Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01707 Қазақ тілі мен әдебиеті в ABU

Пәндер

  • Психология және адам дамуы

    Бұл пән адам психикасының жасерекшелік даму динамикасын, психикалық процестер мен тұлғаның психологиялық қасиеттерінің онтогенезін, адамның уақыт өте келе өзгеруін және осы құбылыспен байланысты жеке тұлғаның әлеуметтену ерекшеліктерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    Бұл пәнді оқыту студенттерді ғылыми білім саласы ретінде педагогиканың әдіснамалық негіздерімен, тұтас педагогикалық процестің мазмұнымен және құрылымымен таныстыруға бағытталған. Қазіргі мектептегі оқу процесінің негізгі формалары мен құрылымы айқындалады. Мектептің оқу-тәрбие процесінде қолданылатын негізгі әдістер, формалары және құралдары анықталады, сондай-ақ педагогикалық этиканың негіздері мен педагогикалық қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Қазіргі заманғы білім беру және тәрбие технологиялары, мектепті және мектеп құжаттамасын басқару мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жас ерекшеліктік физиологиясы және мектеп гигиенасы

    Бұл пән болашақ педагог мамандарға балалар мен жасөспірімдердің өсу, даму заңдылықтарын, ағза, ағза жүйелері және олардың жас ерекшеліктері туралы, сонымен қатар оқыту шарттары, оқушыларға тәрбие берудің әсері, оқу бөлмелеріне қойылатын гигиеналық талаптар, мектеп жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар, мектеп жасындағы балаларға арналған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың гигиеналық негіздері туралы заманауи мәліметтер береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экономикалық-құқықтық білім негіздері

    Пән мемлекет және құқық, норма түсінігі және құқықтық мемлекеттің әрекеті, құқықтық қатынастар және құқықтық жауапкершілік, нарықтық экономика саласындағы білім, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік қызмет туралы түсінік қалыптастырады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерінің заңдылықтары мен механизмдерін және онымен күресу әдістерін, заманауи нарықтық инфрақұрылымның негізгі элементтерін зерттейді және өз ісін ашу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ғылыми және экологиялық білім негіздері

    Ғылыми және экологиялық ойлаудың даму тарихы. Ғылым әдістемесі. Ғылыми зерттеулердің негізгі әдістерінің сипаттамасы. Ғылыми зерттеудің кезеңдері мен реттілігі. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау және зерттеулерді ұйымдастыру. Ғылыми жұмыстар зерттеу нәтижелерін ұсыну нысаны ретінде: түрлері мен ерекшеліктері. Экологиялық зерттеулердегі жүйелік тәсілдің негіздері: мақсаты мен міндеттері. Биологиялық қауіпсіздіктің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде адам өмірінің қауіпсіздігі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Тіл теориясы

    Студенттің тіл білімі туралы теориялық білімін жетілдіреді. Тіл білімінің теориялық мәселелері, тілдің барлық салаларының даму заңдылықтары мен өзгеру бағдары туралы мәлімет береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Аталған курс студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдістемелік-теориялық негіздерін меңгертуді, қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдап көрсетуді, оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды тәжірибеде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент

    Бұл пән менеджменттің мазмұнын кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде ашуға бағытталған.Бұл ғылымның отандық және шетелдік авторлардың жұмыстарында дамуы байқалады. Білім беру жүйесін басқарудың негізгі теориялары мен тұжырымдамаларының мазмұны, басқару қызметінің психологиялық аспектілері, принциптері мен тетіктері ашылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Бұл пән тәрбиені тұтас педагогикалық процесте қарастырады, "тәрбие", "тәрбие процесі", "мектептің тәрбие жүйесі", «тәрбие жұмысындағы педагогикалық технологиялар» туралы түсініктерді қалыптастырады. Осы курсты оқу барысында тәрбие жұмысының ерекшеліктері, оқушылар ұжымын қалыптастыру, мектептің ата-аналарымен педагогикалық өзара әрекеттесу технологиясы, тәрбие саласындағы озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау , сондай-ақ қалыптасқан кәсіби құзыреттері бар орта білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет үшін қажетті академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениеті қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Халық ауыз әдебиеті

