Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті в Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 7M01701 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» Білім беру бағдарламасының басты мақсаты – тіл мен әдебиет оқытушысына қажетті ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білім мен оларды оқытуда инновациялық технологияларды қолдана алатын, тіл білімі мен әдебиеттің іргелі және қолданбалы бағыттары бойынша базалық түсінігі толыққанды қалыптасқан, қазіргі заманғы филологиялық үдерістер мен құбылыстарды талдаудың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік әдістерін меңгерген маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Басқару психологиясы
Әдебиеттегі жаңа жанрлар және қазіргі көркем сын
Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері
Функционалды лингвистика
Әдебиеттің жаңа бағыттары мен әдеби сынның даму кезеңдері
Жоғары білім беруде қазақ тілін оқытудың әдістемесі
Ғылым тарихы мен философиясы
Салыстырмалы-салғастырмалы әдебиеттану
Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру және әдістемелік зерттеудің методологиясы
Әдеби компаративистика
Жоғары мектептің педагогикасы
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Шет тілі (кәсіби)
-
2 Оқу жылы
Көркем мәтін және сөз өнерінің эстетикасы
Поэтикалық мәтінді талдау және оның интерпретациясы
Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Академиялық хат
Жоғарғы білім беруде қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
Әдеби герменевтика және көркем рецепция
Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері
Қазақ тілінің тарихы және түркологиялық ізденістер
Ғылым және білім берудегі сандық сауаттылық
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тұлғалық дамуына өзек болатын, ғылыми зерттеулер жасау барысында идеяларды пайдалануға жол ашатын, жоғары білім алу деңгейінде кәсіби жетілуін жүзеге асыра алатын білім негізі меңгеріледі.
- Қазақ тіл білімінің теориялық заңдылықтарын, даму тарихын, қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары мен тіл ғылымындағы ғылыми және педагогикалық-инновациялық еңбектермен танысып, қазақ тіл білімінің мәселелерін шешуге бағытталған зерттеулер жүргізіледі.
- Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануы салаларында өзіндік зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді интерпретациялау әдістері мен тәсілдері меңгеріледі.
- Педагогикалық әдіс-тәсілдерді кәсіптік қызметте қолданып, жаңа білімді сапалы бере білу дағдысын қалыптастырып, жаңа шешімдер ұсынылады.
- Қазақ тілі мен әдебиетін ЖОО оқытуда инновациялық және сандық технологияларды өз саласындағы кәсіптік қызметте қолданып, ғылыми зерттеулер нәтижесін компьютерлік үлгілеу тәсілдері меңгеріледі.
- Білім беру саласындағы жаңа ақпаратты игеріп, қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалануда кәсіби сауаттылық таныта алады.
- Ағылшын тілінде ғылыми ақпараттарды өңдеп, сөйлеу үдерісінде коммуникативтік мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері меңгеріліп, лексикалық қорлары толықтырылады. Шет тілінде ғылыми зерттеулер жасап, кәсіби деңгейде меңгеріледі.