Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02231 Тарих в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Түрік тіліндегі дыбыстар: қалыптасуы, артикуляциялық ерекшеліктері, сөздерде орналасу тәртібі, қызметтері және өзгерістерге ұшырау заңдылықтарын кәсіби және тұлғалық тұрғыдан оқытады. Оқу және сөйлеу, тыңдау мен түсіну процесінде қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология саласындағы білімдерді қолданады. Әңгімелесу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    «Ататүрік принциптері» пәнінің мақсаты ХІХғ. соңы – ХХғ. басындағы Осман империясының құлауы мен түрік халқының тәуелсіздік үшін күресіне ұласқан тарихи іс-әрекеттерді қарастыру болып табылады. Алғашқы түрік мемелекетінің іргесін салған Мұстафа Кемал Ататүрік негіздеген принциптерін талдау және ашу. Түрік ұлтының көшбасшысы ретінде Мұстафа Кемалдың тарихи суретін сипаттау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Түркі мемлекеттерінің тарихы түркі тілдес халықтардың тарихы мен мәдениетін, олардың даму ерекшеліктерін дүниежүзілік тарихтағы бірыңғай процесс ретінде зерттейді. Түркі халықтары тарихының маңызды құрамдас бөлігі ретінде қазақ пен Қазақстан тарихына көңіл бөле отырып, түркі әлемінің нақты даму көрінісін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты түркі сопылығының негізін салған Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен ілімі, негізгі ұстанымдары; түркі халықтары тарихында және бүгінгі күндегі Ясауи ілімінің маңызын таныту болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстанның ежелгі заман тарихы
    Несиелер: 4

    Қазақстан жеріндегі ежелгі заманнан XIII ғ. дейінгі негізгі кезеңдері мен тарихының аса күрделі оқиғалар мен процестерін қарастырады. Қазақстан ежелгі заман тарихы курсы көршілес елдердегі халықтардың тарихымен тығыз байланыста және өзара іс-әрекетте болған тарихи оқиғаларды көрсете білетін Отан тарихының тарихи үрдістерінің негізгі мен жалпы бағыттарын айқындауға міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қосалқы тарихи пәндер
    Несиелер: 4

    Тарих ғылымының салыстырмалы түрде дербес салалары болып табылады. Олар өзіндік әдістерді қолдана отырып, тарихи деректердің формасы мен мазмұнының жекелеген түрлерін немесе жекелеген аспектілерін зерттейді. Арнайы тарихи пәндерге палеография, дипломатика, генеология, геральдика, сфрагистика және эпиграфика, тарихи метрология, нумизматика, бонистика, тарихи география, тарихи информатика, мұрағаттану, тарихи ономастика, тарихи антропонимика және т.б. жатады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Түрік тілі пәнінде тілдің лексикасы, сөздердің жасалу жолдары, жалғаулары мен жұрнақтары туралы мәлімет беріледі. Сөзжасамның негізгі жолдары, көп мағыналы сөздердің мағынасы, сөз тіркестері және түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөздердің қолданылу ерекшеліктерін үйретеді. Конструкциялық диалог ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын нұсқауларға сәйкес жүзеге асырады. Көпмәдениетті, көпэтикалы, копконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Білімгерлерді кәсіпке баулиды, бағыт-бағдар береді. Ғаламтор мүмкіндіктерін кең ауқымда қолдана отырып, халықаралық бизнес мектептердің тәжірбиесіне сүйеніп бизнес кейспен, ойын түрінде кәсіпкерлік ойлауды дамытады. Білімгерлер әлемдегі кәсіпкерлік, стартап мәдениет, заманауи стартап мәдениеті, кәсіпкерлік пен инновацияның жаңа тенденциялары, салық, директор басқа да компания құрылымы және оның жұмысын танысады және кәсіпкерліктегі бәсекелестік орта туралы біледі. Нәтижеге жету үшін іс-әрекеттерді нұсқауларға сәйкес орындайды, дағдысын көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Адам мен қоршаған орта арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сипаттайтын пән. ҚР Азаматтық қорғаныстың міндеттері, қауіпсіздік туралы негізгі заңдар, төтенше жағдайдың түрлері (табиғи, техногендік, әлеуметтік), алдын алу және жою принциптері оқытылады. Сонымен қатар, халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын өткізу, ұйымдастыру негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі дүние тарихы. Еуропа
    Несиелер: 3

