Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01522 Химия (IP) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Химия ғылымы саласындағы концептуалды білімі бар, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістемесі, іскерлік және басқарушылық қабілеті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, игерілген құзыреттіліктер негізінде педагогикалық қызметті жүзеге асыра алатын химия пәні мұғалімін дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 254
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Химияға кіріспе
Химиядағы математика мен физика
Түрік тілі (А1)
Бейорганикалық химия
Түрік тілі (А2)
Химиялық байланыс және құрылым
Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
-
2 Оқу жылы
Қаржылық сауаттылық
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Ғылыми зерттеу әдістері
Аналитикалық химия
Түркі мемлекеттер тарихы
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саласындағы зерттеу дағдылары
Ататүрік принциптері
Атом құрылысы және периодтылық
Экология және өмір қауіпсіздігі
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары.
Химиядағы жобалау және мәліметтерді өңдеу
Химиялық талдау
Ясауитану
Оқыту әдістері мен технологиялары
Педагогикалық зерттеулер.
Хемометрика
Академиялық жазылым
Ерітінділер химиясы
-
3 Оқу жылы
Физикалық химия
Мектепте химияның құрылымдық-мазмұндық бөлімдерін оқыту
Бағалау және дамыту
Көміртек және оның қосылыстарының химиясы
Химиядан есептер шығару
Инклюзивті білім беру ортасы
Тұрмыстағы химия
Кинетика және катализ
Биохимия
Қоршаған орта химиясы
Табиғат нысандарының биогеохимиялық талдауы
Термохимия
Экологиялық білім беру және тұрақты даму
Оқытуды жоспарлау және дербес оқыту
-
4 Оқу жылы
Химиялық өндіріс негіздері
Химиялық синтездеу өнері
Электрохимия
Нанохимия
Радиохимия
Коллоидты химия
Зерттеулер, даму және инновациялар
Химия бойынша оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру және жасанды интеллект
Полимерлер химиясы
Химия сабақтарындағы CLIL
STEM-білім беру
Химия зертханасы және тәуекелдерді басқару
Профессии
Оқыту нәтижелері
- қоршаған орта шынайылығын қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде, табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми-философиялық білім әдістерімен ғылыми түсінуді және зерттеуді қамтамасыз ететін философиялық таным арқылы, Қазақстанның тарихи және құқықтық-экономикалық дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және ерекшеліктерін терең түсіну мен талдауды ескере отырып, бағалау
- білім алушыға бағытталған, құзыреттілікке негізделген, инклюзивті көзқарас және салауатты өмір салтын қолдауға бағдарлану қағидаттарын ескере отырып, білім беру ортасының әртүрлі түрлерінде педагогика және психология бойынша білімдерді қолдану
- өзінің педагогикалық және кәсіби қызметіне, педагогикалық дамуы мен кәсіби әл-ауқатына қажетті кәсіби қарым-қатынастарды конструктивті түрде құру
- ақпарат пен зерттеу нәтижелерін алу, өңдеу және ұсыну үшін тілдік құзыреттерді, цифрлық ресурстарды, жасанды интеллект технологияларын және озық инновациялық тәжірибені пайдалана отырып, педагогикалық зерттеулерді жоспарлау және химиялық экспериментті құру кезінде ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін қолдану
- заттардың өзгеру заңдары мен заңдылықтарын жаратылыстану тұрғысынан негіздеу үшін химияның негізгі бөлімдерінің теориясы мен жалпы теориялық ережелері туралы концептуалды білім мен түсінікті көрсету
- эксперименттік зерттеулер мен ғылыми, зертханалық және оқу-әдістемелік сипаттағы әртүрлі тәжірибеге бағытталған тапсырмалардың нәтижелерін талдау және бағалау кезінде пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру
- білім алушының жеке дамуын түзету үшін педагогикалық зерттеулерде, оқу үрдісіндегі білім алу, практикалық және кәсіби мәселелерді шешуде практикалық білік, дағдыларын қолдану
- күнделікті кәсіптік іс-әрекетке және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті сабақтас ғылымдар бойынша білімдерін синтездеу