Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03131 Саясаттану в Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

  • Мамандаыққа қіріспе
    Несиелер: 4

    Саясаттануды Мамандыққа кіріспе пәні студенттерге алғашқы кәсіби дайындық пәні ретінде қарастырылады. Пәнді аяқтағаннан кейін студенттер мыналарды білуі керек: пәнннің негізгі мазмұнын, міндеттерін, пәнін. Мамандыққа кіріспе пәні саясаттың мазмұнын, билік мінездемесін, міндеттеу әдістерін және қызметтердің нақты мақсаттылығына бағытталған әрекеттерді оқытады. Пән болашақ саясаткер ретінде саясаттану мамандығы туралы әлеуметтік білім бакалаврі ретінде саясаттанушының негізгі кәсіби қызметтері жөнінде білім негізін қалыптасырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Саясат теориясы
    Несиелер: 5

    Пән теориялық саясаттану пәнін, обьектісін оқытады. Саясаттанудың ғылыми және спецификалық әдістерін және оның гуманитарлық ғылым жүйесіндегі орынын қарастырады. Саяси білімнің дамуы және саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы. Саясат теориясы, билік және билік қатынастары, саясат субьектілері. Қоғамның саяи жүйесінің теориясы. Азаматтық қоғамның негізгі құрылымдық элементтері, мемлекет қызметтерінің және қалыптасуының және саясаттың институциональдық аспектілері

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 3

    Экономика негіздері- экономикалық процестер, экономикалық заңдар, санаттар, өндіріс, бөлу, алмасу, материалдық игіліктерді тұтыну деңгейіндегі қоғамдағы қатынастар туралы білім жүйесі. Курс кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың принциптері, әдістері, шарттары мен формаларын зерттейді. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі элементтерімен, коммерциялық мәмілелерді ұйымдастырумен, қоғамдағы бизнестің қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттеумен байланысты мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тіршілік қауіпсіздігі және экология негіздері
    Несиелер: 2

    Табиғатты пайдалану, төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс қарқындылығы жағдайында өмір сүру қауіпсіздігінің, экологияның негізгі ұғымдарын, қазіргі заманғы өркениет мәселелерін және адамның шаруашылық және басқа да қызметінің экологиялық салдарларын зерттеу. Қоршаған ортаның әртүрлі факторларынан халықты қорғаудың принциптері мен тәсілдерін, тіршілік қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық және құқықтық актілерді ашу. Қоршаған ортаны және биологиялық ресурстарды сақтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Саяси ілімдер тарихы
    Несиелер: 3

    Саяси ілімдер тарихы пәні саяси ілімдердің тарихы мен заңдылықтарын және даму тенденцияларын оқытады. Утопиялық саяси ойлардың және нақты критерийлардың тарихи қағидалары. Саяси ілімдер тарихының кезеңдері адамзат өркениеті тарихындағы саяси ойлар генезисі Ежелгі Шығыс және Антикалық, орта және жаңа замандағы қазіргі саяи доктрина қалыптасуға дейінгі кезеңді қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері
    Несиелер: 2

    Құқықтық қатынастардың негізгі түсініктері мен мәні, сондай-ақ құқықтық қатынастарды реттеудің құқықтық механизмдері, құқықтық қатынастарда жауапкершілікті қолдану тәртібі. Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның пайда болу себептері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты моральдық және құқықтық жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Саяси философия
    Несиелер: 5

    Пән философиялық концепциялар мен категорияларға сүйене отырып, басқарушылық және бағынушылық, әртүрлі билік феноменінің аспектілерін оқытады. Әдістемелік қатынаста саяси философия саясат туралы негізгі білім беру түсініктерін іздестіруге бағытталғын философиялық ойларға басымдық береді. Сол себепті саяси философия бағытының ішінде «пәнаралық» көрнекті орын алады, негізгі философиялық теориялармен байланысты, соның ішінде -саяси онтология, саяси гносеология, саяси праксиология, саяси аксиология.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Саяси тарих
    Несиелер: 3

