Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04104 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Шымкент университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету саласында жоғары деңгейдегі білікті мемлекеттік қызметкерлерді, еліміздің экономикасын бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы міндеттерді орындау барысында мықты талдаушылық, зерттеушілік, көшбасшылық қасиеттерге және командалық жұмыс дағдыларына ие мамандарды дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық мәселелерін түсіну. Ғылымның біртұтастығы идеясын түсіндіру үшін адам өмірінде болып жатқан құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды жалпылау және талдау. Тұрақты даму мақсатындағы жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.
  • Қаржы-экономикалық және экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінде бағдарланады, сыни ойлау дағдыларын көрсете отырып, ғылыми зерттеулер әдістерін кәсіби салада қолданады. Академиялық адалдық принциптерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтайды.
  • Микро-макро деңгейлерде нарықтық экономиканың жұмыс істеу заңдылықтарын, экономикалық теорияның және халықаралық экономиканың тұжырымдамалары мен категориялары туралы іргелі білімді қалыптастырады. Өнімділікті басқарудағы менеджмент және маркетинг рөлін зерделейді. Кәсіби қызметінде менеджменттің және халықаралық менеджменттің заманауи әдістерін қолданады, нарық конъюнктурасын талдап, маркетингтік зерттеулер жүргізеді.
  • Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін қарастырады, мемлекеттің инвестициялық, ақша-несие, бюджет-салық, монополияға қарсы, аймақтық, әлеуметтік, миграциялық, өндірістік, экологиялық, сыртқы экономикалық саясатты жүргізудің негiзгi бағыттарын айқындау және талдау дағдыларын қалыптастырады.
  • Экономикалық саясаттың мақсаттарын, элементтерін, құралдарын және экономикалық реформалардың бағыттарын зерделейді, экономикалық мәселелерді талдайды. Экономиканы болжау және жоспарлаудың көрсеткіштерін есептейді және талдау әдістемесін меңгереді, Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың перспективаларын бағалайды.
  • Бизнесті ұйымдастыру үдерісін, бизнестің құнын бағалаудың заманауи тәсілдері мен әдістерін зерттейді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, мемлекет және бизнестің өзара іс-қимылының принциптері мен формаларын, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын саралайды. Сыртқы экономикалық сауда саясатында халықаралық коммерциялық кәсіпкерліктің және бизнес коммуникацияның стратегияларын қолданады.
  • Мемлекеттік органдардағы менеджмент саласындағы кәсіби дағдыларды меңгереді, мемлекетті басқарудың әдістері мен құралдарын қолданады, мемлекеттік стратегиялық құжаттар мен бағдарламалардың іске асырылуын талдайды, мемлекеттік басқаруды құқықтық қамтамасыз етуді қадағалайды.
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қаржы-экономикалық тиімділігін бағалау үшін статистикалық деректер базасын қалыптастырады, қажетті ақпаратты жинаудың, өңдеудің, талдаудың заманауи әдістерін меңгереді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін, қаржылық есептілігін талдайды, қаржылық бақылауды жүргізіп, оның нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды береді.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржы, қаржы ресурстары, мемлекеттік бюджет жүйесі, қаржылық қызметті бюджеттеу бойынша заңнамаларды зерттейді. Мемлекеттік бюджет жобаларын жоспарлайды және әзірлейді, бюджеттің әлеуметтік-экономикалық салаларға әсерін бағалайды, мемлекеттік қаржыны басқарады.
  • Еңбек нарығы экономикасының, адам ресурстарын басқарудың, HR және тайм менеджменттің негіздерін, түрлері мен тетіктерін қарастырады, жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың қазіргі заманғы мәселелерін шешеді, еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды.
  • Мемлекеттік басқаруды және муниципалды менеджментті ұйымдастыруды жетілдіреді, мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы инновацияларды дамытады. Мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастырады, мемлекеттік қызметкер этикасын сақтайды. Кәсіби міндеттерді шешу үшін көшбасшылықтың мәселелерін талдайды, жұмыс уақытының тиімділігін арттырады, ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаларын және басқарудың тәсілдерін қолданады.
  • Инновациялық және инвестициялық климатты құру бойынша мемлекеттің экономикалық қызметін бағалайды. Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтарды зерттейді, әлеуметтік-экономикалық процестерді кешенді талдайды және жоспарлайды, әлеуметтік саланың өзекті мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар береді.
Top