6B04104 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тәжірибелік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар мамандарды даярлау; бітірушіге экономиканың нақты секторында, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында табысты жұмыс істеуге, еңбек нарығында әлеуметтік-ұтқыр және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін білім алушыларда жалпы мәдени және жеке қасиеттерді, жаңа форматтағы басқарушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Курсты оқудың мақсаты экономикалық ойлау тәсілін дамыту, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен дамуы
Мемлекеттік қызметтің пайда болуы және оның даму тарихы, мемлекеттік қызмет ауқымымен оның қажеттілігі, мелекеттік басқару және саясат, басқару және саяси стратегияларының өзара әсері тұжырымдамаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі. Пәннің мақсаты: Студенттерге қазіргі мемлекеттік басқару тәсілдері жөнінде ақпараттар беру, тиімді мемлекеттік бағдарламаларды бағалау және оны жасау төңіргіндегі нақты басқару технологияларының жетістіктерін қолдануды қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық теория
Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық ғылымның өзекті теориялық мәселелері және оның экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы практикалық қосымшалары бойынша өз ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту; білім алушылардың экономикалық теорияның қолданбалы аспектілері саласындағы аналитикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді жалпылау, өз ұстанымын қорғауда дәлелдерді тұжырымдау және негіздеу қабілетін дамыту; өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кәсіби қарым қатынас пен коммуникацияны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық жүйесі
"Құқық жүйесі" пәнін игерудің мақсаты білім алушылардың ұлттық заңнама саласында білімді, дағдылар мен құзыреттерді игеруі болып табылады. Курс бойынша қоғамдық қатынастар мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде қарастырылады, құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: студенттерді кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық басқару саласында теориялық біліммен, кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізудің практикалық дағдыларын игеруге көмектесу, бизнес-жоспар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтау және пайдалану
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Микроэкономика
"Микроэкономика" пәні cұраныс пен ұсыныс теориясы тұрғысынан тұтыну нарығындағы шаруашылық субъектілерді талдау, өндіріс теориясы, шығындары және т.б. тақырыптарды қарастырады. Пәннің мақсаты: фирма, салалар өндірісі, тауар икемділігі, сұраныс пен ұсыныс туралы және жетілген, жетілмеген бәсеке нарықтары жағдайларын зерттеуді, олардың арасындағы қатынастарды қолданбалы түрдегі есептермен сабақтастырып жүзеге асырылуды көздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Маркетинг
Маркетинг – коммерциялық компанияның тауарлары мен қызметтерің тұтынушыларға, компания үшін, тиімді сатылуын жүзеге асыратын іс-әрекеттердің жиынтығын қамтиды. Пәннің мақсаты: маркетинг элементтері мен принциптерін қолдану бойынша практикалық тәжірибелерді игеру негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Менеджмент
Курстың міндеттері: Білім алушылардың ұйымдағы басқару саласындағы теориялық білімді меңгеруі, оларды практикада қолдану білігін меңгеруі және басқару қызметінде қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыру дағдылары. Пәннің мақсаты: Менеджмент теориясы мен практикасын дамытудың тарихи кезеңдерін, басқару функциясының ерекшеліктерін және оларды практикада іске асыруды зерделеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бухгалтерлік есеп негіздері
Курстың міндеттері: Оқытылатын пән білім алушылардың теориялық білім мен практикалық есепке алу дағдыларын алуына арналған. Білім алушылар есепке алудың негізгі қағидаттарын, есепке алуды жүргізу әдістерін зерделейді, есепке алу объектілері мен негізгі есепке алу көрсеткіштері туралы түсінік алады. Курстың мақсаты: Түрлі салаларда практикалық білімнің жаңа тәсілдерін алу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономиканы мемлекеттік реттеу
