Медиапсихология

  • Пәннің мақсаты: қоғамда болып жатқан психологиялық үдерістердің ерекшеліктерін, журналистік шығармашылық басымдықтарын, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәтіндерді құру және қабылдау барысын түсіну дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мазмұны: Білім алушылардың қоғамдағы қарым-қатынас негізінде жатқан психологиялық заңдылықтар туралы жүйелі түсініктерін қалыптастырады. Философия, әлеуметтану, журналистика теориясы, әлеуметтік психология пәндерінің тұжырымдамалық аппараты мен терминдерін кеңінен қолданады. Студенттердегі медиапсихология жөніндегі, оның пәндік саласы, зерттеу қағидалары мен бағыттары жөніндегі ғылыми ұғым-түсініктерін қалыптастыру. Массмедиа жүйесі, оның рөлі, функциясы, заманауи әлемдегі түрлері жөніндегі біртұтас ұғым-түсініктер құру. Медиапсихология саласындағы заманауи зерттеулердің жетістіктерін талқылау. Студенттерді массмедиа эффектілерін зерттеудің негізгі әдістері мен әдістемесімен таныстыруды жүзеге асыру.
  • Образовательная программа 6B03220 Журналистика
  • Несиелер 6
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top