    Ауыз әдебиетін көркемөнердің барлық салаларымен, ұлттың тарихымен, салт-дәстүрімен, этнографиясымен, философиямен, психологиямен, педагогикамен т.б. ғылымдармен байланыстыра отырып, басқа халықтар ауыз әдебиетімен салыстыра оқыту. Ауысып алу теориясын басты мақсатта ұстану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміне кіріспе

    Тіл білімнің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстырады, тілдің ішкі және сыртқы заңдылықтарын, тілдің қоғаммен, ойлаумен, сөйлеумен, мәдениетпен байланысы, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті және студенттердің тілдік талдау дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фольклористика тарихы

    Пәнді оқу барысында студенттерге әлемдік фольклортану ғылымындағы методологиялық ортақ мәселелері, фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері, тұтас көркемдік жүйесі, жанрлары, этникалық тәсілдері мен құралдары, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы т.б. ауқымды мәселелер жөнінде білім беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Бұл пән жалпы және арнайы білім берудің ажырамас бөлігі ретінде инклюзивті білім беру жүйесі туралы тұтас көзқарасты, инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін мен ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін қарастырады, сондай-ақ даму және мінез-құлықтың әртүрлі ерекшеліктері бар балалармен жұмыста кәсіби әрекеттердің алгоритмін әзірлеу дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ежелгі жыр-аңыздар

    Пәннің мақсаты – қазақ әдебиеті тарихының көнеден жеткен әдеби мұралары мен сөз зергерлерінің туындыларын меңгерту. Ертедегі көшпелі түрік тайпалары, олардан жеткен көне әдеби үлгілер, Түрік ескерткіштері, оғыз-қыпшақ дәуірінен жеткен әдеби мұралар, Ислам дәуіріндегі әдеби мұралар, Алтын орда дәуірінде жазылған әдеби, тарихи еңбектермен таныстырып, түркі халықтарында бар нұсқалармен салыстыра қарастыру. Пәнді оқыту барысында түркі халықтарына ортақ жыр-аңыздардағы тұрмыс-салт, мәдениет, дүниетаным.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби үрдіс

    Заманауи әдеби үдерістің жаңашыл тенденцияларын қарастыру. Қазіргі модернистік және постмодернистік әдебиетке тән поэтикалық жүйе, эстетикалық қағидаттарын меңгеру. Заманауи әдеби үдеріс бағытын айқындап отырған ақын-жазушылар туындылары, шығармашылық тұлғаларына тән сипаттарын талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Пәнді оқу барысында студенттер әдеби және теориялық түсініктер, көркем шығармалар, прозалық жұмыстар мен поэзияны оқыту әдістемесі, әдістемелік ғылымның өзекті мәселелері, оқытудың принциптері мен міндеттері, теориялық тұжырымдамалардың оқыту технологиялары, теориялық тұжырымдамаларды ұйымдастыру, жоспарлауды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • 1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиеті

    Бұл пәнде 1960 – 2000 жылдар аралығындағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, прозаның жалпы өсу бағдарлары, бүгінгі табыстары негізінде барынша толық, тиянақты білім беруге дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

    Курс барысында фонетика туралы түсінік, тілдің қызметі, фонетика, оның нысаны, қазақ тілі фонетикасының зерттелуі, дыбыс, әріп, фонема, транскрипция мен транслитерация, дыбыстарды қарастырудың аспектілері, дыбыстардың түрлері, дауыстылар, дауыссыздар орфоэпия, графика, орфография ассимиляция, синхронизм заңы, ғылым, фонология, дыбыстың құрамы мен қазақ тілінің ерекшеліктері тақырыптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы

    Түркі тілдерінің фонетикасы, дыбыстық жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастырады. Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасының зерттелу тарихынан, әр түркі тілінің өзіндік ерекшеліктерінен мәлімет береді, оларды бір бірінен ажырата білуге үйретеді. Салыстыра оқыту, зерделеу арқылы туыстық ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар жалпы түркі тілдерінің ортақ заңдылықтарымен бірге оларды басқа тілдік жүйедегі тілдерден ерекшелейтін белгілерін жан-жақты талдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Пән мазмұнында әдебиеттану ғылымы және оның салалары, басқа ғылыми пәндер жүйесіндегі орны, әдебиет пен эстетика, сөз өнері жайлы ұғым, әдебиеттану ғылымының туу, даму және қалыптасу кезеңдері, Қазақстандағы әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы, көркем әдебиеттің образдылығы, образ және образдылық, көркем образ түрлері, оның жасалу жолдары, тақырып пен идея, мазмұн мен пішін, сюжет пен композиция, әдебиеттегі тек пен түр тақырыптары қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір әдебиеті