Оқу барысында студент экономиканы басқарудың негізгі модельдерін, нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігін, кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық және экономикалық мүдделерін игереді. Пәннің мақсаты: студенттерге экономикалық реттеудің негізгі бағыттарын және макроэкономикалық реттеу процесінде мемлекеттік органдардың принциптері мен қызметінің мемлекеттің экономикалық саясатына әсерін түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Макроэкономика
Макроэкономиканың қарастыратын негізгі мәселелері: экономикалық өсу және оның қарқындары; экономикалық цикл және оның себептері; жұмыстылық деңгейі мен жұмыссыздық мәселесі; бағалардың жалпы деңгейі мен инфляция мәселесі; пайыз мөлшерінің деңгейі мен ақша айналымының мәселелері; мемлекеттік бюджеттің жағдайы; бюджеттік тапшылығын қаржыландыру мәселесі және т.б. Пәннің мақсаты: макродеңгейдегі экономикалық құбылыстар туралы жүйеленген білімді қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Статистика
Курстың міндеттері: ҚР статистикасының тарихы, пәні мен әдісі, статистикалық байқаудың мақсаттары мен міндеттері қарастырылады. Статистикалық деректер, соның негізінде талдау жасалатын көрсеткіштер қолданылады. Графикалық кестелер, диаграммалар, графиктер табиғи, шығындар негізінде жасалады. Пәннің мақсаты: қоғам өмірінің жаппай құбылыстарын, кәсіпорындар мен салалардың қызметін, сондай-ақ ел экономикасының статистикалық көрсеткіштерін және әртүрлі салалардағы кәсіпорын қызметінің нәтижелері мен жағдайларын статистикалық талдау әдістерін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан экономикасын басқару
Қазақстан экономикасын тиімді басқару, Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару, халық игілігінің жоғары деңгейіне жету үшін инвестициялық үдерістерді басқару ерекшеліктерін анықтау секілді бағыттарды қарастырады. Пәннің мақсаты: студенттерге заманауи экономикадағы күрделі үдерістерді дұрыс түсіну үшін Қазақстан экономикасын басқару әдістері мен негізгі тәсілдері, негізгі экономикалық категориялар жайлы білім беру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Бұл пән жасанды интеллекттің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру сияқты негізгі ЖИ технологияларымен танысады. Сонымен қатар, Python негізінде деректерді талдау және ЖИ модельдерін әзірлеу дағдыларын үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру.Инклюзивті білім беру барлық балалар әртүрлі оқытуды қажет ететін тұлға болып табылады деген ұстанымға бағытталған әдіснаманы дамыту. Мақсаты: Инклюзивті білім беру ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету модельдері туралы түсініктер қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару этикасы және мәдениеті
Мемлекеттік қызметті жетілдірудің шетелдік тәжірибесін талдау негізінде экономикалық ойлау мен сананы әзірлеу, Қазақстанның мемлекеттік қызмет этикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін негіздеу. Пәннің мақсаты: студенттердің басқару этикасы мен мәдениеті туралы теориялық білім кешенін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және таңдалған тақырып бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдармен ақпараттық материалдарды таңдау, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыра отырып, болашақ мамандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық модельдерін зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау және болжау
Пәнді игеру барысында, білім алушылар әлеуметтік жобалау нысандарына, әлеуметтік жобалау кезеңдеріне, әдістеріне, технологияларына, әлеуметтік жобаларды сипаттауға, жобалау бағыттарын анықтауға және т.б. қатысты сұрақтарға жауап іздей алады. Пәннің мақсаты: студенттерге қажетті мамандандырылған білім беру, әртүрлі типтегі жүйелерді жобалау мен болжаудың ғылыми негіздері, әлеуметтік процестерді болжау және жобалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
