ХІХ ғасыр әдебиеті

  • Оқытылатын мәселелер: ХІХ ғасыр әдебиеті – үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. Сондықтан бұл курстың негізгі міндеті филолог студенттерді ХІХ ғасыр әдебиетіне байланысты жалпы қазақ әдебиеті тарихына қатысты бұрын-соңды жасалған, тиянақталған зерттеу нәтижелерін меңгере отырып, ХІХ ғасыр әдебиет үлгілерінің көркемдік табиғаты, әлеуметтік негіздері жөнін әрі қарай зерделеуге тарту, ХІХ ғасырдың әдебиеттің тарихы,қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ұлт ой-санасын оятудағы міндетін айқындау. Қалыптастырылатын құзыреттер: көркем мәтінді талдау және тақырып бойынша сөйлеу дағдылары, шығармаларды түсіндіру арқылы ауызша және жазбаша сөйлеуді дамыту, жанрды, тақырыпты, идеяны, композицияны, әдеби кейіпкерлерді, көркемдік құралдарды, авторлық позицияны талдау, ұлттық және әлемдік әдеби мұраны білу, шығармаларды салыстырып, қорытынды жасай білу, дәлелді пікір білдіре білу, мәтіндермен жұмыс істеу, әдеби талдау жасау.
  • Образовательная программа 6B01721 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 6
Top