    « Ежелгі дәуір әдебиеті» пәннің мақсаты - біздің заманымызға дейінгі сақтар мен ғұндардың жазу-сызуларынан бастап, заманымыздың VI-XIV ғасырларында қалыптасып дамыған түркілік жазба әдебиетімізге байланысты біртұтас ұғым түсінік қалыптастыру. Ежелгі дәуірдегі әдебиетті көне тарихпен, көшпенділер мәдениетімен сабақтастыру. Әдеби мәдени және тарихи жазба ескерткіштер мен әдеби мұралардың мазмұны мен көркемдік мұратын талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиеті

    Курс барысында студенттер кеңестік кезеңде жазылып жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаяны, шығармашылық ізденістері, олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектер барынша толық қамтылып, дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Нормативтік қазақ тілі

    Бұл пәнде нормативті қазақ тілінің фонетика, орфография, графика, орфоэпия, лексикология, морфология, сөзжасам, синтаксис, сөздердің байланысу формалары, тіркес түрлерін жетік меңгеру, сөз тіркесінің, оған тән белгілерін меңгеру бойынша мектеп бағдарламасында оқытылған мәселелер қамтылады. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру көзделеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Хандық дәуір әдебиеті

    Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық, әлеуметтік, саяси жағдай. Ежелгі түркі поэзиясының жаңа қоғамдық-саяси жағдайдағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы. Жырау және жыршы. Қазақ әдебиеті тарихында жыраулар поэзиясының алатын орны. Жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы. Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Толғау жанрының табиғаты, ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдебиет теориясы

    Курс барысында студенттер эстетикалық ойдың даму кезеңдері, әдебиет теориясының методологиясы, көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі, әлеуметтік сипаты туралы қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс болады. Сонымен қатар әдеби тұлға, орта және автор, шығарманы пайымдау, әдеби туынды, әлем және шығарма, көркем сөз бен мәтін, шығармашылық әлем және әдеби болмыс жайында толық ғылыми мәлімет алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

    Тілдік бірлік ретіндегі сөздің ерекшелігін, тілдік жүйедегі маңызын түсіндіреді, мағына және оның түрлерін, лексикалық мағынаның грамматикалық мағынадан басты айырмашылықтарын танытады. Сөз және оған тән белгілер, лексикалық мағына және оның ұғыммен байланысы, лексикалық мағынаның құрылымы мен түрлері, лексикадағы жүйелік қатынастар қаралады. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары анықталады. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен қоры, қазақ тілі лексикасының дамуы мен құрылымы, оның стиль түрлеріне байланысты жіктелістері сараланады. Сондай-ақ фразеология мәселесі мен лексикография мәселесі де жан-жақты түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақтың билер мен шешен-ділмәрлары

    Халықтың рухани – мәдени өміріндегі өнердің бірі – шешендік өнер. Олардың қатарында Майқы би, Жиренше шешеннен бастап Төле, Қазыбек, Әйтеке, Сырым биге дейінгі билердің өмірі мен ел ішіндегі әдет-ғұрыптық қағида заңдары толық қамтылады. Шешендік өнердің түрлері мен поэтикалық ерекшеліктері талдаулар арқылы түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тіл мәдениетінің нормативті аспектісі

    Студенттердің қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, сатылай комплексті талдауды терең игерту, студенттердің жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жоғары курстарда оқылатын қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі

    Кәсіби тіл адам қызметінің белгілі бір саласына қызмет ететін тәртіптік құбылыс ретінде (мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып). Қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби терминология. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны кәсіби жағдайларда қолдану. Қазақ (орыс) тіліндегі мамандық бойынша пәндік аймақ мазмұнының сипаттамалары. Кәсіби құзыреттілік: қазақ (орыс) тіліндегі мәтіндердегі бағдар, кәсіби мазмұн монологы және т.б.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ тілінің семантикасы