Табиғат пен қоғамның орнықты дамуының негізгі заңдары, тірі жүйелер арқылы энергия мен зат алмасу қозғалысының заңдары, эко жүйелермен бүкіл Био Сфера заңдары, табиғатты қорғау мен ұтымды пайдаланудың және адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара іс-қимылының негізгі принциптері және қауіпті жағдайларда қолайсыз факторлардан қорғау жүйесі мен еңбекті қорғау негіздерін авариялық-қауіпті кешенді білім. Студенттерге адам өмірінде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда өмір сүрудің алғышарттарын ұйымдастыруға және кәсіпорындарда Еңбекті қорғаудың негізгі аспектілерін қамтитын білім мен дағдыларды қалыптастыруға үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салық және салық салу
«Салық және салық салу» тәжірибе жүзінде студент – экономистердің барлығы жуық, әсіресе мемлекеттік қызметке жұмысқа тұруға ынталы қаржыгерлер оқып - үйренетін негізгі оқу пәні болып табылады. Пәннің мақсаты: салық салудың теориялық негіздерін, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, экономиканы реттеудің салықтық құралдарын және оларды қолдану мүмкіндігін оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік басқарудағы бюджеттік үдерістер
Бәсекелестік жағдайында стратегиялық жоспарлаудың проблемалық аспектілерін, бюджеттік процестерде стратегиялық жоспарлау мен болжау тетіктерін түсінуге қабілетті. Курстың мақсаты басқару жүйесінің қазіргі заманғы сұраныстарына сәйкес келетін және қатаң бәсекелестік пен сыртқы тұрақсыздық жағдайында ұйымның негізгі құндылықтарын қалыптастыру процесін реттеуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоспарлау мен бюджеттеудің тығыз байланысы мен қатаң дәйектілігін түсінуді қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стратегиялық басқару
Бұл курста білім алушылар стратегиялық басқарудың теориясы мен заманауи тәжірибесін, стратегиялық көзқарасты дамытудың негізгі кезеңдерін оқып біледі. Мақсаттардың жіктелуі мен даму стратегияларын, ішкі және сыртқы ортаның диагностикасын, ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі деңгейін анықтайтын негізгі әдістер мен тәсілдерді игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аймақтық экономика және басқару
Өңірлік экономика-елдің жекелеген өңірлерінде өнеркәсіп салалары мен экономикалық ғылым кәсіпорындарын ұтымды орналастыруды, өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды, шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық түрлерін өрістету үшін жағдай жасауды, өңірдің өндірістік салаларын жетілдіруді зерделейді. Пәннің мақсаты: Қазақстанның түрлі өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері туралы түсінікке ие болу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салық саясаты
Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және ЖҰӨ ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Пәннің мақсаты: ҚР қазіргі салық саясатының теориялық аспектілерін зерттеуден, сонымен қатар Қазақстанда салық саясатының негізгі бағыттарын және, елдегі салық реформасы мен Қазақстанның салық заңдылығының негізгі концепцияларын кешенді оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекетті басқару теориясы
Мемлекеттік басқару теориясы тұтастай алғанда қоғамдағы және оның жекелеген бөліктеріндегі мемлекеттің реттеуші және қызметтік функцияларын, процестер мен қатынастарды, мемлекеттің билік-басқару өкілеттіктерін жүзеге асырудағы саяси, құқықтық, экономикалық және басқа да әлеуметтік теорияларды қамтамасыз етуді көздейді. Пәннің мақсаты: білім алушыларға қазіргі қоғамдық өмірдегі мемлекеттік басқару үдерісіндегі күрделі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсінуге көмектесу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік менеджмент
Мемлекеттік менеджмент пәні заманауи менеджердің қызметін, басқару шешімдерін қабылдау әдістері мен стильдерін, басқару тәжірибесін жалпылауды, фирмалардың қоғаммен байланысын, басқару шешімдерінің процестерін көрсетуді қамтиды. Пәннің мақсаты: нарықтық қатынастарды тереңдету мен дамытудың қазіргі жағдайы өндірісті ұйымдастырудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын игеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салық есебі