    Ежелгі дүние тарихы б.з.д. ІІ мың жылдықтардан бастап б.з. ІІ ғасырына дейінгі Европа елдерінің тарихында мемлекеттіліктің бастауы мен негізі қалыптасқан тарихи даму кезеңін антика заманы мєдениетін, құлиеленушілік құрылыстың өріс алуына негіз болған теңсіздік пен таптық қатынастардың қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады. Б.з.д ІІ мың жылдықтаң аяғынан басталған Грек-Рим мемлекеттерінің тарихи даму кезеңдерін, б.з.д. ІІ мың жылдықтарда Эгей өркениетінің гүлденуіне байланысты Греция тарихының ең ежелгі кезеңін оқып, тарихи дамудың сабақтастығын ұғынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Еңбекті қорғау
    Несиелер: 5

    Еңбекті қорғау пәні – еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасауға, оқытуға, зерттеуге қабілетті болу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты құқық негіздерін және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Көшбасшылық теориясы курсының мақсаты - қоғам өміріндегі көшбасшылықтың маңызы, рөлі мен маңыздылығы, сондай-ақ көшбасшылықтың негізгі технологиялары. Курстың мақсаты: көшбасшылық табиғатымен танысу, көшбасшылықтың негізгі теорияларымен, елдің жаңғыртуының қазіргі кезеңіндегі көшбасшылық рөлі; көшбасшылықтың психологиялық аспектілерін, көшбасшының саяси мінез-құлқын анықтайтын, көшбасшылық имиджін қалыптастыру және насихаттау технологияларын, маркетинг негіздерімен таныстыру, көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі дамыту дағдылары мен дағдыларын үйрету, әрі қарай кәсіби және жеке өсуде, көшбасшылықты дамытудың негізгі үрдістерімен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәңгілік Ел
    Несиелер: 5

    «Мәңгілік Ел» пәнінің іргелі мәселесі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұлттық бағдарлама мәртебесіне дейін көтеріп, жаңартылатын әлемдегі ұғымдардың, қағидалардың және ұстанымдардың мән-мағынасын нақтылайды, әртүрлі көзқарастардың ауқымын қоғамдық сұранысқа орай үйлестіре отырып қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстанның орта ғасыр тарихы
    Несиелер: 4

    Қазақстан жеріндегі 552 ж. бастап 1731 ж. дейінгі кезеңдегі негізгі тарихи оқиғаларды : түрік мемлекеттерінің экономикалық-саяси дамуы, Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы, қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимінің мағынасы, XVI- XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығының саяси жағдайы тарихынан мәліметтерді қамтып оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 2

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" курсы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы негізінде оқытуға ұсынылды. Курстың негізгі мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша білім жүйесін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімділікті қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны төмендегідей оқу материалдарын оқытуды қамтиды: Акмеологияның теориялық-әдіснамалық негіздері. Акмеологияның негізгі ұғымдары мен пәні. Оқыту және тәрбиелеу акмеологиясы. Акмеологиядағы өзін-өзі кәсіби танудың негіздері. Өзін-өзі дамыту. Өздігінен білім алу негіздері. Риторика негіздері. Креативті акмеология негіздері. Креативтілік және жеке тұлға. Кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің дамуы. Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негіздері. Болашақ мұғалімдердің кәсіби әлеуетін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Этнология
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты: этнологияның ғылым саласы ретінде қалыптасуы, мақсат, міндеттері, ғылыми бағыттары мен мектептері туралы ой қалыптастыру. Пән этнологияның зерттелу деңгейі туралы, бұл саладағы бүгінгі мәселелер туралы түсінік береді. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: этникалық тарих пен этногенез; әлем халықтарының тұрмыстық-мәдени классификациясы; заманауи этникалық процестер