    Семантика ілімінің негізгі ғылыми-теориялық жүйесін, тілдік бірліктердің мағыналық жүйесінің құрылымын, өзіндік ерекшеліктерін терең таныстырады. Қазақ тілінің семантикасының негізгі теориялық ұғымдарын меңгертеді, сөздің мағыналық құрылымын «формадан мазмұнға принципі» негізінде оқытады. Семантика мәселелерінің теориялық ұғымдарын, лексикалық мағына, грамматикалық мағына, сөзжасамдық мағынаның бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын, сөз семантикасындағы макромағыналарды, денотаттық мағынаның, сигнификаттық мағынаның, реляциялық мағына, сезімдік мағына ерекшеліктерін, сөз семантикасындағы микрожүйесін, архисема, өзек сема, ортақ сема, арнайы сема, жіктелген сема ерекшелігі мен айырмашылығын меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

    Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б. сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шет тілі

    Кәсіби тіл адам қызметінің белгілі бір саласына қызмет ететін тәртіптік құбылыс ретінде (мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып). Шет тіліндегі кәсіби терминология. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны кәсіби жағдайларда қолдану. Мамандық бойынша шет тіліндегі пәндік аймақ мазмұнының сипаттамалары. Кәсіби құзыреттілік: шет тіліндегі мәтіндердегі бағдар, кәсіби мазмұндағы монолог және т.б.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жазба жұмыстарының жаңаша негіздері

    Жазба жұмыстарының түрлері мен оны өткізудің жолдарын қарастыру. Оқушыларға жазба жұмыстар және түрлері туралы толыққанды мәлімет беру. Оқушыларға жазба жұмыстарын өткізу жолдарын қарастыру. Жазба жұмыстарында жіберілетін кемшіліктерді түзету жолдарын іздеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХІХ ғасыр әдебиеті

    XІX ғасырдың бірінші және екінші жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдайдың ақындар поэзиясына негіз болып, шығармашылықтарында айқын көрініс табуы, ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап жүйелі түрде хатқа түсе бастауы, зерттелуі қарастырылады. Негізгі өкілдері Дулат, Махамбеттен бастап, ағартушы-демократтар Шоқан, Ыбырай, Абай және ХІХ ғасырдың аяғындағы әнші, сал-серілерге дейінгі ақындар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің тарихи сөзжасам жүйесі

    Тарихи сөзжасам жүйесі көне дәуірлерден бергі сөзжасамның қалыптасуы мен зерттелу тарихын қамтиды. Көне жазба ескерткіштерінде , Орхон Енисей жазбаларындағы жаңа сөздердің жасалу тәсілдерін, сөзжасамдық жұрнақтарды, сөздердің әртүрлі мағынада қолданылуын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Зар заман әдебиеті

    Зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры қамтылады. Зар заман ақындары: Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір, Албан Асан, т.б. шығармашылықтарына талдау жасалып, тақырыптық-идеялық мазмұны айқындалады. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

    Курсты оқыту барсында грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма, грамматикалық құрылым, негізгі грамматикалық ұғымдар туралы ғылыми теориялық білімді жүйелі жүргізудің бағыт-бағдарын ұсынады. Қосымша, көмекші сөз, сөздердің орын тәртібі, қосарлану, интонация, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны құрастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы теориялық білім беруді көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Оқу сауаттылық негіздері

    Мeктeптeгі білім мазмұнын жаңарту және оқу үрдістерін жаңаша ұйымдастыру, педагогикалық негіздерін терең зерттеуді талап етеді. Күрделі мәтіндерді түсіну және түсіндіре білу, оқуды тұтас және тұтас емес мәтіндерді оқыту арқылы уақыт үнемдеу негізінде оқу сауаттылығының тиімді жолын ұсыну. Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау, оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсыну.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шетел әдебиеті

    «Шетел әдебиеті» тарихын оқыту – жеке дара халықтар мен ұлттардың тіршілік-болмысымен жете танысу және оны әдеби-мәдени даму аясында құрастыру. «Шетел әдебиеті» пәні антикалық, орта ғасырдағы және қайта өрлеу кезiндегi әдебиеттiң болмыс-бiтiмi, даму ерекшелiгiн, көркемдiк құндылығын студенттерге оқытуды негізге алады. Пән материалдарын жан-жақты меңгерту, көркем мәтiндi талдай бiлуге дағдыландыру басты міндет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің морфемикасы

