Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04118 Халықаралық бизнес в Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бұл бағдарлама бизнестің негізгі салалары: қаржы және маркетинг, процестер мен операциялар, адам ресурстары мен жобаларың жүзеге асу ерекшеліктерін жүйелі түрде түсінуді қамтамасыз етеді. Оқытудың нәтижесі менеджменттің міндеттерін шешуге және өзгерістер тұрғысынан компанияның дамуын қамтамасыз етуге қабілетті жаңа формациядағы мамандарды даярлау болып табылады. Бағдарлама контекст пен жағдайды есепке ала отырып, алынған білімдер мен дағдыларды бейімдеуге мүмкіндік беретін бірегей кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты ресурстарды ұтымды пайдалану, кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыру мәселелерін шешу үшін жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • Мақсатты басқару Ұйым мақсаттарын айқындау және оның барлық деңгейлерінде жетістіктерін қамтамасыз ету, белгіленген мақсаттарға қол жеткізу, жоспарлар мен тапсырмаларды орындау үшін жобаларды басқару дағдысы
  • Кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттілік Компанияның бәсекелі артықшылықтары мен перспективаларын, іскерлік мүмкіндіктерін анықтауға, бизнес-идеяларды дамытуға, табысты бизнес-модельдерді құруға және іске асыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру үшін бизнес-ортаны талдай білу, жаңа идеяларды қалыптастыру, бастамашылық жасау, стандартты емес шешімдер қабылдау дағдысы.
  • Тиімділікке бағдарлану Қиындықтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді бағалау қабілеті, ықтималды шешімдер мен әрекеттерді салыстыру дағдысы. Контекст пен жағдайды есепке ала отырып, оңтайлы бизнес-процестерді құрастыру, резервтерді анықтау және бизнес-процестердің барынша тиімділігін қамтамасыз ету қабілеті.
  • Технологиялық және функционалдылық бағдар. Зерттеулер мен талдаудың, маркетингтік коммуникациялардың, басқа да маркетингтік құралдардың, соның ішінде деректер базасының маркетингін ұйымдастыру және қолдану саласында қазіргі заманғы ақпараттық және Интернет технологияларын қолдану, өзінің кәсіби қызметінде пайдаланылатын ақпаратты жинау, жазу, сақтау және сақтау үшін компьютерлік әдістерді қолдана білу дағдысы
  • Инновация және кәсібилік. Жаңа әдістерге, техникаға және технологияға сезімталдығы. Маркетолог-менеджердің кәсіби қызметінде IТ-ны пайдалану дағдылары. Жүктелген міндеттерді орындау барысындағы аналитикалық және сыни ойлау қабілеті
  • Бейімделе білу дағдысы. Ішкі және сыртқы нарықтардағы озық шетелдік басқарушылық тәжірибені жинақтап, бейімдеу қабілеті. Өзгерістерді басқару, өзгеретін жағдайға икемді және лайықты жауап беру, проблемаларды анықтау және талдау, олардың баламалы шешімдерін табу және таңдау, нәтижелерді енгізу және бағалау дағдысы.
  • Жүйелі ойлау және әрекет ету дағдысы. Кәсіптік пәндерді оқу барысында алған білімді кәсіби қызметінде қолдану.
  • Қарым-қатынас жасау және топтық жұмыс дағдысы. Коммуникация дағдыларын иелену. Тиімді қарым-қатынас жасау, байланыста болу, тіл табысу, компанияның ішіндегі және сыртындағы қарым-қатынас үлгісі мен әдебін меңгеру. Коммуникативтік әсердің әр түрлі нысандарын қолдана білу. Орындаушылардың жұмысын тиімді ұйымдастыру және кәсіби ортада толерантты қатынас құра білу дағдысы
Top