Пән салықтық жоспарлау, талдау және салық төлемдері бойынша бағыттарды, бухгалтерлік есепте ставкаларды есептеу әдістері мен схемаларын зерттейді. Салық салу үшін кірістер мен шығыстарды тану ережелерінің модельдерін қалыптастыру, декларациялар жасау және табыс салығын есептеуді дұрыс қолдану. Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің салық есебін жүргізу және салық декларацияларын жасау саласында теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мемлекеттің инвестициялық саясаты
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған инвестиялық саясат және оның бағыттары, инвестиция тарту критерийлері, инвестиция типтері, инвестиция тартудың оң және теріс бағыттары қарастырылады. Пәннің мақсаты: инвестициялық қызметінің саясатын жан-жақты зерттеу, нақты инвестициялық мүмкіндіктерді бағалауға қатысты талдау мен шешімдер қабылдаудың әртүрлі әдістерін пайдалануды үйрету
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнес жоспарлау
«Бизнес жоспарлау» пәні жоспарлаудың мазмұнын жан-жақты ашады, бизнес туралы білімдер кешенін құрайды, әртүрлі жоспарлау қызметін жүзеге асыру, басқару жүйелерін талдау және оларды жобалауда нақтылы дағдыларды тудырады. Пәннің мақсаты: студенттер арасында бизнес-жобаларды табысты жүзеге асыру үшін бизнес-жоспарлардың жобаларын құрау мен жүзеге асыру әдістерін игерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құрылымдық-инвестициялық саясат
Бұл курста елдің инвестициялық қызметі, инвестициялық саясаты мен климаты, оны заңнамалық қамтамасыз ету, қаржыландыру көздері, инвестициялық жоба және оны талдау мен бақылау, нақты және қаржылық портфельдерді инвестициялау ұғымдары қарастырылады. Курстың міндеттері осы тақырыпты өзекті зерттеуге, инвестициялық жобаларды талдаудың теориялық негіздеріне, жаңа білім алуға, инвестициялық шешімдер қабылдау үшін инвестициялық жобалардың қаржылық-экономикалық тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен әдістерді әзірлеуге негізделген.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономикалық талдау
Экономиканың әртүрлі құрылымдары бойынша даму жағдайы мен тенденциясын талдай білу, кірістер мен шығыстар сметасын құру, трендтерді талдау және олардың негізінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар жасау, ресурстар мен дайын өнім бағаларын талдауды игеру. Пәннің мақсаты: шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуетін қалыптастырудағы жоспарлаудың теориялық негіздерін меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Фирмаішілік жоспарлау
Нарықтық экономикадағы фирмаішілік жоспарлауды ұйымдастыру, фирмаішілік шығындардың жіктелуі, өнімнің өзіндік құнын жоспарлау т.б. бағыттарды қамтиды. Пәннің мақсаты: кәсіпорын қызметін басқаруда фирмаішілік жоспарлау принциптерін талдай білуді игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақша. Несие. Банк
Ақша айналымы мен несиенің теориялық негіздері мен заңдылықтарын зерттеу, банк жүйелерінің жұмыс істеу және реттеу заңдылықтарын білу, қазіргі ақша, қаржы, банк, несие жүйелері мен олардың элементтерін құру және ұйымдастыру процесін талдау. Курстың мақсаты: білім алушыларда ақша, банк, несие теориясы саласында теориялық және қолданбалы білім мен дағдыларды қалыптастыру, олардың мәнінің, функцияларының, заңдарының, қазіргі экономикадағы рөлінің тарихи және теориялық аспектілерін ашу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылық дамуын мемлекеттік реттеу
Ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеудің мәні өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік және ауылшаруашылығы коммерциялық ұйымдары қызметінің басқа да салаларындағы аграрлық қатынастар болып табылады. Пәннің мақсаты: білім деңгейін мамандандыру тәжірибесімен толықтыра отырып, студенттерге іс-әрекет стилін, мәдениетін, басқарушылық және бағынысты қызметтік қарым-қатынас мәселелерін білуге үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Монополияға қарсы реттеу
Монополиялық қызметті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданудың негіздерін түсіндіреді. Пәннің мақсаты: мемлекеттің монополияға қарсы саясатты ұйымдастырудың теориялық және тәжірбелік негіздерін зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шаруашылық қызметті талдау
