Операторлық шеберлік

  • Пәннің мақсаты: Деректі, ақпараттық кадрлар жиынтығын құрастыруды, мәтін мен дыбысты, микрофондық жүйелерді меңгерту. Бейнекадр жиынтығына мәтін жазу мен студиялық телехабарлар ұйымдастыру дағдыларын дамыту. Телехабардың шығармашылық жоспарын құруды, бейнекамераның конфигурациясын қоюды, түр мен түстің символикалық фонын игерту. Пәннің мазмұны: Білім алушылардың тележурналистика және бейнетүсірілім туралы нақты ұғымдарын қалыптастырады, тележанрлық шығарылымдардың теориялық табиғатымен таныстырады. Бейнекадр жинақтау, мәтін мен әуен таңдау, эфирлік өнім әзірлеу барысындағы ішкі рухани шығармашылықтың үйлесімділігін қалыптастырады. Студент-журналистің оператормен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, қағидаларын түсіндіру. Студенттерді операторлық қызметпен таныстыру, түсіру қағидаларымен, тәртіптерімен, жабдықтарды пайдалану ережелерімен таныстыру, кадрдың композициялық құрылымын құрастырудың негіздерімен, жанрға байланысты операторлық жұмыс ерекшелігі жөніндегі ұғымын қалыптастыру.
  • Образовательная программа 6B03220 Журналистика
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top