Макро және микроэкономика

  • Пәннің мақсаты әлеуметтік-экономикалық үрдістер туралы отандық және шетелдік статистиканың мәліметтерін талдау және түсіндіру, макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеру себептерін анықтау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:  мемлекеттік макроэкономикалық саясаттың тиімділігін бағалау, макроэкономикалық талдау тұрғысынан ел экономикасында қалыптасқан жағдайға баға беру.  әртүрлі елдердегі макроэкономикалық саясаттың нәтижелілігін салыстыру;  зерттелген өзара байланыстар мен модельдерге сүйене отырып, елдің экономикасы мен фирмалар деңгейіндегі нақты жағдайларды талдау;  жүргізілген экономикалық саясатқа сүйене отырып, болжамдарды сапалы деңгейде құру және қорытынды жасау, статистикалық деректерді талдау және экономикалық айнымалылардың арасындағы сандық тәуелділікті құру тәсілдері туралы түсінік болу;  ғылыми ақпаратты (теориялық-әдіснамалық принциптерді, ғылыми экономикалық мектептерді дамытудың негізгі бағыттарын) жалпылау, жүйелеу, әлемдік экономиканың даму вариативтілігі және Ұлттық экономика үшін осыған байланысты салдар туралы түсінікке ие болу. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Тұтынушылардың мінез-құлқы. Алмастыру және табыс әсері. Өтемақылық сұраныс. Тұтынушы пайдасы. Айқындалған артықшылықтар теориясы. Нарықтық сұраныс. Өндірістік функциялар және ғылыми-техникалық прогресс. Жетілмеген бәсекелестік жағдайында нарықтық өзара әрекеттесу. Жалпы экономикалық тепе-теңдік және әлеуметтік қамсыздандыру. Нарық сәтсіздіктері және мемлекеттің реттеуші рөлі. Сыртқы сауданың микроэкономикасы. Жиынтық сұраныс. Уақытаралық таңдау теориясы. Кейнстік және неоклассикалық инвестициялық модельдер. Инвестициялық үрдістің акселератор моделі. Тобиннің q-теориясы. Классикалық және кейнстік теориялардағы жиынтық ұсыныс. Ақша. Сұраныс пен ұсыныс. Тауарлар, ақша және еңбек нарықтарындағы жалпы тепе-теңдік. Экономикалық циклдар. Мультипликатор-акселератор өзара әрекеттесу моделі. AD-AS үлгісіндегі импульстарды тарату. Ашық экономикадағы инвестициялар, жинақ және ағымдағы шот. Макроэкономикалық саясат теориясы. Мақсаттар мен құралдар.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top