    Морфемика саласында қазақ тілінің морфемалар жүйесі, морфеманың түрлері мен басқа тілдік бірліктерден айырмашылығы қаралады. Морфтар, нольдік морфема мен нольдік форма, көмекшілер олардың құрылысы мен қызметі туралы айтылады. Қазақ тіл білімінің осы күнгі қол жеткізген табыстары негізінде студенттерге морфемиканың зерттеу нысаны болып табылатын түбір морфема және аффикстік морфема, олардың түрлері, құрылымы туралы жан-жақты лингвистикалық түсінік қалыптастырып, білім беру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Түркі халықтары әдебиеті

    «Түркі халықтары әдебиеті» пәні – түркі халықтары әдебиеті тарихының кезеңдері, қалыптасуы, әлем әдебиетіндегі алатын орны, ақын-жазушылардың шығармалары жөнінде мәселелер кеңінен қарастырылады. Түркі халықтары әдебиетінен – түркі халықтар арсындағы тамырластықты зерделеу, еліміздің руханиятына ұқсас жағы, тарихи байланыс, дүниетанымы, мақсат-мүддессін айқындау. Туыстас түрік, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, азербайжан хатықтарының құнды мұраларын төл әдебиетімізбен сабақтастыра қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

    “Синтаксис” пәнінде синтаксис саласының зерттеу нысаны, сөз тіркесі және оның басқа тілдік бірліктерден ерекшелігі қарастырылады. Сондай-ақ сөздердің өзара байланысу тәсілдері мен түрлері сараланады. Сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері анықталып, сөз тіркестерін құрауға сөз таптарының қатысы анықталады. Есімді сөз тіркестерінің байланысу жолдары мен ерекшеліктері, сөз тіркестері сыңарлары арасындағы мағыналық қатынас түсіндіріледі. Етістікті сөз тіркестері де байланысу түрлері мен сыңарлары арасындағы мағыналық қатынасқа қарай жіктеліп көрсетіледі. Сөйлем, сөйлемнің түрлері, жай сөйлем, күрделенеген жай сөйлемдер және құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты. Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Абайтану

    «Абайтану» курсы студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан ары тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатын тану арқылы оларға ақын шығармашылығының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді. Сонымен қатар Абай шығармашылығының зерттелуі, ақын мұрасының игерілуі, жариялану тарихы меңгертіледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті

    Тәуелсіздік жылдары жазылып жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің шығармашылық ізденістерін, проза жанрының тақырыптық тенденциялары, драматургияның поэзияның дамуына қатысты ілгері зерттеулер мен еңбектер оқытылады. Студенттер М.Мағауин, Ш,Мұртаза, Д.Исабеков, Қ.Жұмәділов, М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, Қ.Жұмәділов А.Алтай, Р.Мұқанова ақын-жазушылар, драматургтардың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетінің жаңа технологиямен оқыту әдістемесі

    Пәндерді оқып-үйрену барысында студенттер модульдік, интеграцияланған оқыту, сын тұрғысынан ойлау және т.б. түсініктермен танысады. Әдістемелік ғылымның өзекті мәселелері, жаңа білім беру технологияларын оқытудың принциптері мен мақсаттарын тереңдетіп қарастырылады, жетекші ғалым - әдіскерлер еңбектері пайдаланылады. Цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектіні білім беруде қолданудың дамыған бағыты – бейімдеп оқытуда қолдану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби өлкетану

    Курс Абайдың ақындық айналасын, өңірдің ақын-жазушылар шығармашылығын, сол арқылы халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың өзгеріс әкелгендігін үйретуді мақсат етеді. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай Әріп, Уәйіс, Әрхам, Кәкітай сынды ақындардың өмірі мен шығармашылығы оқытылады. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары, тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы, тілдің өзіндік сипаттары, тіл білімінің тарихы, даму үрдістері мен даму кезеңдері, тіл білімінің қазіргі заманғы бағыттары, тілдік зерттеу әдістері, тілдің басқа әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ғылымдармен байланысы, сияқты тақырыптармен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін жаңа технологиямен оқыту әдістемесі