    Бұл пән саяси процесс туралы мәдени дамыған Европа елдері (Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Франция, Ресей ) және жаңа замандағы Солтүстік Америка (АҚШ) елдерінің жалпы адамзат өркениеті дамуының жалпы әлемдік контексттінде аталған мемлекеттердің спецификалық кезеңдері туралы тыңдаушыларға түсініктер қалыптастырады. Жаңа заман тарихының мәселелерін талдау арқылы студенттерге пәнаралық дағды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Саясат және дін
    Несиелер: 3

    Пән дінтанудың негізгі қағидалары мен теориялық-методологиялық негізін оқытады. Діннің классификациясын, әртүрлі діндердің қарым-қатынас моделін және қоғамның жоғарғы және діни саяси курстарының жүзеге асырылуының ерекшеліктерін, дінді, саясаттандырудың мүмкіндіктрері мен талаптары және факторлары, діни нормалар мен құндылықтар қазіргі саяси процестегі діни технологияларды қолдану, саяси конфликтілерді шешу амағындағы діннің мүмкіндіктері туралы түсіну және әлемдік діндердің гуманистік потенциялын білу. Пән саяси қатынастарға діни дүниетанымның ықпалын қарастырады. Діннің қоғамдық сананың бір нысаны ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы идеологиялық, экономикалық, мәдени сфераларға ықпалын қарастырады. Халықаралық қатынастардағы діннің ерекше рөліне көп көңіл бөлінеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Саясат және қоғам
    Несиелер: 5

    Бұл пән қоғам және саясаттың өзара қызметінің специыфикасын, қоғам өміріндегі саясаттың ерекше ролін қарастырады. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде. Саясаттың қоғамдық қажеттіліктері. Саясаттың аса қажеттілігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Азаматтық қоғам: саясатттанулық аспекті
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді азаматтық қоғам- Қазіргі Батыс демократиясын құрайтын негізгі базалық білімді құрайтын негізгі базалық білімді қалыптастыру механизмі және институттары мен қалыптасу тарихын оқытады. Азаматтық қоғамды түсінуге және олардың мемлекетпен азаматтық қоғамның негізгі функцияларын,Аазаматтық қоғамның әртүрлі елдерде, әртүрлі өркениет тәуелділіктеріне әртүрлі көзқарастар туралы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Саясат философиясы
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді саяси философияны оқытуда әлемдік саяси концептуальдық және мәселелерді шешудің негізгі әдісі ретінде теориялық түсініктерді қалыптастырады. Саяси білім, саяси ойдың негізінде мәдениеттің негізі саяси өмір сүру мәнін және саяси сананы, саяси тану, еркіндік, бостандық жеке мүдде мен қоғам мүддесі, әділеттілік, нормалар мен құндылықтарды қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халықаралық қатынастар теориясы
    Несиелер: 5

    Пән әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі халықаралық қатынастар теориясын оқытады. Халықаралық қатынастар теориясын зерттеудің теориялық мектебі және негізгі консептуальды теориялық жолдарын қарастырады. Халықаралық қатынастар аймағы және заңдылықтары, обьектілері мен субьектілері. Қазіргі халықаралық қатынастардың саяси құқықтық режимі. Халықаралық қатынастардың этникалық өлшемдері. Қазіргі халықаралық қатынастардың әскери факторлары. Халықаралық ұйымдар және мемлекет аралық бірлесіп қызмет атқару ролі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Саясат мәні және қайнар көздері
    Несиелер: 5

    Саясат мәні және қайнар көздері ғылым ретінде студенттерге саяси ойлардың даму заңдылытарын, саясат, билік, мемлекеттің көрнекті концепциялары және оның тарихи мәні мен мазмұны туралы көзқарастарды қалыптасырады. Бұл курсты меңгерудің мақсаты саясаттанушы студенттердің саяси және тарихи санасын, ғылыми-теориялық ойлау жүйесін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Демократия: қағидалары, орнығуы және құндылықтары
    Несиелер: 6

    Пән бағытталады: демократияның тарихи және заманауи мазмұны түсінітерін оқытады, саяси-құқықтық ойлар тарихы, сондай-ақ демократияның заманауи теориялары, ертедегі саяи режидермен таныстыру, қазіргі мелмекеттердің тәжірибесінідегі демократияның негізгі моделдерін талдау, демократияны сынаудың негізгі бағыттарын талдау, демократия кезеңдерінің перспективалары туралы көзқарастарды, оның жасқтастарын қорғау туралы дәлеледерді оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Саяси сана
    Несиелер: 5