Экономикалық қызметті талдау курсында білім алушылар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін білуге, экономикалық қызметті талдау және басқару шешімдерін қабылдау ерекшеліктері тәрізді функцияларды игереді. Пәннің мақсаты: кәсіпорында болып жатқан экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін, олардың өзара байланысы мен тәуелділігін терең зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік қаржы
ҚР-ның бюджет жүйесі, бюджеттердің жеке түрлерінің мазмұны мен мақсаттары, бюджет жүйесін басқару бойынша қаржы органдарының жұмысы қарастырылады. Пәннің мақсаты: бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану – құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік қызметті құқықтық реттеу
«Мемлекеттік қызметті құқықтық реттеу» пәні студенттердің мемлекеттік қызметке кіруге, оны өткеруге және тоқтатуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайын (мәртебесін) айқындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының негіздері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты: ҚР-да мемлекеттік қызметті қабылдау, өту және тоқтату шарттарымен байланысты құқықтық реттеудің ерекшеліктерін түсіну.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұйымдағы өзгерістерді басқару
«Ұйымдағы өзгерістерді басқару» пәні экономистерді, менеджерлерді, қоғамдық ұйымдар саласындағы мамандарды және мемлекеттік қызметкерлерді дайындауда қажетті бөлім болып табылады. Пәннің мақсаты: студенттердің білім деңгейін мамандану тәжірибесімен толықтыра отырып, ұйымдар іс-әрекетінің мәнерін, мәдениетін, басқарушы мен бағынушы қызметтік қарым-қатынас мәселелерін білуге үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекет және бизнес
Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы кәсіпкерлік одақтар, сауда-өнеркәсіп палатасы, сауда-өнеркәсіп палаталары арқылы мемлекет пен тікелей байланысты және кәсіптік оқытуды ұйымдастырушы ретінде жұмыс істеуге үйретеді. Пәннің мақсаты: экономиканың әртүрлі салаларындағы: өнеркәсіп, құрылыс, ауылшаруашылығы және әлеуметтік саладағы үкімет пен бизнес арасындағы қатынастарды зерттеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік басқару және СЭҚ
Сыртқы экономикалық қызметтің бағыттарын, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту қажеттілігіне, елдің сыртқы экономкалық байланыстарын дамыту қажеттілігіне, елдің сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге ықпал ететін факторларды қамтиды. Пәннің мақсаты: студенттерге мемлекеттік басқарудың теориялық және тәжірибелік аспектілерін оқыту мен мемлекеттік басқарудың негізгі құралдарымен жұмыс істеу дағдысына ие болуы керек.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясаттың негіздері, бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын жетілдіру мүмкіндіктері, бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын қалыптастыру жолдарын түсіндіруді қарастырады. Пәннің мақсаты: студенттерге ұлттық бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы «ұлттық экономиканың басқа елдерде өндірілетін тауар және қызмет түрлерімен бәсекелестік күрес жағдайындағы тауар және қызмет түрлерін өндіруі мен тұтынуына қабілеттілігі туралы ақпарат беру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өзгерістер мен жаңашылдықты басқару
Өзгерістер барысындағы туындаған мәселелерді анықтау, оларды шешу әдістерін анықтауды үйренеді. Пәннің мақсаты: Білім алушы ұйымдарды өзгерістерді жаңашылдық негізінде басқаруды меңгереді. Кәсіпорындағы баға саясаты, баға өзгерістері, шығындармен жұмыс жасау жолдарын түсіндіру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру
Мемлекеттік қызметтің пайда болуы және оның даму тарихы, мемлекеттік қызмет ауқымымен оның қажеттілігі, мелекеттік басқару және саясат, басқару және саяси стратегияларының өзара әсері т.б. тақырыптарды қамтиды. Пәннің мақсаты: студенттер курсты оқу процесі барысында нақты шешім қабылдауда, мәселелерді талдауда, қолайсыз жағдайларда қандай нақты шешімдер қабылдау қажеттігін оқып біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттің тұрақты даму стратегиясы