    -Оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. -Қазақ тілі бойынша талдаудың негізгі түрлерін ажырату; -қазақ тілі пәнін жаңа инновациялық технологиялар арқылы оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алаш әдебиеті

    Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Алаш қайраткерлерінің ұлт болып қалыптасу жолындағы тұлғалық бейнелерін, публицистика және әдеби сынның қалыптасу жолындағы еңбектерін таныту. Жалпы Алаш партиясының құрылу және Алаш автономиясының нысаналы өмірлік мұрат-мақсатын анық танытатын және де осы жолдағы қайраткерлер еңбегін жастарға таныту. Алаш идеясын бүгінгі тәуелсіздік идеясымен астастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Курс барысында қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері, қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс болады. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму үдерісіне, басым бағыттарына тән теденцияларды қарастыру. Әлемдік көркемдік даму үдерісіндегі қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік тұғырын бажайлау. Сөз өнерінің типологиялық өрісін қазақ әдебиетінің қазіргі поэтикалық жүйесі бойынша талдау. Қазіргі әдеби дамуды талдаудағы соны теориялық еңбектерді игеру. Қазіргі қазақ әдебиетінің өкілдерінің шығармашылық жолын, өзіндік қолтаңбасын танытатын елеулі туындыларына шолу жасалады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем тіл білімінің жаңа бағыттары

    Тіл біліміндегі нейролингвистика, паралингвистика, психолингвистика, прагмалингвистика, когнитивтік лингвистика сияқты тіл біліміндегі жаңа бағыттар туралы түсінік беріп, олардың зерттеу нысандары, мақсат-міндеттерімен, негізгі зерттеу мәселелерімен таныстырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • XX ғасыр басындағы қазақ әдебиет

    ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріне дейінгі кезеңі, шығармашылық ғұмырбаяндары, әдеби мұралары, ұлт азатшыл бағыттағы көрнекті қайраткерлер туралы білу. XX ғасырдағы әдебиеттің көркемдік сипаты мен ХХ ғасырдағы әдебиеттердің үлгілеріне салыстырмалы талдау жасау. Осы тұстағы қазақ әдебиеті өзіне дейінгі ұлттық әдебиетіміздің бар асылын, үлгілі дәстүрін ала отыра, дәуірге сай жаңа көркемдік мүмкіндіктерді ашқаны туралы мәлімет алу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар

    Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар туралы түсінік беріліп, синтаксистік парадигмалардың зерттелуі, теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады.Тіл жүйесіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастарды сипаттайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Пунктуацияны оқыту әдістемесі

    Пән бойынша оқу сабақтарында тілдің жүйелі өзгеретін құбылыс екендігін есепке ала отыра оқыту әдістемесінің тарихы, әдіс – тәсілдері, пунктуация теориясы, жазудың жалпы ережелері, емле және пунктуация ережелері , қазақ пунктуациясы және сауатты жазу дағдыларын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері, пунктуацияның мектепте оқытылу жүйесі, қазақ тыныс белгілерін оқытудың зерттелуі, пунктуацияны оқытудың лингивистикалық негіздері оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Көркем мәтінді оқыту әдістемесі

    Курс болашақ мұғалімдердің бойына әсіресе, сөйлеу құралын және айтылатын ойдың формасы мен мазмұнының күрделі құрылымдық бірлігі ретінде көркем мәтін мағынасын жеткізу және меңгеруге бағытталған коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға арналған. Аяқталған мәтін аясында қолданылатын мәнерлеу құралдарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігін, мазмұнын қалыптастыратын барлық материалдық сигналдарды есепке алу міндеттемесі –мұның барлығы көркем шығарманың тереңдігі, әсерлілігі, идеялық- тақырыптық мазмұны сонымен қатар жеткілікті интерпретация және талдау жасауға көмектесетін факторлар.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Грамматиканы оқыту әдістемесі