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәдениет және дін
    Несиелер: 5

    Дін мәдениеттің субстанциясы, ал мәдениет – діннің формасы туралы ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді, конструктивті ойлайды, өзінің көзқарасын идеяларға жүгіну негізінде дәлелдейді. Қоғамдық жүйе ретіндегі діннің барлық аспектілері әлеуметтік-мәдени салада көрінеді. Өзіндік тұжырым қалыптастыру үшін әртүрлі көзқарастарды мақсатты түрде зерттейді, командада өз ойын нақты жеткізеді, жаңа шешімдерді нәтижеге сәйкес ұсынады. Өзге халықтардың мәдениетіне толерантты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы сандық технологиялар бүкіл әлемдегі кәсіпорындар мен мекемелерді дамыту үшін жаңа құралдар береді. Осы пәнді оқу нәтижесінде болашақ мамандардың сандық ресурстарды құру, игерілетін салада бұлтты және интерактивті технологияларды пайдалану салаларындағы кәсіби құзыреттілігі жетілдіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі дүние тарихы. Азия
    Несиелер: 3

    Ежелгі дүние тарихы адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттерің тарихы болып табылады. Ежелгі Шығыс елдері (Қытай, Мысыр, Үндістан, Таяу Шығыс т.б.) тарихына қатысы бар барлық мағлұматтар, алғашқы мемлекеттердің пайда болуы, дамуы, дағдарысқа ұшырауы мәселелері, өзіндік ерекшеліктері оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Латын графикасы және орфография
    Несиелер: 5

    Графика-жазу кезінде қолданылатын символдар жиынтығы, орфография-біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесі. "Латын графикасы және орфография" пәні латын жазуын үйретеді. Латын негізді орфографияны үйрену арқылы мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу технологиясын біледі. Кәсіби қызметте шыңдала отырып, іскерлікпен шығармашылығын арттырып өзін-өзі дамыту қабілеті. Тәжірибеде латын графикасы негізінде өз көзқарасын сауатты дәйектейді, рәсімдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әлем халықтарының этнографиясы
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты: әлем халықтары этнографиясы және оның зерттелу тарихы туралы ой қалыптастыру. Пән әлем халықтарының ерекшеліктері, антропологиялық тип бойынша классификациялануы, тілдік ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі, олардың этнографиялық зерттелу деңгейі туралы түсініктер қалыптастырады. Сонымен қатар әр түрлі этникалық топтардың дәстүрлі шаруашылығы, рухани және материалдық мәдениеттері қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл курс - адамның басқа адамдармен қарым-қатынасы болып табылады. Тұлғааралық қарым-қатынас еріксіздіктен, сонымен қатар әртүрлі нақты топтарда пайда болу заңдылығымен ерекшеленеді. Тұлғааралық субъективті қатынастар - бұл әлеуметтік психологияны зерттеу нысаны болып табылатын сол топтың мүшелері арасындағы қарым-қатынастың көрінісі. Тұлғааралық өзара әрекеттесу немесе топ ішіндегі өзара әрекеттестік пәнінің мақсаты әртүрлі әлеуметтік факторларды, осы топқа жататын адамдардың әр түрлі әрекеттерін терең зерттеу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тұрақты даму
    Несиелер: 5

    «Экология және тұрақты даму» пәні экологиялық танымды қалыптастыра отырып, қоғам мен табиғаттың тұрақты даму негіздері туралы терең білімді қарастырады. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ұлы Жібек жолының қалалары
    Несиелер: 4