    Бұл пән билік институттарының қызметтеріне саяси аймақта сипаттама береді, әртүрлі субьектілердің мінез-құлық формалары және басқа да азаматтардың белсенділік танытуына тікелей байланысты және басқа да рухани ойлар мен көзқарастардың негізінде қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Саяси мәдениет және идеология
    Несиелер: 5

    Саяси мәдениет – саяси жүйенің элементі ретінде, түсінігі, мәні, құрылымдық компоненттері және қызметі. Саяси мәдениет және қоғамдық сана. Саяси мәдениеттің қалыптасуындағы идеологияның ролі. Қазіргі ойлардың мәртебесі және көздерін анықтаудағы әртүрлі әдістер. Қазіргі қоғамның саяси мәдениетінің өркенниеттік негізі либерализм, консерватизм және социолизм.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Демократия тарихы және теориясы
    Несиелер: 6

    Курс студенттерге демократияның негізгі және парадигмалық теориялары, азаматтық қоғам және халық билігі концепциясы туралы, Қ Р демократияландыру процесі, сондай-ақ, трансформациялық процстегі азаматтық қоғам ролі туралы негізгі түсініктерді береді. Демократияның дамуы мен пайда болу тарихын таныстырады. Демократияның элементтерін көрсетеді. Саяси режимнің демократиялық қызметін, аспектілерін және құрылымын ашады. Демократия теорияларының негізгі концептуальды ережелерін таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстандағы саяси ойлар
    Несиелер: 5

    Пән мемлекеттік құқықтық жүйенің дамуы және пайда болу процесі, ҚР тарихының әртүрлі кезеңдеріндегі қоғам өміріндегі мемлекет пен саясаттың орыны мен ролін; мемлекет пен құқықтық жүйе элементтерінің мазмұны және ерекшеліктерін, өндірістің спецификалық көшпелі әдістерін, ҚР территориясында мелекеттік-құқықтық жүйенің дамуы кезеңінде саяси ойлар және саяси қатынастардың даму жағдайларын оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім және саясат
    Несиелер: 5

    Пән білім беру мен саясат арасындағы өзара қарым-қатынасты ашады. Білімнің саясатқа немесе саясаттың білімге әсері. Аталған институттардың тарихи тәжірибесінің байланысын көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Саяси менталитет
    Несиелер: 5

    Пән «менталитет» категориялары туралы кеңінен түсіндіреді. Ұлттық менталитетті оқытудың теориялық негізі және саяси мәдениетті оқытудың негізгі саяси аспектілерінің мәнін түсіндіреді. Кәсіби құзіреттілік пен мәдениеттілік деңгейін көтеру, интеллектуальдық даму үшін қоғамдағы қоғамдағы пайда болған сананың әдіс-тәсілдерін қолдану, пайда болған процесстерді ғылыми тұрғыда талдау. Саяси процесстерді талдауға мүмкіндік туғызу және азаматтық әлеуметтендіру мен саяси жүйенің беделін бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Геосаясат: тарихы және қазіргі заманғы көзқарастар
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқыту концепциялар және геосаясаттық ойлар кезеңдерін, геосаясаттың ұлттық мектебінің қалыптасуы, спецификалық мәселелер кешені және негізгі категориялары, сондай-ақ әлемдік геосаяси даму процесінің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Қазіргі негізгі геосаяси тенденциялардың әлемдік дамуы жөнінде білуге мүмкіндік береді. Оқу курсының мақсаты тарихи ақиқат және жаһандық даму констекстіндегі әлемдік геосаяси процестердің ерекше даму аспектілерін ашады. Өзара тәуелді және өзара байланысты қарсылықты қалыптасу контекстіндегі қазіргі әлемдік процестегі негізгі геосаяси тенденцияларды көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Билік және саясат
    Несиелер: 5

    Пән биліктің мәнін және пайда болуын оқытад. Қазіргі саяси ғылымдағы билік концепциясын горизонтальды және вертикальды билік құрылымы. Биліктің қызметі және ресурсы, обьектісі, субьектісі, қайнар көздері. Биліктің деңгейі және негіздері. Саяси және мемлекеттік билік. Жалпыұлттық және аймақтық, жергілікті саяси билік деңгейі, олардың арасындағы қарым-қатынас формалары

