Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01511 География-тарих в ABU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Инновациялық білім беру саясатының міндеттерін жүзеге асыруда кәсіби және кәсіптіктен жоғары құзыреттілігі бар, бәсекеге қабілетті география және тарих пәні мұғалімін дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Alikhan Bokeikhan University
-
Оқу мерзімі 5 года
-
Кредиттер көлемі 300
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Педагогика
Психология және адам дамуы
Тұрақты даму және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Экономикалық-құқықтық білім негіздері
Жас ерекшеліктік физиологиясы және мектеп гигиенасы
-
2 Оқу жылы
Қазақстанның ежелгі өркениеттер тарихы
Білім берудегі менеджмент
Ежелгі Шығыс тарихы
Ежелгі дүние тарихы
География және тарих пәні мұғалімі мамандығына кіріспе
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Қазақстанның ежелгі тарихы
Жаратылыстану
Жалпы жертану
Ортағасырлардағы дәстүрлі қоғам тарихы
Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы
Ортағасырдағы Азия және Африка елдерінің тарихы
Археология
Инклюзивті білім беру
Ортағасырлар тарихы
Ортағасырдағы Қазақстан тарихы
-
3 Оқу жылы
Жаңа кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің тарихы
Палеогеография
Картография топография негіздерімен
Қолданбалы мінез-құлық талдау негіздері
Геология және геоморфология негіздері
Жаңа кезеңдегі Азия және Африка елдерінің тарихы
Бағалау және дамыту
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Картография тарихы
Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның тарихи дамуы
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Қазіргі кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің тарихы
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
Кәсіби бағытталған шет тілі
Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықта
Қазақстанның физикалық географиясы
Қазақстанның саяси және әлеуметтік географиясы
-
4 Оқу жылы
Метеорология климатология негіздерімен
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Гидрометеорология негіздері
Білім беру процесіндегі сандық технологиялар
Критериалды бағалау және оқыту технологиялары
Гидрология және су ресурстарын қорғау
Географияны оқыту әдістемесі
Тарихты оқыту әдістемесі
Зерттеулер, даму және инновация
Музейтану
Тарихи география
Урбоэкология
Туған өлкенің тарихы
Қосалқы тарихи пәндер
Қазақстан халықтарының рухани мәдениетінің тарихы
Қалалар географиясы
Географиялық ашылулар тарихы
Қазақ халқының этнографиясы
Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы
Деректану және тарихнама
Табиғатты пайдалану негіздерімен геоэкология
Қазақстан өңірлерінің географиясы
Геоэкономика және саяси география негіздері
-
5 Оқу жылы
Географияны оқытудағы геоақпараттық жүйелер
Рекреациялық география
Табиғи-антропогендік жүйелерді зерттеуде геоақпараттық жүйелерді қолдану
Оқытуды жоспарлау және оқытуды дербестендіру
Оқытудағы инновациялық технологиялар
Қазақстанның туристік-рекреациялық аймақтары
Ғылыми зерттеу негіздері
Ғылыми зерттеудің теориясы мен әдістемесі
Ландшафттану
Аридизация
Географияны оқытуда АКТ пайдалану әдістері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тұрақты даму мен тіршілік қауіпсіздігінің, құқықтық және экономикалық сауаттылықтың негізгі тұжырымдамаларын саналы түрде қабылдап, түсіндіре алады, нормативтік-құқықтық, экономикалық және экологиялық құралдарды кәсіби және әлеуметтік қызметінде қолданады, қабылданған шешімдердің салдарын талдап, сын тұрғысынан бағалайды, сондай-ақ тәуекелдерді азайтуға, тұрақтылықты арттыруға және этикалық және құқықтық нормаларды сақтауға бағытталған кешенді мінез-құлық стратегияларын әзірлейді
- Кәсіби бағытталған ауызша және жазбаша мәтіндердің, оның ішінде ғылыми-техникалық сипаттағы мәтіндердің функционалдық ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін қолдану; ауызша және жазбаша сөйлеуде кәсіби сөйлеуге тән негізгі грамматикалық бірліктерді танып, қолдану; кәсіби қарым-қатынас шеңберінде шет тіліндегі қарым-қатынасты жүзеге асыру.
- Қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық ғылымның негізгі ережелері мен категориялары, даму физиологиясы және мектеп гигиенасы туралы білімдерін көрсету, практикалық педагогикалық қызметте оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу іс-әрекеті мен инклюзивті білім берудің әдіснамасы мен технологиясын қолдану дағдыларын, сондай-ақ мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару.
- География және тарихты оқыту әдістерін, әдістемелік тәсілдерді, оқыту құралдарын меңгереді; сабақтарда білім беру процесін құру білімдері мен дағдыларын қолданады, оқушылардың танымдық іс-әрекетін болжайды; білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ жоспарларын құрастырады; инновациялық оқыту тәсілдері мен технологияларын әзірлейді, жаңартады және қолданады.