    Ұлы Жібек жолының тарихын, бағыттарын, халықаралық сауданың дамуын зерттеу, Отырар, Көкмардан, Сауран, Сығанақ Қалашығы қалаларының пайда болуы. Ұлы Жібек жолы қалаларын тарихи-мәдени аудандастыру, Шу-Іле қалаларының сипаттамасы. Урбанизациялық процестердің жүруі. Талғар, Испиджаб, Тараз қалаларының маңызы көрсетіледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыни және жүйелі ойлау
    Несиелер: 5

    «Сыни және жүйелі ойлау» курсы формальды логика, аргументтер теориясы мен практикасы, риторика және ғылыми эпистемология ережелеріне негізделген. Бұл дұрыс тұжырымдар жасай отырып, заттар мен оқиғаларды талдау үшін қолданылатын пайымдау жүйесі. Пәннің мақсаты ретінде, адам кез-келген ақпаратты, тіпті өзінің наным-сенімдерін сұрақ қоятын ойлау тәсілдерін зерттеу болып табылады. Белгілі бір қауымдастықтың ойлау деңгейінің сыни деңгейіне көшу осы қауымдастықтың өркениетті дамуының басталуы үшін қажетті шарт болып табылады деп саналады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жобалар және процестерді басқару
    Несиелер: 5

    Жобаларды басқарудың мәні және түсінігі, жоба мақсаты туралы білімін тәжірибе жүзінде қолданады. Жобалық және тұрақты қызметі, ұқсастығы және ерекшелігі, жобаның фазалары және сатыларын кәсіби тұрғыдан жетілдіреді. Жобаны басқару қызметтері: жоспарлау, басқару, бақылау, ұйымдастыру, әкімшілік және басқа жалпы жүйелік қызметтерін меңгереді. Жобалардың классификациясын, жобаны аяқтау процесін, жобаны түзетуші іс-қимылы және тәжірибиесін, жобаны ақтау мерзімінің мәні мен маңыздылығын ұйымдастыруда заманауи білім беру әдістемесін және технологиясын қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халықаралық ұйымдар тарихы
    Несиелер: 5

    Халықаралық ұйымдар тарихы пәні ХХ-ХХІғғ. құрылған халықаралық ұйымдардың құрылуы және ыдырауы тарихынан мәліметтер береді. Олардың қазіргі таңда халықаралық саясатта атқарып отырған ролін анықтайды. Халықаралық ұйымдардың құрылымын, қызметін, тарихы мен маңызын оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Орта ғасырлардағы Азия мен Африка елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Ортағасырлық мемлекеттердің құлиеленушілік қоғамнан феодалдық тәртіпке өткен кезеңінен басталған тарихи кезеңді қамтып, орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің саяси-экономикалық тарихын және мәдениетін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тарихи өлкетану
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: өлкені аймақтық ерекшеліктері мен оны зерттеудің спецификасын ашып көрсету. Сонымен қатар, туған өлкенің тарихын зерттеу әдістерін оқытады, білімді қалыптастыруда археология мен этнографияның маңызын қарастырады, ономастика, топонимика, география және т б. зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы
    Несиелер: 4

    Пәннің негізгі мақсаты – студеттерде адамзат қоғам дамуының заңдылықтарын түсіну, оның шаруашылық және қоғамдық қызметтерінің ерте кезеңдегі дамуын объективті-тарихи түрде қалыптастыру. Пәннің басты мазмұны антропологиялық, этнографиялық, археологиялық деректер бойынша адамзат қалыптасуын зерттеу болып табылады. Алғашқы қоғам тарихын зерттеуде археология, антропология, этнография салалары толқтырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мұражай және ескерткіштерді қорғау
    Несиелер: 5