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Саяси жүйе және режим
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқытудың мақсаты саяси жүйенің теориялық негіздерін, оның қызметін, сондай-ақ билік жүйесін жүзеге асыруда саяси жүйенің қызметтік жақтары ретінде саяси режим түсінігінің мәнін ашу. Пән студенттерге саяси жүйе және режимнің түсінігі, теориялары, негізгі теориялары, саяси өмірде ұтымды шешімдер қабылдауға қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Саяси антропология
    Несиелер: 5

    Пән саясаттың адамның туғанннан бастап сапалық қасиеттері: биологиялық, интеллектуальдық, әлеуметтік, мәдени, діни т.б. сондай-ақ саяси құрылымға тұлғаның әсерін, тәуелділігін оқытады. Студенттерді ғылымның пайда болу тарихы мен құрылымы және саяси антропология аймағындағы орынымен, сондай-ақ саяси мәселелерді зерттеумен айналысатын ғылыми жүйесімен таныстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Саяси жүйе
    Несиелер: 5

    Берілген курс саяси жүйелер туралы мәлімет береді. Қоғамдық өмірде саясатта микро және макро деңгейдегі структуралық элементтердіиқолдану және қатынастардағы ішкі сыртқы байланыстарды, оның негізгі тенденцияларымен заңдылықтарын анықтау, қолданыстағы әртүрлі саяси жүйелердегі саяси жүйе өлшеміндегі, обьективті критерийлері және жүйелер әдістерінің мәнін ұғындырады. Қазіргі саяси жүйенің моделдерін, саяси жүйенің типтерін, олардың әртүрлілігі мен ҚР демократиялық жолдары мемлекеттің, халықтың саяси өмірі және саяси жүйе дамуының ерекшеліктерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Саяси коммуникациялар
    Несиелер: 5

    Бұл пән саяси менеджмент және қазіргі саяси жүйедегі саяси коммуникацияны оқытады. Саяси коммуникацияның теориясы және моделі. Саяси- коммуникациялық компания. Саяси коммуникация әдістері, құралдары және каналдары. Сайлау компанияларындағы саяси коммуникация. Мобилділік және саяси коммуникация формалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Салыстырмалы саясаттану
    Несиелер: 5

    Пән салыстырмалы саясаттанудың теориялық негізін, пәннің даму тарихын, ерекшеліктерін, қалыптасуын, саяси интитуттың дамуы мен қызметтерін, жалпы әлемнің жекелеген елдерінде мәдени, экономикалық, құқықтық және басқа саяси процесстердің компоненттерін оқытады. Салыстырмалы саясаттану ғылыми пән ретінде орталық аймақта саяси институттарды және әртүрлі жағдайларының реттелуін қарастырады. Әртүрлі өркениеттік мәдени, экономикалық, географиялық тағы басқа инститтар арасында өзара байланыс кешеніг және оны енгізуді талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Саяси конфликтология
    Несиелер: 5

    Саяси конфликтология пәнін меңгертудегі мақсат саяси конфликтіні қолданбалы талдау аймағындағы технологияны жүззеге асыру және базалық дағдыларды меңгерту болып табылады. Пәннің міндеттері студенттерге саяси, функциональдық, теориялық негіздерін және қалыптасу тарихын , сондай-ақ қазіргі шиеленістер тәжірибесінің негізгі моделдерін , саяси конфликтілерді шешудегі қолданбалы технологияларды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Құқтық мемлекет және саясаттың өнегелі аспектілері
    Несиелер: 5

    Бұл пән адамды жоғарғы құндылық ретінде құқықтық мемлекеттіліктің режимін анықтайды. Қоғам өміріндегі олардың ролін анықтап қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Риторика, логика және дәлелдеменің қағидасы
    Несиелер: 5

    Бұл пән логика ережелері мен заңдары туралы, сондай-ақ білім беру жүйесінде тілдің семантикалық категориясы және формасы, сананың дамуы мен ойлау формаларының негізгі теориялық білімін қалыптастырады. Логикалық заңдар мен ережелерді қабылдау, көрсетілген формалар мен категорияларды дұрыс жүзеге асыруды практикалық дағдылануға үйрену. Логикалық және логикалық емес аспектідегі аргументтердің мәнін және арнайы белгілерін көрсете білу (психологиялық, эмоциялық, риторикалық, эстетикалық және өнегелілік).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бюрократия және бюрократизм
    Несиелер: 5

