7M02101 Дизайн в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктері қалыптасқан дизайн саласындағы бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M035 Сән, дизайн
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M021 Өнер
Пәндер
-
Киімді жобалау, қоршаған ортаны жобалау теориясы мен әдістемесін жобалау.
Жобалау теориясы мен әдістемесі, эргономикалық талаптардың функционалдық жағдайларын есепке алу, материалдың, жобалау нысанын бақылау мен технологияның әсері, жобалық шешімдердің композициясының негізі ретінде «дизайнерлік» және «көркем» идеяларға тәуелділігін тиянақты хабарлау қарастырылады. Конструкторлық-технологиялық жұмыстар арқылы дизайнерлік ойлауды қалыптастырады, инновациялық технологияларды қолданады, көлемдік-кеңістіктік композицияның ерекшеліктерін шығармашылық жобаларда құрылымдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Жоғары мектептегі оқыту стратегиялары
Оқыту стратегиялары, цифрлық және интерактивті технологиялар, бағалау әдістері, педагогикалық дизайн, инклюзивті және жекешелендірілген оқыту тәсілдері, оқу белсенділігін арттыру әдістері, сыни ойлау мен рефлексияны дамыту жолдары. Оқыту үдерісін ұйымдастыру, заманауи педагогикалық модельдерді қолдану, магистранттардың дербестігін дамыту арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дизайнды зерттеудің ғылыми негіздері
Дизайн саласындағы ғылыми зерттеулердің даму тарихы, ғылыми проблема мен зерттеу тақырыбы, ғылыми логика, ғылыми әдістер, зерттеу бағыттары, зерттеу нәтижелерін өңдеу, электронды білім беру орталары, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдану қарастырылады. Ғылыми зерттеулер дизайнерлік ойлаумен, зерттеу әдістерімен ғылыми еңбек нәтижелерін қалыптастырумен, заманауи және инновациялық технологияларын қолданумен сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі заманғы дизайн негіздері
Қазіргі заманғы дизайнның анықтамалары, жіктелуі, түрлері мен бағыттары, үнемділігі, қарапайымдылығы, қазіргі заманғы дизайнды қабылдаудың психологиялық заңдылықтары, қазіргі заманғы дизайндағы жобалаудың негізгі принциптері қарастырылады. Дизайн салаларын ғылыми зерттеудегі бағыттары, зерттеу нәтижелерін өңдеу, ғылыми жұмыстың нәтижелерін рәсімдеу, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдану, ғылыми зерттеу әдістері, ғылыми еңбек нәтижелерін қалыптастыру сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады, аналитикалық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамытады. Курс арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің проблематикасын қарастырады және ғылымның тарихы мен теориясы туралы, ғылымның даму заңдылықтары мен ғылыми білімнің құрылымы туралы, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістері туралы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі, қоғамның дамуындағы ғылымның рөлі туралы білімді қалыптастырады, пәнаралық білімді біріктіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дизайндағы заманауи мәселелер
Дизайнның негізгі мәселелері, қазіргі заманғы сәннің айырмашылығы, басқа стильдердегі заманауи дизайнның жұмысы, қазіргі заманғы сәндегі, дәстүрлі өнердегі, этникалық, халықтық дизаиндағы өзекті мәселелер қарастырылады. Конструкторлық-технологиялық жұмыстар арқылы дизайнерлік ойлауды қалыптастырады, инновациялық технологияларды қолданады, көлемдік-кеңістіктік композицияның ерекшеліктерін, шығармашылық жобаларда құрылымдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Креативті дизайндағы жасанды интеллект
Пән креативті дизайн процесінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілерін қарастырады. Оқу барысында генеративті модельдер, алгоритмдік дизайн, визуалды контентті автоматтандыру, жасанды интеллекттің когнитивті, эвристикалық мүмкіндіктері арқылы креативті шешімдер қабылдау процесі зерделенеді. Сонымен қатар, адам-машина интеракциясы, нейрожелілік жүйелер, визуалды деректерді интеллектуалды өңдеу, шығармашылық жобалауда AI құралдарын тиімді қолдану қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері (ағылшын тілінде)
Пәнде ғылыми зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы, мақсаттар мен міндеттерді нақты әрі анық баяндау дағдылары, ғылыми зерттеу саласында кәсіби шет тілі құзыреттерін қалыптастыру қарастырылады. Педагогикалық зерттеудің ерекшеліктері және академиялық адалдық принциптерін сақтау мәселелері талданады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері: сандық және сапалық зерттеу түрлері талданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дизайндағы композиция
