Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
-
Оқытылатын мәселелер: Cөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдарға жалпы шолу. Сөздің құрамы және морфемалардың түрлерін, сөз формалары және олардың жасалу тәсілдерін үйрену. Сөз таптарын топтастыру принциптері мен жіктелуі, жасалу жолдары туралы мәлімет беру. Сөзжасам – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы.Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады.Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы,сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық зандылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады. Бір сөзбен айтқанда, сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Қалыптастырылатын құзыреттер: сөздің құрылымын және оның грамматикалық формаларын түсіну, морфемаларды тану және сөзжасамды талдау, жағдайға байланысты сөйлеуде әртүрлі сөз формалары мен сөздерді қолдану, мәлімдемелерді құрудағы дәлдік, сөздердің қалыптасу логикасын және олардың морфологиялық өзгерістерін түсіну, практикалық тапсырмаларды орындау кезінде теориялық білімді қолдана білу, морфологиялық талдау жасау және сөздіктермен жұмыс.
-
Образовательная программа 6B01721 Қазақ тілі мен әдебиеті
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 2
-
Семестр 4