Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M01504 Физика в Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 1. «7М01502-физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері 1.1 «7М01502-физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының мақсаты: 1.1.1 -іргелі ғылыми немесе кәсіби дайындығы бар, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, зерттеу саласын жүйелі түсінуді көрсететін, ғылыми экспериментті шебер ұйымдастыратын, ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі жарияланымдарда өз зерттеулерінің нәтижелерін ресімдейтін магистрлерді даярлау; 1.1.2 -ғылымды табысты дамытуға мүмкіндік беретін, іргелі сапалы кәсіби білімді, физика саласы бойынша арнайытерең білімдерді меңгерту; 1.1.3 -теориялық физикалық модельдерді құру әдістерін және олардың математикалық формализациясы мен шешімдерінің негізгі тәсілдерін меңгеру; физикалық процестерді компьютерлік моделдеудің әдістері мен тәсілдерін меңгеру; 1.1.4 - ғылыми және шығармашылық жұмыстарға, нәтижелерді сын тұрғысынан пайымдауға, еркін, демократиялық және құқықтық мемлекет жағдайында өзінің кәсіби қызметі үшін жауапкершілікті қалыптастыруға дайындық. 1.2 білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері: 1.2.1-эксперименттік жұмыстар жүргізудің барлық түрлері мен дағдыларын меңгеру; 1.2.2-жаңа білім алу қабілетін, өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатын өзгертуге психологиялық дайындығын қалыптастыру және бітірушіні жаңа білім алуға, өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуге қабілетті кең білімді жастарды тәрбиелеу мүмкіндігін қамтамасыз ету; 1.2.3-қазіргі әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге сәйкес келетін білімді меңгеру; 1.2.4-докторантурада білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігін алу. 1.3 білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар: 1.3.1-қазіргі ғылымның негізгі заңдары мен ұғымдарын, сонымен қатар қазіргі ғылымдағы зерттеу әдістерін білу; 1.3.2-физикалық процестер мен құбылыстарды терең талдауға, кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінің міндеттерін осы негізде шешуге қабілетті болу. 1.3.3-әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру. 1.3.4-жаңа ортада, неғұрлым кең пәнаралық контексте мәселелерді шешу үшін өз білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде қолдану.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M011 Физика педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
Top