    Грамматиканы оқыту әдістемесін оқып үйрену барысында тіл үйрену барысында грамматиканың айрықша рөлі грамматика қажетті база болып табылады, онсыз оны тілдің толық қолданылуы байланыс құралы ретінде пайдалану мүмкін емес екенін ұмытпаған жөн. Ана тілінің грамматикасы тасымалдаушының санасына енеді және тек рефлексия арқылы жүзеге асырылады (мәселе туындайды: дұрыс айтқандық қалай?). Грамматиканы үйрену кезінде мұғалім тілдерді қолданудың формалары мен ережелерін автоматты түрде қолдану дәрежесіне жеткізу үшін суперэтска бар. бейсаналық салаға айналды. Грамматика, белгілі болғандай, тілдің грамматикалық құрылымының кіші жүйелері деп аталатын морфология, синтаксис және сөзді қалыптастырудан тұратын ресми жүйе. Фонетика мен лексиканы меңгермей, адам грамматиканы өз сөзінде білу мүмкін емес.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мектепте әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту әдістемесі

    Курс барысында студенттер әдеби және теориялық ұғымдарды, әдеби туынды ерекшеліктерін, прозалық және поэзиялық шығармаларды оқыту әдістемесін, әдістемелік ғылымның өзекті мәселелерін, оқытудың принциптері мен міндеттерін, оқыту әдістерін және теориялық ұғымдарды оқыту технологиясымен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу сабақтарын жоспарлау және жүргізу, дәстүрлі және инновациялық технологиялар; психология, педагогика және филология ғылымдарының жаңа жетістіктері туралы білу, оқыту әдістемесінің негіздері, оқытудың заманауи ақпараттық технологияларын қолдану. Цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектіні пайдалана отырып білім алушыларымен кері байланыс орнату.
  • Қазақ тілінің салалары бойынша негізгі ұғым-түсініктерді, теориялық қағидаларды түсіну және ақпаратты нәтижеге жету үшін пайдалану, лингвистикалық талдау.
  • Қазақ тілі бойынша алған ғылыми-теориялық білімін, оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолдану, өз бетімен кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлау. Цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектіні пайдалана отырып білім алушыларымен кері байланыс орнату.
  • Педагогикалық этика нормаларын сақтау, ұжымда жұмыс істеу кезінде ымыраға келу; кәсіптік қоғамдастықтағы ынтымақтастық нысандары мен әдістеріне сүйене отырып, педагогикалық процестің барлық қатысушыларының өзара әрекетін ұйымдастыру, басқару технологиясын меңгеру, әртүрлі жас кезеңдеріндегі организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие үрдісінде және сабақтан тыс жұмыстарда тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
  • Әлеуметтік жеке тұлға ретінде мінез құлығын қалыптастыру арқылы жүйелі –мақсатты шешім қабылдап, аргументтер келтіру, өз көзқарасын қорғау.
  • Қазақ, әлем әдебиеттерінің негізгі даму кезеңдерін білу, олардың типологиялық айырмашылығын табу, жіктелісін талдау, бүгінгі көзқарас тұрғысынан бағалау.
  • Көркем шығармалармен оқу үрдісінде танысу арқылы эстетикалық сана мен қызметтің нысандары, эстетикалық қажеттіліктері, өнер туындыларының түрлері мен жанрларын анықтау, терминдермен білу, талдау және көрсету.
  • Ауызша және жазбаша түрде өз көзқарасын қорғау, дәлелдеу, логикалық бағалау, өз сөзімен жеткізу дағдыларын жинақтау, шешендігін дамыту, мектепте пәндерді зерттеуге және оқытуға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейдегі тілде еркін сөйлеу, әңгімелесу.
  • Академиялық адалдық, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз ету қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми зерттеулерге негізделген кәсіпкерлік дағдыларды, көшбасшылықты, инновацияларды қабылдауды тәрбиелеу үшін замануи құқықтық мемлекет идеясын білуді көрсету.
  • Тілдің функциялары, тіл мен ойлаудың арақатынасы, қоғамдағы тілдің рөлі, тілдік универсалдар мен тілдің даму заңдылықтары туралы негізгі түсініктерді білу, түсіну, өз сөзімен жеткізу, салыстыру, талдау, қорытынды жасау.
  • Академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, сондай-ақ қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз ете отырып, қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік, көшбасшылық және ғылыми зерттеулерге негізделген инновацияларды қабылдау дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи құқықтық мемлекет идеясы білімін көрсету.
  • Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері бойынша негізгі дәуірлеуді, терминдерді білу, теориялық қағидаларды түсіну, әдеби-теориялық талдау.
Top