    Пән бюрократия қоғамдық құбылыс ретінде, оның орыны мен билік қатынасы жүйесіндегі роліжәне бюрократизмнің мәні туралы білім береді. Қоғамдық қатынастарды реттеудің маңызды элементі және күрделі даулы құбылыс ретінде бюрократияның мәнін ашу. Бюрократиятеориясының даму кезеңдері мен пайда болуын таныстыру. Мемлекеттің әлеуметтік басқару қатынасына бюрократияның әсерін оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Саяси билік
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттерді саяси ғылымның бөлімдерімен саяси билікті оқыту фенменін, «саяси билік» түсінігіне сипаттама беріп, биліктің субьектіс, обьектісі, түрлері, қағидалары, «саяси билік» және «оппозиция» түсінігіне қатынастарын, ресурстарымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Саяси әлеуметтану
    Несиелер: 5

    Бұл пән саяси әлеумттанудың негізгі бағыттары туралы түсінік қалыптастырады. Билік және саясатты әлеуметтік талдау әдістерінің категориялық түсініктерімен таныстырады. Саяси процестерді талдауда тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Саяси әлеуметтендіруде эмприкалық зерттеуші мамандар маңызды теориялармен танысуға көмектеседі. Қазіргі қоғамның белсенді саяси мәселелерін шешуді үйренуге көмектеседі, саяси сферадағы қолданбалы зерттеудің негізігі әдістерін үйретеді, саяси өмірді әлеуметтік талдауға дағдылануды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Саяси регионалистика
    Несиелер: 5

    Пән аймақтық саяси процестермен таныстырады. Саяси регионалистиканың теориялық-әдістемелік негіздерін оқытады. Аймақтық процесс туралы мәліметтерді іріктеу және жинауды қолдану әдістерінің негізі аймақтық саяси процесстерді оқытудағы негізгі қадамдардың анализін жасау және бағалау, сипаттау. Аймақтық саяси институттар мен процесстер: әртүрлі аймақтағы саяси процеске қатысушылардың саяси ұстанымдарының әдістерін қолдану, олардың аймақтық саяси кеңістік аумағындағы қызметтік мүмкіндіктері және ресурстық потенциалын бағалау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мемлекеттік әкімшілік басқару жүесі
    Несиелер: 4

    Реформаланған мемлекеттік билік жүйесін сипаттау, оның әлеуметтік қызметтерімен реформаларын іске асыру және оның мәнімен байланысты теориялық және тәжірибелік мәселерді түсіну, оқытуды білдіреді. Бұл пән мемлекеттік билік органдарының жүйесін және оның қазіргі әлемдегі басқа билік органдарымен байланысының қатынасы жөнінде студенттерге толық мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қоғамдық басқару жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқаруы
    Несиелер: 4

    Пән жергілікті өзін-өзі басқарудың биліктің бір деңгейі ретінде, қалыптастырудың жалпы мәселесін және жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің муниципальды биліктің негізгі түрі ретінде, туындаған мәселелерді шешу үшін жергілілікті бірлестіктер арқылы құрылады. Бұл курс жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық, территориялдық , теориялық негіздерін ашады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылымдық ұйымдастырушылық және муниципиалды деңгейдегі мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өтпелі саяси процесстер
    Несиелер: 5

    Қазіргі кездегі саяси мобильділік технологиясы, саяси процестерінің негізгі субьектілері, негізгі саяси өзгерістер, саяси кеңістік технологияларының сипаттамаларын және олардың процессуальдық, институтциональдық мәнін оқытады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Саяси идеология
    Несиелер: 5

    Пән студенттерге ертедегі және қазіргі негізгі идеологиялық концепциялардың, белсенді саяси ойларды көбірек меңгеруге, үнемі әлемдік саяси процеске әсерін, идеологиялық мазмұнды көзқарастардың саяси жиынын талдау механизмдерін меңгеру қажет. Студенттерді қазіргі идеологиялық ойларды құрастырушы классиктердің еңбектерімен таныстыру қажет және саяси құжаттармен жұмыс жасауға дағдыландыру керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі саяси процесстер
    Несиелер: 4