    Бұл пән мұражай ісінің пайда болуы мен дамуын, музей ісін ұйымдастыру қызметі мен пәнді оқыту әдістемесін қарастырады. Пәннің теориялық-практикалық және ғылыми-әдістемелік негізін жасайды. Музейтанудың теориясын, практикасын, тарихнамасы мен дерекнамасын, пән әдістемесі мен музейлік педагогиканы оқытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Орта ғасырлардағы Еуропа және Америка елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Курс мақсаты орта ғасырлар кезеңіндегі Батыс елдерінің тарихын, ортағасырлар қоғамының дамуының маңызды мәселелері мен заңдылықтарын оқыту және студенттердің тарихи танымын қалыптастырып, адамзат тарихын ғылыми тұрғыдан тану. Ортағасырлар тарихы ежелгі дүние тарихының жалғасы және жаңа заман тарихына дейінгі жалпы тарихтың негізгі оқиғаларын, процесстерін, құбылысын, заңдылықтарын үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тарихнама
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: тарих ғылымының даму заңдылықтары мен спецификалық ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыру. Пән: тарихи ғылымның дамуының имманенттік және сыртқы факторларын, тарихи білімнің қозғалысына негізгі тарихи-философиялық концепциялардың әсер ету дәрежесін анықтау, тарихнамалық талдаудың принциптері мен әдістерін үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Археология
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты: Археологияның тарихи ғылым ретінде орны мен маңызы, археологиялық зерттеу үдерісі туралы білімдерін қалыптастыру.Студенттер археологияның негізгі ұғымдары, оның зерттеу әдістері жәнеҚазақстанның негізгі археологиялық ескерткіштері туралы білім алады. Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: археология пәні, оның мақсат-міндеттері; негізгі терминдері; археологиялық зерттеудің негізгі әдістері; археология және жаратылыстану пәндері арасындағы байланыс, Қазақстанның археологиясының негіздері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
    Несиелер: 4

    Отандық және шетелдік тарихнаманың теориялық тұжырымдамалары негізінде жаңа заман кезеңіндегі отандық тарихтың тарихи процестерін сипаттау және талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы тарихи процестер мен оқиғаларды, олардың тарихи заңдылықтарын анықтай отырып, бағалау қабілетін қалыптастырады. Пән Қазақстанның жаңа дәуірінің тарихи даму үрдістерін зерттеуге бағытталған

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі өркениеті
    Несиелер: 5

    Түркі өркениеті негіздерін, олардың адамзат қоғамының дамуына ықпалын және көне заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі өркениеттердің даму тарихымен байланыстыра отырып оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тарихи антропология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: пән тарихи антропология негіздерімен таныстыруға бағытталған. Онда антропогенез, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының антропологиясы қарастырылады. Қазба барысында табылған адам сүйектерін зерттеу тәсілдері, осы саладағы жетістіктер қаралады. Орталық Азия аумағындағы тарихи тұлғаларды антропологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мысалдары келтіріледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі халықтарының тарихы
    Несиелер: 5

    Түркі халықтарының тарихы пәні студенттерге өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды мақсат етеді. Түркі халықтарының көне дәуірден бүгінге дейін тарихы оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тарихи демография
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Қазақ хандығынан күні бүгінге дейінгі Қазақстан аумағындағы тарихи демографияның негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері сипатталады. Пәнді оқыту барысында қазақ халқының саны, қалыптасуы мәселелеріне ерекше назар аударылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Деректану
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Тарихи деректер бойынша тарихи шындықты сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы тарихи дереккөздердің табиғатын, олардың толықтығын, нақтылығын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады, тарихи шындықты талдау және бағалау және оның тарихи-ақпараттық әлеуетін анықтау үшін. Пән деректану принциптерін, жіктелуі мен жүйеленуін, тарихи деректерді сынаудың негізгі кезеңдерінің мазмұнын зерттеуге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тарихты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тарихты оқыту әдістемесі – мектептегі тарих курсының мазмұнын, мақсатын, оқыту құралдарын, әдістері мен тәсілдерін анықтайтын ғылыми педагогикалық пән. Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту методикасының өзіндік оқытудың методикалық жүйесі қалыптасқан.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстанның ортағасырлық қалалары
    Несиелер: 5

