Қазақстанның ежелгі тарихы

  • Пән Қазақстанның ежелгі тарихының негізгі мәселелерімен, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және этникалық дамуының археологиялық материалдар негізінде зерттелген үдерістері мен тенденцияларымен таныстырады. Сонымен қатар, алғашқы қауымдық қоғамның қалыптасуы мен дамуы, өндірістік шаруашылықтың пайда болуы, тайпалар арасындағы мәдени-экономикалық байланыстардың дамуы, қола дәуіріндегі прогреске әсер еткен факторлар, өзіндік мәдениет қалдырған тайпалардың шығу тегі, көшпеліліктің пайда болуы мен дамуы, сақ-скиф мәдениеті, Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттік құрылымдардың тарихын ашып көрсетеді. Пән барысында тарихи білімдерді қолдану, тарихи дамудың механизмдері мен заңдылықтарын түсіндіру, тарихи деректерді талдау және интерпретациялау, тарихи оқиғаларды жан-жақты талқылап, әртүрлі көзқарастар тұрғысынан бағалау қабілеттері қалыптасады.
  • Образовательная программа 6B01511 География-тарих
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top