Тележүргізушінің шеберлігі

  • Пәннің мақсаты: Білім алушыларды тікелей эфирдегі сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық шеберлікке, кәсіби біліктілікке баулу арқылы оларды кәсіби маман ретінде қалыптастыру, теория мен тәжірибені ұштастыру. Пәннің мазмұны: Қазақ телеарналарында бағдарламалар әзірлеудің қалыптасқан ұлттық бағдарын талқылап, бүгінгі телебағдарламалармен салыстыра талдайды. Қазақ теледидары тарихында өзіндік қолтаңба қалдырған танымал тележүргізушілердің шығармашылығын зерттейді, білім алушылардың олардың шеберлік мектептерінен тәлім-тәрбие алуына мүмкіндік туғызады. Студенттерді телерадиожурналистика саласында хабар жасауға, бағдарлама түсіруге, сценарий жазуға, тақырыпқа сай кейіпкер табуға машықтандыру. Білімгерлерге тікелей эфирде хабар жүргізудің ерекшеліктері жөнінде түсінік беру. Телеарналардағы журналист этикасын меңгеру, дауыс, ырғақ, үнді, микрофонды орынды қолдану дағдыларын дамыту.
  • Образовательная программа 6B03220 Журналистика
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 2
Top