Дизайн саласында композицияның ерекшеліктері, көлемдік-кеңістіктік композицияда түспен жұмыс істеудің әдістемелік тәсілдері, ауқымдылығы, өлшемділігі, композиция заңдары, ережелері, кеңістікті көлемді қалыптастыру принциптері қарастырылады. Зерттеу жұмысында дизайн-композиция, заманауи визуалды мәдениет пен дизайн саласының даму тенденцияларын ескере отырып, ойлау креативтілігі, дизайндағы композицияны құрастыру, шығармашылық жобаларда білім алушылардың ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегияларымен құрылымдалады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби табыстылық психологиясы
Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы, функциялары, деңгейлері мен мақсаттары сипатталады. Қарым-қатынас субъектілері мен олардың өзара әрекеті, жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас барысындағы қақтығыстар мен шиеленістерді оңтайлы шешу жолдарын, тайм менеджмент, келіссөздер мен іскерлік қарым-қатынас техникалары және жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас құрудағы этикалық принциптер мен нормалар мәселелері қамтылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ақпараттарды визуализациялау технологиясы
Дизайнерлерді даярлауда ақпараттық материалды визуализациялау технологиясы, процестегі бейнені қабылдаудың жетекші рөлі, визуалды сауаттылықтың педагогикалық тұжырымдамасы, инфографиканы қолдану әдістемесі, визуализация принциптері қарастырылады. Ақпаратты визуализациялаудың әдіснамалық негіздерін, идеяны, қорытындылар мен проблема шешімдерін, эмоционалдық-құндылықтық тәжірибені, шығармашылық қабілетін практикада пайдалануы сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сәндік кескіндеме
Пәнді оқытуда сәнді жазудың ерекшеліктері, дизайнердің көркем тілінің жаңа әдістері, технологиялары, интерьерде, жарнамада, киімде белгілі бір ережелер бойынша қолданылатын әр түрлі технологиялар, материалдарды қолдану процесін зерттеудегі ғылыми бағыттар, кескіндеме бейнесінің сәнділігі, форманың өзгеруі қарастырылады. Дизайн саласындағы көлемдік-кеңістіктік композицияның ерекшеліктерін, кескіндеме өнерін қазіргі тенденцииялар мен инновациядлық технологиялар арқылы меңгерумен сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дизайнердің дизайндық ойлау негіздері
Дизайнерлік ойлауды қалыптастырудың теориялық негіздері, дизайнерлік ойлаудың тұжырымдамасы мен кезеңдері, дизайнерлік ойлауды жобалық оқытуда, оқытуда дараландыруда, арнайы пәндерді оқытуда, қазіргі мұғалімнің практикалық қызметінде қолдану, STEAM оқыту тәсілдері арқылы білім алушылардың дизайндық ойлауын дамыту қарастырылады. Дизайнерлік ойлауды қалыптастыру ғылыми еңбек нәтижелерін қалыптастырумен, заманауи және инновациялық технологияларын қолданумен сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби сурет
Кәсіби сурет салу графика тілін толық меңгеру, дизайнердің графикалық жобалау тілінің негізі ретіндегі мәселесі, адам фигурасын конструктивті құрудағы көлемді формалар, ғылыми бағыттар, интерьер кеңістігін, пейзажды, интерьердің суретін графикалық қайта өңдеу, бейнені, ою-өрнекті, қаріптің декоративтік элементтерін түрлендіру қарастырылады. Дизайндағы композицияны құрастыру, шығармашылық жобаларда білім алушылардың ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегияларымен құрылымдалады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Академиялық хат (ағылшын тілінде)
Пән ағылшын тіліндегі академиялық жазу дағдыларын, сыни ойлауды, ғылыми идеяларды құрылымдап жеткізуді дамыту, сондай-ақ ағылшын тіліндегі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздермен жұмыс істеу біліктері арқылы кәсіби шет тілін меңгеру құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Ерекше назар магистранттардың академиялық дискурс ерекшеліктерін ескере отырып кәсіби құзыреттерін дамытуға және жазбаша ғылыми тілін жетілдіруге аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сән дизайнындағы технологиялар
Киім-кешек - шығармашылық объектісі, қызметі және костюм бейнесі, костюм жүйе ретінде, костюм коммуникацияның түрі, костюмдегі белгілер мен символика, костюмнің тілі мен ақпараттылығы қарастырылады. Дизайн саласында костюмнің заманауи стильдік бағытталуының әртүрлілігінің шешімдерін көлемдік-кеңістіктік композицияның ерекшеліктерін кескіндеме өнерін қазіргі тенденцииялар мен инновациядлық технологиялар арқылы меңгерумен сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Визуалды өнер семантикасы
