Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Сәулелік диагностика және терапияның аспаптық әдістері
-
Пәннің мақсаты:Студенттердің сәулелік диагностика мен емдеуді жүзеге асыруда қолданылатын аппараттық құралдар мен технологиялар саласындағы теориялық және практикалық құзыреттерін қалыптастыру. Негізгі назар физикалық негіздерді, жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктерін, бейнелеу әдістерін, дозиметрияны және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін түсінуге бағытталады.Пәннің мазмұны:Иондаушы сәулеленудің физикалық негіздері;Сәулеленудің биологиялық тіндермен өзара әрекеттесу принциптері;Сәулелік диагностика әдістерінің жіктелуі (рентгенография, флюорография, компьютерлік томография (КТ), позитрон-эмиссиялық томография (ПЭТ), сцинтиграфия); Сәулелік терапияның негізгі түрлері (қашықтықтан, контактілі, брахитерапия, радиохирургия);Диагностикалық және терапевтік аппаратураның құрылымы мен жұмыс істеу принциптері; Медициналық бейнелерді алу және визуализациялау әдістері; Радиациялық дозиметрия негіздері; Сәуле дозасын есептеу және бақылау әдістері;Науқастар мен медициналық персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;Сәулелік емдеуді жоспарлау алгоритмдері;Аппаратура сапасына қойылатын талаптар және стандарттау мәселелері;Диагностикалық деректерді арнайы бағдарламалық ортада модельдеу және өңдеу (мысалы, DICOM қарау құралдары, MATLAB, Eclipse және т.б.);Клиникалық жағдайларды талдау және техникалық нәтижелерді интерпретациялау;Аппаратурамен жұмыс істеу және сәулелену параметрлерін есептеу бойынша практикалық сабақтар.
-
Образовательная программа 6B07109 Медициналық инжиниринг
-
Несиелер 5
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 4
-
Семестр 1