Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D10103 Медицина в Санжар Жафарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Оқыту нәтижелері

  • ON1 Осы салада қолданылатын зерттеу әдістері мен біліктілігі бойынша шеберлілігін, оқыту саласында түсінгендігін жүйелі түрде дарынды көрсету;
  • ON2 Ғылыми зерттеулердің кешенді жүйесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету;
  • ON3 Ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайық ғылыми аймақтың шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қосу;
  • ON4 Жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу; өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қалың жұртшылыққа хабарлау;
  • ON5 Мамандық бойынша даярлықтың таңдалған бағыты шеңберінде медицинадағы педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінің қазіргі заманғы әдіснамасын, ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын, өзекті міндеттерін сипаттау;
  • ON6 Денсаулық сақтаудағы ғылым мен инновацияның рөлін; деректерді статистикалық талдаудың қазіргі заманғы әдістерін және олардың негізгі үдерістерді, қазіргі заманғы ғылыми медициналық ақпаратты, өзінің кәсіби қызметі саласындағы ғылыми-негізделген практиканың принциптері мен әдістерін мониторингілеу және бағалау үшін маңызын сипаттау;
  • ON7 Денсаулықсақтау дамуының негізгі жетістіктері мен үрдістерін; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру принциптерін және әдістерін; жоғары мектепте медициналық пәндерді оқыту әдіснамасын; ғылыми және педагогикалық дайындықтың таңдалған бағыты шеңберінде кәсіби қызметтің теориялық және практикалық негіздерін қолдану;
  • ON8 Заманауи эпидемиология және биоэтика теориясы мен тәжірибесінің негіздерін қолдану; Медициналық және биомедициналық ғылыми зерттеулерде сандық және сапалық талдау әдістерін; еркін меңгеру деңгейінде кемінде бір шет тілін, оның ішінде медициналық және ғылыми ақпаратты пайдалану;
  • ON9 Өзінің кәсіби, ғылыми және педагогикалық қызметін жоспарлау және жүзеге асыру, медицинадағы нақты зерттеу, ақпараттық-іздестіру, әдістемелік міндеттерді шешу үшін өзінің тәжірибиелік жұмысында іргелі ғылымдар бойынша білімді пайдалану; әлеуметтік-маңызды мәселелер мен процестерді ғылыми талдау;
  • ON10 Медицинадағы ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану; білімді интеграциялау және оларды дұрыс, логикалық-байланысты ауызша және жазбаша нысанда көрсету;
  • ON11 Дағдыларды қолдану: өзіндік зерттеу жұмыстарын, бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру; логикалық және сыни ойлау, сендіру және шешімдерді дәлелдеу; жаңа ақпараттық және білім беру технологиялары арқылы кәсіби білімді тереңдету;
  • ON12 Кәсіби қызмет саласындағы әртүрлі үрдістер мен құбылыстарды моделдеу және болжау, стандартты зерттеу және педагогикалық міндеттерді шешу; кәсіби функцияларды өз бетінше, шығармашылық орындау, өзін және өз еңбегінің нәтижелерін объективті бағалау.
Top