7M03204 Журналистика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бұқаралық коммуникация саласында терең білімі бар, қазақстандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие жоғары білікті магистр журналист және медиа зерттеуші дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M067 Журналистика және репортерлық іс
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Веб-журналистика және мамандықтағы трансформация
Пәннің мақсаты интернет технологияның мүмкіндіктері мен журналистикадағы өзгерістер туралы білім беру, веб-журналистиканың тарихы мен эволюциясы, қазіргі платформалар мен контент жасайтын құралдарды, веб ортадағы контент әзірлеу, аудитория және өзара әрекеттерді үйрену, веб-журналистикадағы этика және құқықтық аспектілерді, экономикалық модель мен монетизация, деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздікті меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұқаралық коммуникацияның қазіргі ғылыми тұжырымдамалары
Пәннің мақсаты бұқаралық коммуникацияның теориялары мен практикалық білім беру, ғылыми тұжырымдар мен бағыттарды үйрету, қазіргі теориялардың тәжірибеде қолданылуы, бұқаралық коммуникацияға цифрлық технологиялардың әсері мен ықпалын, үлкен деректерді өңдеу және тұтынушының қызығушылығы мен сұранысын айқындау, интеллектуальдық меншікті қорғау және журналистің жауапкершілік құқығын білу, мәдениетаралық коммуникацияны меңгеру, бұқаралық коммуникацияны зерттеу әдіснамасын үйрену.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі заманғы теле және радио журналистикасы
Пәннің мақсаты теле және радио саласында тиімді жұмыс істеудің теориялық және практикалық ерекшеліктерін үйрету, қазіргі тенденцияларды, технология мен әдістерді білу, өндірістің техникалық аспектілерін меңгеру, контент әзірлеу, аудиториямен байланыс жасау әдістерін үйрену, теле және радиожурналистика саласындағы трансформация, жаңа технологияларды пайдалану мен онлайн-платформаға көшудің маңызын, артықшылықтарын білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистік шығармашылықтың зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты журналистік шығармашылықты бағалау және талдаудың негізгі әдістері туралы білім беру, журналистік шығармашылықты зерттеудің теориялық негіздерін түсіну, талдау дағдысын дамыту, контент-талдау, дискурс талдау, медианың тиімділігін талдау, аудиторияны зерттеу, этикалық және құқықтық аспектілер мен практикалық тәжірибені меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Масс медианы ұйымдастыру және басқару
Пәннің мақсаты медиа мекемелерін тиімді басқаруды, тәжірибелер мен негізгі принциптерді оқыту, медиаиндустрия құрылымдарын басқару, стратегиялық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру, медианы басқарушылық, стратегиялық және қаржылық басқару, медиадағы маркетинг, этика және құқықтық аспектілерді меңгеру, жеке тұлғаны басқару мен цифрлық трансформация және технологияның медиаға әсерін талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылым тарихын, ғылыми танымның философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты – магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар қазіргі ғылымның әдіснамалық негіздері мен мәселелерін меңгеру. Курс ғылым мен философияның өзара байланысының тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық проблемалармен, сонымен қатар нақты ғылымдардың қазіргі жағдайындағы философиялық мәселелерімен таныстырады. Курс заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пәннің мақсаты білім алушыларда оқыту әдістемесін, педагогикалық технологияларды және оқыту әдістерін меңгеруді, жоо-ның оқытушысына қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, жоғары білім беруде тиімді кәсіби-педагогикалық іс-әрекет үшін қажетті педагогикалық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны қазіргі жоғары білім берудің мәнін айқындайтын негізгі даму бағыттары мен үдерістерін; жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерістің құрылымы мен ерекшеліктерін; заманауи педагогикалық технологияларды, оқыту әдістемесін, оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Бұл пәнді меңгеру білім алушыларға басқару психологияны оқытудың заманауи отандық және шетелдік ғылымдағы негізгі теориялары мен концепцияларын, психологиялық пәндерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан басқарудың әдістемелік және технологиялық ерекшеліктерін меңгеруге көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Журналистикадағы жасанды интеллект қызметі: медианарық мониторингі
