Радиожурналистика жанрларының мазмұны мен пішіні

  • Пәннің мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде белгілі бір мағлұматтарын игерту, интернет сайттарында түрлі жанрда материал әзірлеу дағдыларын дамыту, болашақ журналистердің радиода жұмыс жасау, ақпарат жазу шеберліктерін қалыптастыру. Пәннің мазмұны: Қазақстанда радиохабар таратудың даму кезеңдері, құрылымы, оның жанрлары мен пішіндері, радиохабарларды әзірлеу әдіс-тәсілдері, әуе толқынындағы ақпараттың мазмұны мен оны байытудың жолдарын нақтылайды. Радиоарнада жұмыс істеуге, ақпарат табуға, әртүрлі жанрлар мен стильдерді қолданып хабар жасауға, тікелей эфирде бағдарлама жүргізуге үйретеді. Студенттерді БАҚ түрлері ретіндегі радио және теледидар ерекшеліктерімен таныстыру, жүзеге асыру. Заманауи электронды БАҚ жанрлық жүйелері, радио және теледидар ерекшеліктері жөніндегі ұғым-түсініктер, радио және тележурналистің қызметінің негізгі сипаттамалары жөніндегі ұғым-түсініктер, әралуан жанрлардағы радиолық журналистік туындыларды жасау бойынша жұмыс істеу дағдылары, көпшілік ақпарат құралдары ретіндегі радио және теледидар табиғаты мен ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер қалыптастыру.
  • Образовательная программа 6B03220 Журналистика
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top