Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындығы бар еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау. Лингвистикалық/әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту, ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру және инновациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Педагогикалық-психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Компьютерлік лингвистика
Ғылым тарихы мен философиясы
Шетел тілі /кәсіби/
Білім берудегі оқыту технологиялары
Фольклордың тарихилығы
Гендерлік лингвистика
Тілдік мотивация негіздері
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Қазіргі тіл біліміндегі мәтін және дискурс
Қазақ әдебиетіндегі психологизм
Өлең теориясы
Әлеуметтік лингвистика
Қазіргі қазақ прозасының поэтикалық жүйесі
Дәстүрлі жыраулық мұра және ақындық поэзия
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылымның көпқырлы, көпастарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде қызмет ететіндігі, ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері, мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым-қатынаста дамитындығы туралы терең білім қалыптастырады. Экономика және құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласындағы құзыреттері қалыптасады. Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгереді. Психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы мәселелерді шешуге және дәлелдерді құрастыруға инновациялар мен ғылыми әзірлемелерге негізделетін дамудың интенсивті әдіс-тәсілдерін тұжырымдайды. Жоғары мектеп оқытушыларының білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолданып, білім берудегі жаңа парадигмалар танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктейді. Оқу процесінде оқыту технологиялары мен білім беру ресурстарын қолданады.
- Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық қағидаларын меңгереді. Қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезеңдерін тілдің жаңа бағыттарымен байланыстыра отырып, тәжірибеде қолдануға қабілетті болады. Ұлт пен этнос мәдениетіндегі ерлер мен әйелдер тіліндегі ерекшеліктер, оның мәні, тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік қызметі мәселелерін талқылай алады.
- Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілері туралы білімі қалыптасады. Әдебиет дамуының заңдылықтарын, ішкі, сыртқы факторларын тұжырымдайды. Халқымыздың рухани мәдениетi, әдебиетi, жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы жөнінде білім алады. Фольклордың даму тарихы мен теориясына, поэтикасына қатысты мәселелерді жаңаша зерделей алады. Фольклор туралы ғылымның соңғы жетістіктері мен жаңалықтарына талдау жасау қабілеті артады. Поэзия, проза тілінің бейнелеу құралдары, тәсілдері, тілдік ерекшеліктері, т.б. меңгеріп, сөз өнерінің өсу-даму кезеңдерімен, әдеби тарихи процеспен байланыста қарастырады.
- Көркем шығармадағы психологизм табиғатын танытудағы жазушының шеберлігін саралай алады. Ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық тұрғыда түсінік алады. Қазіргі тіл біліміндегі дискурс теориясы және оның тіл білім жүйесіндегі қызметі, прозалық және поэтикалық мәтіннің өзекті мәселелерін, қазақ тілін оқыту үдерісіндегі оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін қарастырады. Антропоцентристік бағыттағы талдаулар мен парадигмаларды ұштастыра біледі, тұжырымдай алады, сонымен қатар алған теориялық және іргелі білімдерін практикада және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады. Зерттеушілік дағдысы қалыптасады, дамиды.
- Қазақ көркем сөз өнеріндегі жазушының суреткерлік, стильдік сипатын, көркем шығарманың құрылымдық ерекшеліктерін, кейіпкер психологиясын әлемдік әдебиеттану тұрғысынан байыптайды. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, көркем шығармаларды теориялық тұрғыдан талдау, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу қабілеті қалыптасады. Әдебиеттанудың даму ерекшеліктері мен өзекті мәселелеріне, теориялық зерттеулер мен тұжырымдарға талдау жасайды. Көркем шығарманы жан-жақты талдап, бағалауға, әдеби салыстырмалы талдаудың түрлерін игеруге, көркемөнерге сыни көзқарас қалыптастыруға дағдыланады.
- Көркем туындыдағы ұлттық ерекшеліктерді қоғамдық ой-санамен біріктіре зерделей алады. Ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алады. Тілдік бірліктерді прагматикалық аспектіде қарастырудың ғылыми-әдістемелік тәсілдерін меңгереді. Тілдегі лингвистикалық парадигмада талқыланатын проблемалық ізденістерді жүйелей біледі. Тіл білімінің, әдебиеттанудың, әдістеменің теориялық негіздерін ғылыми тұжырымдармен қорытындылай алады.