Заманауи педагогика

  • Мақсаты: болашақ мұғалiмдердi педагогика теориясы, тарихи салаларындағы іргелі білімдермен қаруландыру арқылы кәсіби педагогикалық ойлауын, мектептің тұтас педагогикалық процесін тиімді ұйымдастыру және жүзеге асыру құзыреттіліктерін құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: Қазіргі қоғамдағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері. Педагогикалық кәсіп пен педагогикалық іс-әрекет. Педагогтың кәсіби құзіреттілігі және кәсіби шеберлігі. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні мен ерекшеліктері. Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың әдіснамалық негіздері мен зерттеу әдістері. Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы мен тәрбиесі. Тәрбиенің мәні, оның мақсатының әлеуметтік тұрғыдан негізделуі. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны. Тәрбиенің жалпы әдістері. Абайдың „Толық адам“ идеясының тәрбиелік мәні. Киберкеңістікте тұлғаның әлеуметтенуі. Киберкеңістіктің мүмкіндіктері мен тәуекелдері. Оқыту – тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі. Қазіргі мектептегі электронды (Е-learning) оқыту жүйесі. Білім берудегі жасанды интеллект. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері. Оқытуды ұйымдастырудың формалары мен құралдары. Қазіргі сабақ, оның типологиясы мен ұйымдастыру. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары. Цифрлық білім беру технологиялары. Оқытудың дәстүрлі, белсенді және интербелсенді әдістері. Оқытудағы диагностика және бақылау. Педагогикалық жүйелерді менеджмент негізінде басқару. Мектепішілік басқару жүйесі. Мектепішілік бақылау. Мектеп жұмысын жоспарлау және мұғалімдерді аттестаттау. Заманауи білім берудегі жасанды интеллект және оның артықшылықтары. Жасанды интеллектті қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері.
  • Образовательная программа 6B01911 Арнайы педагогика
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top