Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M08102 Агрономия (1 жыл) в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Оқыту нәтижелері

  • Шет тілін халықаралық стандарттар деңгейінде және ғылыми стильдің грамматикалық сипаттарын меңгеру; кәсіби ортада жұмыс істеуге қабілетті болу
  • Мультимәдениетті командаларды басқару, көшбасшылықтың негізгі тәсілдемелерін бағалау, ынталандырудың замануи тәсілдемелерін қолдану, дағдарыс жағдайда коммуникацияларды іске асыру, бақылау мен сапаны кешенді басқару
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарын жер пайдалану аумағы бойынша орналастыру кезінде агроландшафтты шарттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу; жоспарланған өнімге органикалық және минералды тыңайтқыштардың мөлшерін есептеу; оларды ауыл шаруашылығы дақылдарына енгізудің тәсілдері мен технологиясын анықтау
  • Интеграцияланған қорғаудың ұтымды әдістерін қолдану; агрофитоценоздардың жағдайын бағалау және өсімдіктерді қорғау әдістерінің үйлесуі мен түзету тәсілдерін меңгеру
  • Агротехнологиялардың әр түрлі деңгейлеріне арналған далалық дақылдарды бағдарламалау әдістерін меңгеру
  • Агрономияда ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдану, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру стратегиясы мен құрылымын қалыптастыру, экономикалық тұрғыдан зерттеуді жоспарлау мен талдауды жүргізу
  • Кологиялық таза өнім өндіру шараларының баламалы жүйесі ретінде бейімделген өсімдік шаруашылығының (егіншіліктің) мақсаты мен негіздерін анықтау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау
  • Осы топырақ-климаттық аймақта егіншіліктің агроландшафтты жүйесінің оңтайлы құрылымын таңдау; нақты аймаққа қатысты агроландшафтты егіншілікті енгізудің экономикалық тиімділігін көрсету
  • Егістік алқаптарының құрылымын оңтайландыру мақсатында ауыл шаруашылығында ресурстарды үнемдеуші технологиялардың негізгі элементтерін енгізу
  • Жердің нақты топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып, жетекші дала дақылдарын өсірудің технологиялық операцияларын әзірлеу; инновациялық технологияларды енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу
  • Өсімдіктердің қоректенуіне диагностика жүргізу, топырақ-агрохимиялық мониторинг жүргізу; жоспарланған өнімге органикалық және Минералды тыңайтқыштардың мөлшерін есептеу; оларды ауыл шаруашылығы дақылдарына енгізудің тәсілдері мен технологиясын анықтау
  • Органикалық егіншіліктің экологиялық принциптерін ескере отырып, жем-шөп дайындаудың ұтымды әдістерін қолдану; егіншілік пен мал шаруашылығын оңтайлы дамыту үшін табиғи жем-шөп алқаптарын пайдалануды жақсарту мақсатында жем-шөп өндірісінің тұрақты жоғары өнімді жүйесін әзірлеу
Top