Химия бойынша оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру және жасанды интеллект

  • Курс болашақ мұғалімдердің жобалық іс-әрекетін басқару және ұйымдастыру қабілетін қалыптастырады, жоба жасаудың практикалық механизмдерін жасанды интеллект (ЖИ) технологияларымен ұштастырып жүзеге асыруға үйренеді. Курс химиядан сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда оқу жобаларын жүргізуде зерттеушілік дағдыларды пайдалануға, білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану мен оқу үрдісінің субъектілерімен өзара әрекеттесуге, жасанды интелект технлогиясын қолдану арқылы озық педагогикалық тәжірибені жалпылауға, химияны оқытуға жобалық іс-әрекетті өз бетінше ұйымдастыра білуге ықпал етеді. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: •мектептегі оқушыларға химиядан жобалық іс-әрекеттерді ұйымдастырады және жоспарлайды; • проблемаларды шешуге негізделген бірлескен белсенді зерттеулерді өздігінен ұйымдастыруға бағыт-бағдар және кеңес береді; • әзірленген критерийлер бойынша топтың жобалық қызметін бағалайды; • оқушыларды зерттеу тақырыбы бойынша өз пікірлерін дәлелдей білуге үйретеді. • ЖИ модельдері мен құралдарын педагогикалық мақсатта қолданады.
  • Образовательная программа 6B01522 Химия (IP)
  • Несиелер 4
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top