Мемлекеттің экономиканы реттеудегі құрылымдық функциялары, мемлекетік басқару, әлеуметтік жауапкершілік, мемлекеттік-жеке әріптестік негіздері мен қалыптасу жолдары қарастырылады. Пәннің мақсаты: білім алушыларды құрылымдық басқару курсын игеруге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына үйретуге, құқықтық мәдениттерін қалыптастыруға, құқықтық нормаларды қолдану тәжірибесін талдауға үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты нарықтық экономика елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданудың негіздерін түсіндіреді. Пәннің мақсаты: мемлекеттің монополияға қарсы саясатты ұйымдастырудың теориялық және тәжірбелік негіздерін зерттеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару шешімдерін әзірлеу
Курс басқару шешімдерінің рөлін және олардың негізгі түсініктерін ашады, саладағы басқару жағдайын талдау және кәсіпорынның ішкі ортасының жағдайын талдау процедураларын қарастырады. «Басқару шешімдерін әзірлеу» пәнін меңгерудің мақсаты – студенттердің ұйымның стратегиясына сәйкес басқару шешімдерін әзірлеу және олардың салдарын бағалау дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі
Экономикалық қауіпсіздікті заңнамалық-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері, мемлекеттің, өңірлердің, кәсіпорындардың экономикалық қауіпсіздігі мәселелері қаралады. Пәннің мақсаты: студенттердің ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білімді меңгеруі және осы салада белсенді қызметке даярлау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шет елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу
Шетелдерге экономиканы қалыптастыру және реттеудің заманауи теориялық және практикалық мәселелері, шетелдерде экономикалық реттеу кезеңдері, мақсаттары, нысандары, шетелдерде нақты тарихи-табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайында мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдалану сипаты мен әдістерін қарастырады. Пәннің мақсаты: шетелдерде нақты тарихи-табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайында мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдалану сипаты мен әдістерін игерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мемлекеттік қызметте басқарушылық шешімдерді әзірлеу
Бұл курста басқарушылық шешімдер әзірлеудің тиімділігін арттырудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылады. Курстың мақсаты: басқару шешімдерін қабылдау қабілеті, ақпаратты бағалау әдістерін қолдана білу, проблемаларды анықтау, шешімдердің оңтайлы нұсқаларын бағалау және таңдау әдістерін игеру барысында, басқару шешімдерін іске асыру сапасын қамтамасыз ету үшін реттеуші әсер ету құралдары мен технологияларын қолдану дағдылары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономиканың нақты секторын мемлекеттік реттеу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің əлеуметтік жəне институционалдық аспектілерін және экономиканың нақты секторларын мемлекеттік реттеу әдістерін қарастырады. Пәннің мақсаты: студенттерге экономиканың нақты секторы салаларының дамуы мен оның негізгі ұғымдары, категориялары, заңдары бойынша жүйелі көзқарастарын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ұйымдастырушылық мінез-құлық
Пән ұйымдық мінез-құлықтың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеуді, топтық жаттығуларды, іскерлік ойындарды өткізу процесінде теориялық материалдарды бекітуді, ұйымдастырушылық даму әдістемелерін тексеруді қарастырады. Пәннің мақсаты – ұйымның ішкі және сыртқы ортасының динамикалық өзгеретін жағдайында ұйымдық мінез-құлықты басқарудың заманауи тәсілдерін, ұйымдық мінез-құлықты, ұйым мәдениетін анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Табиғи ортаны сақтау, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар қаупі мен туындауы кезінде күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасауға және қолдауға қабілетті. Көпмәдениетті ортада тиімді қарым-қатынас жасай алады. Ғылыми дүниетаным мен философиялық ойлауға, ғылыми зерттеу әдістерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін түсінуге қабілетті.