    Орта Азиялық және Қазақстандық керамика даму тарихында ортағасырлық керамика тарихы қарастырылады. Керамика технологиясының ерекшеліктеріне, аймақтық керамика ерекшелігіне назар аударылады. Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық қалаларын қазу барысында табылған сырттан келген керамика түрлері, олардың ерекшеліктері сипатталады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мұрағаттану
    Несиелер: 4

    «Мұрағаттану» пәні білім алушыларға мұрағаттардың қалыптасуы мен қызметінің заңдылықтары туралы базалық білім береді, мұрағаттану саласына байланысты заңдар және негізгі нормативтік-әдістемелік құжаттармен таныстырады, мұрағаттарда құжаттарды жинақтау және құжаттардың құндылығын сұрыптауға байланысты, оларға ғылыми-анықтамалық аппарат құру, сақталуын қамтамасыз ету және түрлі мақсаттарда пайдалану, сондай-ақ мұрағаттық құқық, менеджмент және маркетинг туралы түсініктерін кеңейтеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еуропа мен Американың қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 4

    Европа, Америка елдерінің қазіргі заман тарихы пәні бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен қазіргі уақыт аралығындағы Еуропа мен Американың жетекші мемлекеттерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тарихын дүниежүзілік тарихтың аясында байланыста оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы Қытайдың маньчжур бодандығына түскеннен бастап бірінші дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезеңді қарастырып, елдердің саяси-экономикалық тарихын оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еуропа мен Американың жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Еуропа мен Америка елдерінің жаңа заман тарихы ХҮІІ-ХХғ. басы аралығын, ағылшын буржуазиялық революциясынан бастап бірінші дүниежүзілік соғыс аралығындағы тарихи процесстерді оқытады. Еуропа мен Американың жетекші мемлекеттерінің тарихында орын алған тарихи процесстер жан-жақты қарастырылады. Буржуазиялық революциялар, ұлттық мемлекеттердің құрылуы, отарлау саясаты, империалистік соғыс сияқты құбылыстар талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлемдік қайраткерлер: өмірі мен саяси қызметі
    Несиелер: 5

    Әлемге танымал саясаткерлер мен мемлекет басшыларының қызметі мен өмірі тарихын оқытады. Сонымен қатар, олардың жүргізген саясаты ерекшеліктері және қабылдаған заңдары мен реформалары туралы мәлімет береді. Дүниежүзілік тарихта танымал қайраткерлердің тұлғалық қасиеттері, өзіндік ерекшеліктері, үлгі аларлық болмысы талданады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы Ресейдің княздік және патшалық кезеңінен бастап сонау ХХғ. басында КСРО мемлекетінің құрылып ыдырауына дейінгі тарихты қамтиды, яғни VІІІ-ХХғ. аралығындағы Ресейдің саяси-экономикалық тарихынан мәлімет береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тарих ғылымының методологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Тарих ғылымының теориясы мен методологиясының қағидаларын, категорияларын, негізгі ұғымдарын меңгерту. Оқыту аспектілері: әлемдік тарих ғылымы методологиясының басты ғылыми мектептері мен бағыттарының қалыптасуы мен концептуалды ерекшеліктері қарастырылады. Тарихи зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері мен дағдылары меңгертіледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі заман кезеңіндегі Азия және Африка елдерінің тарихы
    Несиелер: 4

    ХХ ғасыр басынан бастап, бірінші және екінші дүниежүзі соғысы жылдарындағы Азия және Африка елдерінің жағдайын, сонымен қатар, соғыстан кейінгі кезеңдегі Азия және Африка елдері тарихының әлемдік қауымдастықтағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени байланысын оқытады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстандағы халық-ағарту ісінің дамуы
    Несиелер: 5

    Қазақстандағы халық ағарту ісінің даму тарихы пәні – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы халық–ағарту жүйесінің даму ерекшеліктерін, мәдени-ағарту саласындағы мұсылмандық білім беру ошақтарының маңызы мен ролін ашып көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ислам өркениеті
    Несиелер: 5

