Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02104 Дәстүрлі жыр (Айтыс) в Қазақ ұлттық өнер университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бакалавр деңгейіндегі ғылыми бағыттағы зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Концерттік қайраткерлік саласында жеке орындаушы, оркестрмен ән салу, әншілік. жыраулық өнер саласының әртісі, концерттік ұжымдардың ұйыстырушысы болады. Ағартушылық бағытта мамандықтан дәріс бере алатын кәсіби ұстаз болады. Өнер саласында инновациялық ізденістерге қол жеткізетін педагог болады. Методикалық талаптарды жетілдіре алатын әдіскер-ұстаз болады
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қазақ ұлттық өнер университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M025 Дәстүрлі музыка өнері
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M021 Өнер
Пәндер
Оқыту нәтижелері
- Қазіргі ғылыми жетістіктерді сын тұрғысынан бағалауға қабілетті; пәнаралық іздеудің ең тиімді стратегияларын таңдауға бағдарланады. Эмпирикалық және эксперименталды деректерді сауатты өңдеуге мүмкіндік беретін аналитикалық қабілеттерді анықтайды, өзінің жеке еркін ғылыми шығармашылығын ұжымның нәтижесіне жауапкершілікпен ұштастыра алады. Философиялық мазмұны бар мәтіндерді қабылдау және талдау дағдысын, пікірталастар мен полемика жүргізу тәсілдерін, көпшілік алдында сөйлеу және өз көзқарасын жазбаша дәлелді баяндау дағдыларын меңгерген
- Мәдениеттану саласындағы кәсіби қызметті жүйелеу және талдау, ұжымды топтастыруға және даулы жағдайларды шешуге ықпал етеді, басқарушылық қызметті психологиялық сүйемелдеудің практикалық дағдыларын меңгерген мәдениет саласындағы қызметтегі функционалдық жай-күйлермен жұмыс істеу әдістері
- Ұлтаралық коммуникация нормаларын еркін меңгеру, ғылыми баяндамалар мен мақалаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін баяндау, іскерлік келіссөздер жүргізу
- Ғылыми институттардажұмыс істей алатын ғылыми қызметкер даярланады. Дәстүрлі ән, жыраулық өнер саласын игерген профильді маман даярланады. Дәстүрлі өнерге қатысты олимпиадалық ғылыми жобаларға жетекші маман бола алады. Жоғары біліктілігі бар деректанушы ғалым, ән, жыр мамандығы бойынша зерттеушісі даярланады
- Концерттік ұжымдарда жұмыс істей алатын көркемдік жетекші қызметкер; Концерттік аудиторияның қажетіне жарайтын мәдени-ағартушы қызметкер; Дәстүрлі ән кештері мен фестивальдарына қатысты мәдени іс-жобаларға жетекші маман, жоғары біліктілігі бар орындаушы, репертуар жасақтай алатын дәстүрлі әнші, жырау -педагог даярланады. Музыка тұрғысында өз өлкесінің дамуы мен тарихы, әдебиеті ,сазы, мақамы мен өлеңдарінің,музыкалық аспаптарын зерттеуші . Музыкалық өлкетану саласының қалыптасуы мен дамуының тарихы туралы түсінігі бар білігір маманы ретінде әдіснама ұсына алады
- Жаңа білімді қалыптастыру бойынша ғылымның заманауи міндеттері шеңберін біледі, музыкалық ғылымның әдіснамалық тәжірибесін қолдану бойынша жаңа материалды ғылыми айналымға енгізеді. Қазақстан музыкатануының қалыптасуы мен дамуының тарихы туралы түсінігі бар
- Музыка білімі саласында ғылыми зерттеу жүргізу ерекшелігін түсінеді және ғылыми мәтіндерді ұсына алады
- Арт-менеджерлік қызметтің түсінігі мен технологиясы бар, арт-индустрия жобаларын құрастыру және жүзеге асыру әдістерін меңгереді
- Білім беру ошақтарында музыка саласындағы методикалық жұмыстарды атқара алады. Жоғары методикалық біліктілігі бар дәстүрлі әнші, жырау-әдіскер даярланады. Арнайы пәндерді оқытудың маманы ретінде жеке орындаушы және ансамбль, оркестрлермен қосылып орындай алады