Конвергентті журналистика

  • Пәннің мақсаты: Қазақстандық телеарналардың, дәстүрлі медианың және ақпараттық порталдардың конвергенттік өзгешеліктерін зерттеу, сондай-ақ, құрылымын, бағытын, аудиториясын, контентін анықтау. Пәннің мазмұны: Бұқаралық ақпарат құралдары конвергенциясы конвергентті журналистиканы қазіргі журналистік қызметтің жаңаруының негізгі факторына айналдыра отырып, жаңа өндірістік медиақұрылымдарды енгізу мен қалыптастыруды, инновациялық модельдерді шығаруды көздейді. Студенттерге конвергентті журналистиканы сипаттайтын негізгі ұғымдарды түсіндіру. Студенттерде қазіргі заманауи конвергентті журналистиканы дамыту заңдылықтары жөніндегі жүйелі ұғым-түсініктерді қалыптастыру. Ақпараттық қызметтің әралуан субьектілерінің кәсіби мәдениетінің мәнін ұғынумен байланысты білімдерді игерту. Қазақстандық және әлемдік БАҚ тарихи, заманауи тәжірибесі мәніндегі журналистиканың негізгі әлеуметтік қызметін, көпшілік қатысым құралының жүйесі ретіндегі БАҚ рөлін көрсету.
  • Образовательная программа 6B03220 Журналистика
  • Несиелер 6
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 2
Top