- Экономиканың, қаржының, есепке алудың, менеджменттің, статистиканың, маркетингтің және кәсіпкерліктің негізгі тұжырымдамаларын бағалауға қабілетті, максималды экономикалық нәтижеге қол жеткізуді ескере отырып, экономиканы дамытудың экономикалық заңдылықтары негізінде шешімдер қабылдауға, алған білімдерін экономикалық кеңістіктегі нақты жағдайды бағалау үшін қолдануға қабілетті. Классикалық экономикалық теориялар мен модельдерді микро -, макро - деңгейде қолдану мүмкіндіктерін түсіну, сыни талдау және бағалауға құзіретті.
- ҚР бюджетіне салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің түрлерін, салықтарды есептеу және төлеу тәртібін бағалауға, кәсіпорында салық есебін ұйымдастыруға, есептілік жүргізуге, бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу бойынша есептер жасауға, ақша айналымы, банк қызметі саласындағы қазіргі заманғы проблемаларды талдауға қабілетті.
- Мемлекеттің шаруашылық қызметін кешенді талдаудың негізгі қағидаттарын, әдістемесін, қаржылық жай-күйін талдау мониторингінің әдістемесін бағалауға, инвестициялар мен инвестициялық қызметке байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамаларды, мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын, инвестициялық қызметті қаржыландыру көздерін, инвестициялық жобалардың құрылымы мен өмірлік циклін, белгісіздік пен тәуекелді ескере отырып, олардың тиімділігін бағалау әдістерін, тиімді қаржылық инвестициялау негіздерін талдауға қабілетті . Ақпаратты іздеу, өңдеу, сақтау және ұсыну дағдыларымен ЖИ модельдерін құрастырып, оларды нақты мәселелерде қолдана алады. Кез-келген ортада физиологиялық ерекшеліктері бар тұлғаларға тең мүмкіндіктер мен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
- Инновациялық жобаны жүзеге асыруды бағалауға, инновациялық қызметті ұйымдастырудың ұтымды нысанын таңдауға құзыретті, мемлекетті стратегиялық басқару және кез келген саланың стратегиясын әзірлеу мәселелерінде заң шығарушылардың қызметін талдауға, ішкі мемлекеттік саясаттың даму тенденцияларын көруге, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмыс істеу ерекшелігін көрсетуге қабілетті.
- Құқықтық және этикалық нормалар туралы алған білімдерін бағалауға және оларды кәсіби қызметте пайдалануға, нормативтер мен заңнамалық актілерді талдауға, шешімдер қабылдауға қабілетті. Басқару және олардың нәтижелері үшін жауап береді. Шетелдегі, елдегі және өңірлердегі, сондай-ақ ауыл шаруашылығының жекелеген салалары бойынша әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайды талдауға құзіретті.
- Монополияға қарсы саясатты, жоспарлауға, мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы ғылыми зерттеулердің, эмпирикалық және жүйелі талдаудың нәтижелерімен жұмысты бағалауға, мемлекеттік сектордағы басқарудың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеуге қабілетті.
- Фирмалардың ішкі және сыртқы ортасын талдауға және қабылданған шешімдердің ұзақ мерзімді салдарын болжауға қабілетті. Басқарушылық міндеттерді шешу үшін мотивация мен биліктің негізгі әдістерін қолдана отырып, басқарудың заманауи әдістері мен құралдарына ие. Көшбасшылық саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларды дербес бағалай алады, өндірістегі қатынастар механизмін қалыптастыру кезінде ішкі жоспарлау әдістемесі мәселелерінде құзыретті.
- Заң шығарушылардың қызметін бағалауға, ішкі мемлекеттік саясаттың даму үрдістерін түсіне отырып, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмыс істеу ерекшелігін көрсетуге құзіретті. Экономика мен кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін реттеу саласында нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қабілетті.
Ұқсас БББ
6B04104 Мемлекеттік және жергілікті басқару
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)
6B04104 Мемлекеттік және жергілікті басқару
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B04104 Мемлекеттік және жергілікті басқару
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B04104 Мемлекеттік және жергілікті басқару
Шымкент университеті