    Ислам өркениеті пәні діннің құндылықтары негізінде қалыптасқан әлемдік өркениеттің дамуын зерттейді. Ислам өркениетінің алғашқы нышандарының қалыптасуы, көшпелі және қалалық мәдениеттердің жаңа рухани негізде біріге бастауы, ежелгі тайпалық діндердің тоқырауы және жалпыарабтық этникалық сананың пайда болу мәселелері көрсетіледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тарихи процесс пен таным теориясы
    Несиелер: 3

    Ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық негіздері, методологиясы, тарихи танымдылық принциптер, ұстаным-талаптары, адамзат дамуының тарихи заңдылықтары оқытылады. Белгілі теориялық бағыттармен, мектептермен, концепциялармен және оның өкілдерінің көзқарастарын оқыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті
    Несиелер: 5

    Қазақ халқының рухани және заттай мәдениеті ислам құндылықтары мен қазақы салт-дәстүрге негізделген. Қазақ мәдениетінің әлемдік өркениеттер жүйесінде алатын орнын көрсету арқылы Қазақстан тарихында орын алып келген евроцентристік ағымдар, кеңестік идеология бұрмалауларының олқылықтары жойылады. Халқымыздың бай рухани және заттай мұрасы жан-жақты салалы түрде игеріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркістан тарихы
    Несиелер: 5

    Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмiрiнде маңызды орын алатын көне қалалардың бірі - Түркістан қаласының өткен тарихын қазіргі уақытқа дейінгі аралықта қарастырады. Түрлі тарихи кезеңдердегі процесстерді қала тарихымен байланыста оқытып, қаланың тарихи келбетін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ хандықтарының тарихы
    Несиелер: 5

    Пән қазақ хандығының құрылу және қалыптасу, даму және құлдырау кезеңдері, оның қоғамдық-саяси құрылысы, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы мәселелерін қарастырады. ХҮ-ХІХ ғғ. Қазақ хандығы орталықтанған мемлекет болды. Осы жылдары қалыптасқан қазақ елінің шекарасы, тілі, салт-дәстүрі мен мәдениеті оқытылады, ұлттық мемлекеттілікті негіздеуге бағытталады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлемдік өркениеттер тарихы
    Несиелер: 5

    Дүние жүзілік өркениет негіздерін, олардың адамзат қоғамының дамуына ықпалын және көне заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі өркениеттердің дамуын тарихымен байланыстыра отырып оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркия Республикасының тарихы
    Несиелер: 5

    Туркияның тәуілсіздік үшін күресінің алғышарттары, Түркия Республикасының құрылу тарихы, әлемдік тарихта алар орны және қазіргі таңдағы жағдайы туралы білім береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Османлы мәдениеті тарихы
    Несиелер: 3

    Османлы тарихы үлкен тарихи кезеңді қамтитын болғандықтан, Османлы мемлекетінің мәдени тарихын оқыту маңызды. Әлем мәдениеті тарихының ішінде Османлы мәдениетінің орны қаншалықты екендігін түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы
    Несиелер: 3

    Дәстүрлі қазақ қоғамы туралы түсінік беру, қоғамдық құрылыс, әлеуметтік бөлініс, қоғам ішіндегі қарым-қатынас, заңдар жинағы, билер соты т.б. саяси-әлеуметтік құрылымдарды оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Орта Азия халықтары мәдениетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты көне заманнан қазіргі заманға дейінгі аймақтағы халықтардың мәдениеті мен өнерінің тарихын оқып-үйретеді. Студенттерге жалпы Орта Азия халықтарының мәдениеті мен оның даму тарихының кезеңдерінен мағлұмат береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан тарихын зерттеудің теориялық әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстан тарихын зерттеудің қалыптасқан және жаңа теориялары мен әдістемелерінің негіздерін оқытады. Тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын, тарихи мектептердің ғылыми зертханасын, жекелеген тарихшы-ғалымдардың тарих жазудағы және зерттеудегі ұстанымдарын, Қазақстан тарихы ғылымының қазіргі кезеңдегі даму деңгейін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан әлемдік қауымдастықта
    Несиелер: 5

