнді оқу барысында студенттер түрлі жағдаяттарға байланысты сөйлеу стратегияларын құрастырып, кәсіби сөйлеу үлгілерін жасайды. Сонымен қатар, өз сөзінің тиімділігін және коммуникативтік мақсатқа жету деңгейін сын тұрғысынан саралап, өзін-өзі жетілдіру жолдарын айқындайды. Бұл пән мұғалімнің тілдік, мәдени және тұлғалық құзыреттілігін дамытуда маңызды рөл атқарады.
-
Образовательная программа 6B01302 Бастауыш білім (IP)
-
Несиелер 5
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 2
-
Семестр 1