    Бұл пән саяси процесті және саяси қатынасты зерттеу негізінде әдістемелік тәсілдер және негізгі концепцияларды оқытады., Саяси жүйені оқытуда пайдаланылатын түйінді терминдермен, категориялар, түсініктерді жинақтауға мүмкіндік береді. Ілемдік саяси процестің негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын оқытады, Отандық саяси жүйенің дамуы және қалыптасуын логикалық білу. Тарихи білімнің негізінде студенттерді қазіргі ақиқатқа тәжірибелік саяси талдау жасауға дағдыландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлемдік саяси процесс
    Несиелер: 4

    Бағдарлама курсы халықаралық қатынастар және қазіргі әлемдік саяси мәселелерді талдай отырып, теориялық және проблемалық сипатын береді. Пән халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттың теориялық негізінің қалыптасуымен тарихын, экономикалық, саяси-құқықтық, әскери, конфессиональдық және басқа әлемдік саяси процестерді оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Саяси көшбасшылық
    Несиелер: 5

    Курс кезең-кезеңімен саяси көшбасшылықты зерттеудің негізгі бағыттарын, оның құрылымы мен қызметі, саяси билеу жүйесін қалыптастыру механизмдерінің саяси шешім қабылдаудағы ролін қарастырады. Саяси биліктің субьектісі ретінде көшбасшылардың ролін, әртүрлі саяси жүйедегі қызметіне талдау жасау. ҚР және қазіргі әлемдегі саяси көшбасшының ерекшеліктерін қарастырады. Саяси қызметтегі көшбасшының жеке сапалық қасиеттерін зерттеуге дағдыландыруға көңіл бөледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі заманғы саясаттың әдістемелік мәселелері
    Несиелер: 5

    Курс қазіргі саясаттанудағы методолгиялық мәселелердің мәнін ашу үшін саяси мәдениет және оның қызметтерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі кездегі саяси партиялар
    Несиелер: 5

    Саяси партия- саяси ғылымды зерттеу обьектісі ретінде қоғамның саяси жүйесіндегі партиялардың ролі. Партиялық жүйелер және олардың әртүрлілігі. Қазіргі жоғарғы дамыған және дамушы мемлекеттердің партиялық жүйелері. Саяси партияларды ұйымдастыру әдістерінің сайлау жүйесіне әсері. ҚР көппартиялықтың даму мәселелерін және саяси партиялардың қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Саяси технологиялар
    Несиелер: 5

    Бұл пән мына тақырыптарды қарастырады: Саяси технологиялар: түінігі және құрылымы. Саяси технологиялардың техникалық және процедуралық компоенттері. Субьективті және аналитикалық технологияның қалыптасу тәсілдері. Заңдық және девианттық саяси технологиялар. Саяси басқару, қоғамның саяси жүйесі және оның институттарының қызметтерін жүзеге асырудың саяси технологиялары. Саяси шешімдерді дайындау қабылдау, жүзеге асыру технологиялары. Сайлау технологияларының тиімділік факторлары және талаптары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі Қазақстандағы саяси процесстер және саяси қатынастар
    Несиелер: 5

    Пән мына тақырыптарды қарастырады. ҚР президентінің халыққа жолдауы; ҚР мемлекеттік ішкі саяясаты, ҚР ақпараттық, экологиялық, демографиялық, әскери-қорғаныс, құқықтық, әлеуметтік, инновациялық, экономикалық саясаты; ҚР сыртқы саясаты: мақсаты, пәні, мәні, кезеңдері, негізгі бағыттары және приоритеті. «Қазақстан -2050» стратегиясының ішкі және сыртқы саясатқа қатынасы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Саяси модернизация
    Несиелер: 5

    Пән саяси модернизация теориясын, кезеңдерін, тарихи даму байланысын қарастырады. Модернизацияның әлеуметтік факторлары, мақсаты, критерийлері, негізгі бөліктері. Саяси модернизацияның моделдері. Модернизация кезеңіндегі жүйенің құндылықтарының мәні және ролі. Модернизация кризистері. Посткоммунистік мемлекеттердегі саяси модернизацияның ерекшеліктері. Қазақстандық қоғамдағы модернизацияның әлеуметтік, экономикалық, саяси негіздері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық сайлау жүйе
    Несиелер: 5