- Көне және ортағасырлық тарихтың тарихи процестері, құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін және түсініктерін көрсетеді; тарихи деректерді талдау және түсіндіру қабілетін меңгереді; тарихи сипаттау және түсіндіру, талдау және бағалау әдістерін игереді; базалық ғылыми-теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды оқу процесінде, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметте қолдану дағдыларына ие болады.
- Жаңа және қазіргі заманғы отандық және әлемдік тарихтың тарихи даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын білуін, түсінуін көрсету, тарихи оқиғалардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтап, сыни тұрғыдан талдай білу, тарихи таным әдістері мен қазіргі заманғы тарихи ғылым концепцияларын қолдана отырып тарихи материалды интерпретациялау, ғылыми-тарихи ақпаратқа аналитикалық тұрғыдан қарау дағдыларын меңгеру.
- Дереккөздердің әртүрлі түрлерінің – жазбаша, ауызша, заттай, этнографиялық және т.б. ерекшеліктерін білуді және түсінуді көрсете алады; тарихи ақпаратты біріктіре біледі; тарихи пәндерді тану әдістерін қолдана отырып, тарихи дереккөздерді талдау және түсіндірудің практикалық дағдыларын меңгереді.
- Тарих ғылымының деректік базасын, тарихи деректердің негізгі кешендерін, отандық және шетелдік тарихнамадағы тарихты зерттеу мәселелерін, тарихи деректерді түсіндіру мен ғылыми интерпретациялаудағы танымдық қызметтің ғылыми әдістерін білуін және түсінуін көрсету, ғылыми зерттеулерде тарихи білімді деректанулық талдау мен тарихнамалық тұрғыдан меңгеру дағдыларына ие болу.
- Географияның әдіснамалық негіздері мен теориялық мәселелерін, оларды шешу тәсілдерін, география ғылымының қазіргі мәселелерін жіктеу, теориялық және практикалық білімдерін география және оны оқыту әдістемесі саласындағы оқу, практикалық және кәсіптік мәселелерді шешуге қолдану туралы түсінігі мен білімін көрсету.
- Табиғаттың іргелі заңдары, биосфера және қоғамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі туралы тұтас түсінік алады, экологиялық ойлау негіздерін меңгереді, урбанизация жағдайындағы антропогендік жүктеменің салдарын талдайды, экологиялық және урбоэкологиялық мәселелерді шешуде тұрақты даму қағидаларын қолданады, табиғи процестерді ғылыми талдаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың базалық дағдыларын меңгереді.
- Қазақстан мен әлемнің әлеуметтік-экономикалық, саяси-географиялық және рекреациялық үдерістері, аумақтардың кеңістіктік ұйымдасуы, өңірлік ерекшеліктері мен географиялық сипаттары туралы кешенді білімге ие болу – аумақтық жүйелерді талдау, өңірлердің ресурстары мен әлеуетін бағалау дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ география, өңірлік жоспарлау және туризм салаларында негізделген шешімдер қабылдау қабілетін дамытады.
- Физикалық географияның теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша білімді қолдану; табиғи-аумақтық кешендерді зерттеу әдістемесін меңгеру; табиғи ортаны оңтайландыру жолдарын білу; аумақтардың климаттық, гидрологиялық және табиғи сипаттамаларын құрастыру; картографиялық материалдармен жұмыс істеу дағдыларын, геоэкологиялық талдау әдістерін, аумақтарды экологиялық қалпына келтіру тәсілдерін меңгеру; алған білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу.
- Критериалды бағалау әдістемесінің негіздерін меңгереді, оқу процесінде бағалау технологияларын тиімді қолдана алады; бағалау рәсімдерін жүргізуге арналған әдістемелік құралдарды әзірлеу және оқыту әдістемесін түзету дағдыларына ие; оқу процесін мониторингтеу арқылы оқушылардың география мен тарих пәніне деген мотивациясын жасанды интеллект көмегімен дамыта отырып, оқу үдерісін қызықты әрі тартымды ететін интерактивті сабақтар мен виртуалды шеберлік сабақтарын құрастыра алады.
- Географиялық түсініктер мен картографиялық әдістердің тарихи дамуы туралы терең білімге ие болу, аумақтарды игеру мен зерттеу үдерісін, табиғи ортаның әртүрлі тарихи дәуірлердегі өзгеру динамикасын талдау, кеңістіктік-уақыттық үдерістерге кешенді талдау жүргізу, тарихи-географиялық ойлау қабілетін қалыптастыру және тарихи деректерді қазіргі ғылыми әрі практикалық зерттеулерде пайдалану дағдыларын дамыту.
Ұқсас БББ
6B01511 География-Тарих
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01511 География-Тарих мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01511 География және тарих
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01511 География-Тарих
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01511 География және тарих
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)