    Қазақстан әлемдік қауымдастықта пәні Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастықтағы рөлі мен орнын зерттейді. Тәуелсіз Қазақстанның аса маңызды оқиғалары, қоғамдық-саяси құбылыстар, әлеуметтік-экономикалық дамуы, интеграциялық үдерістері Халықаралық ұйымдармен байланысы, туралы жан-жақты мағлұмат беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Тарихи оқиғаларды сипаттауда дереккөздерді талдау әдістерін анықтайды; Отандық және әлем тарихы оқиғалары мен олардың салдарларын сыни түрде талдайды

  • Код ON2

    Тарихи пәндер саласында практикалық білімді қолданады; тарихты оқытудағы білім берудің негізгі міндеттерін шешудің басым бағыттарын және тақырыпты оқыту мақсатын анықтайды

  • Код ON3

    Тарих методологиясының рөлі мен маңызын, тарихи ғылымның функцияларын түсіндіреді, антропологиялық зерттеулерді, тарихи дереккөздердің ішкі және сыртқы сынын жүргізеді; деректану және тарихнамалық зерттеулерді бағалайды және қорытындылай; тарих ғылымының әр түрлі бөлімдері бойынша ауқымды білімді, заманауи әдіснамалық тәсілдер мен тарихнамалық үрдістерді қолдана алады

  • Код ON4

    Дүние жүзі тарихы өркениетінің мәселелері туралы теориялық білімі бар (ежелгі әлем тарихы, Орта ғасырлар, жаңа және қазіргі заман тарихы); тарихи құбылыстар мен оқиғалардың әлемдік тарихи дамудың жалпы парадигмасымен байланысын анықтауға қабілетті

  • Код ON5

    Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері, сондай-ақ түркі мемлекеттерінің әлеуметтік және саяси тарихы туралы іргелі білімді көрсете алады

  • Код ON6

    Әлемдік және отандық тарихты зерттеуде археологиялық дереккөздерді пайдалануға қабілетті; тарихи өлкетану және аймақтық зерттеулер мәселелері бойынша өз ұстанымын дәлелдейді және негіздейді

  • Код ON7

    Кәсіби білімін жетілдіру үшін отандық тарихи мектептердің жалпы ғылыми әдістері мен әдіснамасын қолдануға қабілетті

  • Код ON8

    Мұрағат құжаттарының, мұражай экспонаттарының сипаттамасын, хронологиясы мен мәдени құндылығын анықтау бойынша міндеттерді шешудің негізгі әдістерін меңгереді және оларды практикалық қызметте қолданады. Мұрағат ісі саласындағы қолданыстағы нормативтік актілерді қолданады

  • Код ON9

    Орыс/қазақ/түрік/ағылшын тілдерінің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтай отырып, әр түрлі стильдер мен жанрлардың ауызша және жазбаша мәтіндерін жасай алады. Тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби, мәдениетаралық қарым-қатынас саласында орыс/ қазақ/ түрік/ ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады

  • Код ON10

    Өзінің әлсіз және күшті жақтарын талдай алады, өзінің оқыту стилін анықтайды және алынған ақпаратты өз әлеуетін дамытуда пайдалана алады

  • Код ON11

    Өз уақытын ұйымдастырудың тиімділігін бағалау және талдау, басымдықтарды көрсете алады, қызметті жоспарлаудың үздік құралдарын анықтайды және таңдай алады

  • Код ON12

    Топта жұмыс істей алады, өз пікірін ұжымның пікірімен біріктіре алады, даулы жағдайларда нұсқаулықтарға сәйкес дұрыс шешім қабылдау дағдылары мен біліктерін көрсете алады

Top