    Пән Европа, Азия, Америка елдерінің сайлау жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін қарастырады. Студенттерге сайлау жүйесінің құрылымы және мазмұны, мәні туралы білімді қалыптастырады. Сайлау жүйесінің негізгі түрлерін ашады және олардың жетістігі мен кемшіліктеріне ерекше көңіл аудара отырып, мемлекеттің партия жүйесімен байланысын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Саяси кеңес
    Несиелер: 5

    Бұл пән қазіргі саяси процесс контекстінде саяси кеңес берудің теориялық–методологиялық негізін оқытады. Бұл пәнді оқыту саяси кеңес берудің қалыптасуын түсінуге, саяи косалтингтің ұлттық моделдерін, мәнін, қайнар көздері жөнінде түсінік береді. Меңгеру дағдалары: саяси маркетинг тәжірибесінде жалпы және ерекше дағдыларды меңгеру, саяси бренд, саяси жарнама, мемлекеттік коммуникация компанияларының маркетингтік технологияларының интеграцияларнаған жүйесін жүргізу және меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстандағы қазіргі саяси процесстер
    Несиелер: 5

    Discipline studies political processes in the Republic of Kazakhstan, their specifics related to economic, social and political modernization. Discloses the democratization of public life as a trend of the modern political process in Kazakhstan.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Саяси консалтинг
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты Қазақстан және әлемдегі саяси кеңес беру қызметін көрсету аймағы туралы және саяси кеңістік қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктеді қалыптастырады. Оқу процесі барысында студенттер саяси консалтингтің аспектілерін, теориялық, методологиялық тұрғыдан меңгеруі тиіс. Пәнге сипаттама бере отырып, пәнаралық түсінік және саяси қызмет аймағындағы мәселелерді шешу технологияларын, консалтингтік зерттеулер жүргізу жоспарлар құруды ұйымдастыра білулері керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Саяси партиялар және партиялық жүйе
    Несиелер: 5

    Саяси партия және партиялық жүйелерді талдау. Партиялық жүйе және саяси ұйымдастырудың теориялық негіздері жөнінде базалық білім беру. «Партия және партиялық жүйелер» курсын оқытудың негізгі міндеті саяси партия және партиялық жүйелер теориясы негізі білімін меғгерген маманды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Парламентаризм және президенттік билік институтының салыстырмалы анализ
    Несиелер: 5

    Қазіргі кезеңде парламентаризм кең таралған, прогрессивті сипатталатын демократиялық қоғамдық басқару жүйесі болып табылады. Бұл пән президенттік биліктің қалыптасу кезеңдерін және парламенттік, мемлекеттің біріктіретін, тұрақтандыратын бастамасындағы ролі және ішкі және сыртқы қатынастарға төнген қауіптерді жеңу, демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік бастамашы ретінде және беделді халықаралық қатынастар субьектісі екендігін ашып түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сайлау процессі: механизмі және процедуралары
    Несиелер: 5

    Пән мына мәселелерді ашып көрсетеді: Саяси процестің субьектілері. Саяси процесс-азаматтардың сайлауға және сайлануға құқықтарын жүзеге асыру механизмі ретінде. Саяси процестің түсінігі және сатылары. Саяси процедуралар және технологиялар, оларға қойылатын жалпы талаптар. Сайлауды белгілеу. Сайлауды белгілеу құқығының субьектілері, олардың әрекетіне шағымдану және жауапкершілік. Сайлауды белгілеудің құқықтық кепілдігі. Сайлашулар тізімін құрастыру, толықтыру, жаңарту, сайлаушыларды тізімге алу. Сайлаушыларды қосымша тізімге тірке және өзгерту тәртібі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
    Несиелер: 6

    Бұл пән біздің республикамыздың мемлекеттілігін нығайту және сыртқы саясат құбырылысының ролін оқытады және қарастырады. Әлемдік қоғамдастық және көрші елдермен қарым-қатынастағы егемендік кезеңіндегі даму басымдықтарын қарастыру, сыртқы саясатты талдауды қарастырады. Жаһандық әлемдегі Қазақстанның орыны мен ролін жоғары білімді заманауи мамандар білулері керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі
    Несиелер: 6

