Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B07110 Робототехникалық жүйелер в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру және зерттеу мекемелері, әртүрлі автоматтандырылған және роботтандырылған өндірістер үшін роботтарды, мехатронды және робототехникалық жүйелерді зерттеу, жобалау, өндіру және пайдалану үшін робототехникалық жүйелер саласындағы мамандарды сапалы даярлау. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру төмендегі қабілеттерге ие маманның жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: - жұмыс істеп тұрған роботтарды, мехатронды және робототехникалық жүйелерді зерттеу, жаңа модельдерді әзірлеу және жетілдіру жолдарын анықтау, сондай-ақ әзірленетін құрылғылардың техникалық сипаттамаларын негіздеу, оларды қолдану, пайдалану және жөндеу шарттарын анықтау мақсатында теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізу; - роботтар мен робототехникалық жүйелердің математикалық модельдерін әзірлеу, математикалық модельдеудің көмегімен, заманауи бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, қабылданған теориялық және конструктивтік шешімдерді негіздеу мақсатында оларды зерттеуді жүргізу; - роботтар мен робототехникалық жүйелер модульдерінің макеттерін жобалау, бақылау-өлшеу аппаратын пайдалана отырып, оларды құрастыру және күйге келтіру; -роботтарды және робототехникалық жүйелерді басқару үшін, ақпаратты өңдеу үшін бағдарламалық-алгоритмдік қамтамасыз етуді әзірлеу; - роботтар мен робототехникалық жүйелер өндірісіне теориялық әзірлемелердің нәтижелерін енгізу.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B063 Электр техникасы және автоматтандыру
  • ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
Top