Дизайнерлерді даярлаудағы белгілер, символдар, менталды және визуалды бейнелер, визуалды композиция элементтері, әдістер: семантикалық кеңістікті құру; семантикалық-когнитивті белгілерді талдау; көру модальдығының қасиеттерін сипаттау, семантика-тілде мәндерді іздеу, олардың символдық мәндері қарастыралады. Ақпаратты визуализациялаудың әдіснамалық негіздерін, идеяны, қорытындылар мен проблема шешімдерін, эмоционалдық-құндылықтық тәжірибені, шығармашылық қабілетін практикада пайдалануы сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жобалаудың өзекті мәселелерін зерттеу әдістемесі
Жобалаудағы үдерістерді талдау негізінде бағыттардың өзекті мәселелері, талдау әдістері, дизайн әдістемесіндегі өтпелі процестер, дизайнерлік шешімдер, идеялар, стильдер, дизайндағы ақпараттық парадигмалардың ауысуын сипаттайтын құралдар, формалар қарастырылады. Жобалау әдістемесіндегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және бағыттарды салыстырмалы талдау ғылыми еңбек нәтижелерін қалыптастырумен, заманауи және инновациялық технологияларын қолданумен сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жарнамалық дизайндағы компьютерлік технологиялар
Компьютерлік графика мүмкіндіктері, компьютерлік дизайнға арналған бағдарламаларды зерттеуге негізделген мультимедиялық оқыту материалдары негізінде жарнаманы жобалауда Macromedia Captivate қолдану, ЦБР-дың бағдарламалық құралдары арқылы дизайн саласындағы білімін дамыту, жарнаманы жобалауда кәсіби міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты іздеу қарастырылады. Компьютерлік технологияларды меңгерудің қазіргі тенденцииялармен, жарнамалық іс-әрекеттік ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегияларымен құрылымдалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Интерьер дизайнындағы компьютерлік технологиялар
Интерьерді жобалауда компьютерлік технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттары, компьютерлік жобалау жүйесі, компьютерлік жобалаудың базалық тәсілдері, жазық (2D) және көлемді (3D) моделдеу, графика, AutoCAD пакетінің сызу құралдары, ЖОО-да ақпараттық-білім беру ортасында компьютерлік жобалауды зерттеу қарастырылады. Компьютерлік технологияларды меңгеру қазіргі тенденцииялармен, шығармашылық жобаларда білім алушылардың ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегияларымен құрылымдалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Компьютерлік технологиядағы графикалық дизайн
Компьютерлік графика мүмкіндіктерін және жарнамалық өнімдерді жасау, суреттердің компьютерлік дизайнына арналған бағдарламаларды зерттеу, графикалық дизайнның компьютерлік технологияларды қолдану ЦБР-дың бағдарламалық құралдары арқылы дизайн саласындағы білімін дамыту, жарнаманы жобалауда кәсіби міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты іздеу қарастырылады. Компьютерлік технологияларды меңгеру қазіргі тенденцииялармен, жарнамалық іс-әрекеттік ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегияларымен құрылымдалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сән дизайнының аспектілері
Сән және жалпы әмбебап мәдениет аспектілері, мәдени мұра мен дәстүрлерді сақтау, сәннің тарихи және өнертанушылық аспектілері, дәстүрлі, озық ақпараттық мәдениет (2D, 3D) тұрғысынан киім феноменін зерттеу қарастырылады. Компьютерлік технологияларды меңгеру қазіргі тенденцииялармен, шығармашылық жобаларда білім алушылардың ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегияларымен құрылымдалады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Дизайндағы ақпараттық технологиялар
Дизайндағы ақпараттық технологиялардағы заманауи графика пакеттерінің көмегімен графикалық бейнелерді жасау, өңдеудің ақпараттық процестері, нобайлық жұмыстарды орындау, ЦБР-дың бағдарламалық құралдарын қолдану арқылы деректерді өңдеу, талдау қарастырылады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді, ресурстарды иеленуді, объектінің дизайнын орындауға ұтымды әдістерді қолдануды, ақпаратты қайта өңдеуде өз идеяларын хабарлау, дизайн саласында заманауи және инновациялық технологияларын қолданумен сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- ақпаратты визуализациялаудың әдіснамалық негіздерін, дизайн саласындағы қазіргі тенденцииялар арқылы меңгереді
- ғылыми зерттеу және конструкторлық-технологиялық жұмыстар арқылы дизайнерлік ойлауды қалыптастырады
- дизайн саласындағы ғылыми зерттеу әдістерін, ғылыми еңбек нәтижелерін қалыптастырады
- дизайн саласында заманауи және инновациялық технологияларын қолданады
- дизайн саласындағы көлемдік-кеңістіктік композицияның ерекшеліктерін, кескіндеме өнерін меңгереді.
- шығармашылық жобаларда білім алушылардың ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегияларын құрылымдайды