    Пән «қауіпсіздік» саяси ғылым категориясы ретінде ұлттық қауіпсіздіктің теориялық, әдістемелік аспектілерін, ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздіктің негізі ретінде ұлттық қауіпсіздіктің геосаяси аспектілерін оқытады. ҚР ұлттық қауіпсіздік концепциясы, ҚР Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің саяси-құқықтық базасы. Жаһандану жағдайында ҚР ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп. ҚР әскери, рухани-өнегелілік, ақпараттық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, экономикалық қауіпсіздігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Әлемдік саясаттағы Қазақстанның орны және рөлі
    Несиелер: 4

    Бұл пән біздің республиканың мемлекеттік орнығуының, құрылысын, сыртқы саясаттағы ролін қарастырады. ҚР үлкен еуразиялық мемлекет, қазіргі әлемдік процестегі мемлекеттің ролі мен орынын анықтау. Егеменді даму кезеңіндегі көрші мемлекеттермен әлемдік қоғамдастық қатынасындағы сыртқы саясатқа талдау жасау. Заманауи жоғарғы білімді мамандарға жаһандану әлеміндегі Қазақстанның орынын ролін білуді қажет етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты
    Несиелер: 4

    «ҚР ішкі және сыртқы саясаты» пәні саяси басқару процесі ішкі жеке процестерді зерттеуге, субьективті және обьективті қатынастардың жүзеге асырылуына, қарсылық көрсету талаптарын қарастыруға, адамдардың тәртібіне әсер ететін саяси технологиялар процесіне қатысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    Жаратылыстану ғылымы аймағындағы (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндер бойынша базалық білімді меңгереді, ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.

  • Код ON2

    Саяси мәдениеттің, құқықтық, этикалық және адамгершілік нормаларын, билік қатынасының реттелуі, қоғам және адам, саяси сөйлеу мәдениетін және диалогтық қарым-қатынастарды жоғары деңгейде көрсете алу.

  • Код ON3

    Мемлекттік саясаттың Қазақстанның экономикалық өміріндегі және оның сыртқы экономикалық қатынастардағы саясатын реттеудегі құралдар мен әдістерін синтездеу.

  • Код ON4

    Саяси бәсекедегі және нарықтық қатынастардағы саяси мәселелерді шешу

  • Код ON5

    Қоғам өмірінің саяси аймағындағы мәселелерді, қоғамдық институттар мен процестердің дамуына саясаттың әсерін талқылау

  • Код ON6

    Жаһандану жағдайындағы көпқырлы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени процестерді және маңызды мәселелерді шешу

  • Код ON7

    Кәсіби қызметте әлеуметтік-гумаитарлық ғылымдардың әдістерін қолдана алу.Саяси нақтылық өзгерісіндегі жаңа білімдерді меңгеру және бейімделу

  • Код ON8

    Саяси даму мәселелері бойынша өз ойларын негіздеу, жеткізу, дәлелдеу, саяси үрдістірді моделдеу және салыстымалы анализ жасау.

  • Код ON9

    Жаһандық деңгейде және елдегі, аймақ, ұлттық саяси процесстердің дамуына болжау жасау

  • Код ON10

    Мемлекеттік билік органдарының қызметінің бағдарламалары мен жоспарларын, мақсатын объективті бағалау.

  • Код ON12

    Егеменді демократиялық мемлекеттің дамуына бағытталған экономикалық, әлеуметтік, ұлттық мәдени идеологиялық және басқа да іс-шараларды қамтитын ішкі саясатты іске асыру.

  • Код ON13

    Мемлекеттік билік органдарының қызметінің бағдарламалары және концепциялары, қоғамдық қажеттіліктерді қалыптастыру мақсатында мүдделерді ескеру.

  • Код ON14

    Саяси технологияларды қолдануда саяси шешімдерді қабылдау және жүзеге асыруда процестерді оңтайландыру.

  • Код ON15

    Ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруды басқаруда мемлекеттік әртүрлі басқару аймағындағы ұйымдастыру және басқару қызметін жетілдіру

Top