Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01804 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет пен және "Өзін-өзі тануды" оқытуды жоғары деңгейде жүзеге асыруға қабілетті білім беру мен ғылыми сала үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды педагогикалық ғылым мен өзін-өзі танудың жаңа тұжырымдамалары мен әдіснамасын білу негізінде сапалы даярлау; білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік дамуына, білім беру мекемесінің әлеуметтік саласын үйлестіруге ықпал ету; білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оқушыларды рухани-адамгершілік дамытуға және қоғамға қызмет етуге ықпал жасау. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның төмендегідей кәсіби тұлғасын дамытуға бағытталған: - гуманды педагогика, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танудың жаңа теорияларының заманауи білімдерін терең түсіндіру және жалпылау; - әлеуметтік-педагогикалық ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, аралас ғылыми аймақтардың білімін жеке ғылыми зерттеу контекстіне біріктіру, өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да хабарлау; - білім беруде жеке тұлғаны диагностикалау, алдын алу, әлеуметтік оңалту бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметті бағалау және жетілдіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында әлеуметтік қызметтердің іс-әрекетін талдау және жетілдіру; - өзін-өзі тану және гуманды педагогика құндылықтары негізінде оқушыларды адамгершілік-рухани білім алуға шабыттандыру, әлеуметтік-педагогикалық пәндерді және өзін-өзі тануды оқытудың классикалық және инновациялық стратегиялары мен әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету; - одан әрі оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінің өзіндік бағдарламасын құру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M020 Әлеуметтік педагогтарды даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M018 Әлеуметтік педагогика мамандарын даярлау