Пәннің мақсаты – журналистикадағы Жасанды интеллект қызметінің қолданылуын үйрету, бұқаралық коммуникация құралдарының қызметіне мониторинг жасайтын платформалармен жұмыс істеуге, үлкен деректерді талдауға, әлеуметтік медиа мен мерзімді баспасөз, телевизия мен радио тұтынушысының түрлі саладағы көңіл толмаушылық, сыни пікірлерін анықтау, сондай-ақ тілдік, этносаралық қарым-қатынас мәселелеріне қатысты пікірлерді сараптау. Пән барысында әртүрлі платформалар көмегімен әлеуметтік желілердегі Қазақстанның әртүрлі аймағына мониторинг жасау, халықтың әл-ауқатын арттырудағы мәселелерді анықтау, түрлі төтенше немесе резонанс туғызуы мүмкін оқиғалар ошағын тауып, қоғамдық пікір туғызушы танымал көшбасшыларды айқындау, мәселенің оң шешімін табуы үшін журналистикадағы ақпарат таратудың әдістерін үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Журналистика пәндерін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты тиімді әрі сапалы журналистік білім беруде теориялық және практикалық, әдіснамалық дағдыларын қалыптастыру, педагогиканың теориялық негіздері мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқытудың технологиясы мен әдістерін, білім алушыларды бағалау саясатын, оқытудың этикалық және кәсіби стандарттарын, цифрлық технологиялар мен ресурстарды пайдалану, электронды оқу курстары мен вебинарлар өткізуді, инновациялық оқыту әдістерін үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заманауи медиа технологиялар
Пәннің мақсаты медиакеңістіктегі заманауи технологиялар туралы білім беру, интерактивті және мобильді технологияларды, деректерді жинау және өңдеу технологиясын, мультимедиалық контент әзірлеуді үйрену.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ публицистикасының теориясы мен практикасының зерттелуі
Пәннің мақсаты қазақ публицистикасы теориясы мен практикасының зерттелу барысымен, соңғы жылдардағы осы саладағы тың ізденістермен таныстыру. Кеңестік кезеңде бұл пәнді кеңінен зерттеп, ғылыми еңбектер жазған ғалым, профессор Т. Амандосов, тәуелсіздік жылдарында К. Қамзин, С. Садықов, Б.Жақып сынды ғалымдар одан әрі жалғастырғандығын меңгерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ көсемсөзінің пайда болу, қалыптасу, дамуы
Пәннің мақсаты қазақ көсемсөзінің пайда болу, қалыптасу, даму кезеңдері туралы білім беру, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлттық демократиялық бағыттағы көсемсөз шеберлерінің шығармашылығын талдау, көсемсөз тарихындағы негізгі бағыттар мен жанрлық ерекшеліктерін, танымал басылымдардың мазмұнына контент талдауды үйрену. Жер, білім, ұлттық мүддеге байланысты жазылған мақалаларға дискурс және контент талдау жасауды меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақпараттық нарық конъюнктурасы
Пәннің мақсаты ақпараттық кеңістіктің дамуына ықпал етуші факторларды зерттеу, ақпараттық нарықтың құрылымы мен даму динамикасы, ақпараттық нарықтың теориялық негіздерін, талдау әдістері мен құралдарын, медиа ұйымдардың стратегиялары мен моделдерін меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі электронды БАҚ-тың мәдениеттанулық контенті
Пәннің мақсаты электронды БАҚ-тардың қазіргі заманғы мәдени көптүрлілікке әсерін, ғаламдану процесінің ұлттық ерекшеліктерге әсерін, БАҚ-тардың көптілділік мәселесін, мәдениетаралық толеранттылықты қалыптастырудағы электронды БАҚ-тардың ролін меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпаратты жеткізудің медиа аралық стратегиялары
Пәннің мақсаты әлемдік ақпарат кеңістігіндегі медиааралық және коммуникативтік процесстер, трансмедиалық стратегиялар, ақпараттық технологиялар мен жаңа медиалар жүйесін қарастыру. Медиааралық стратегияларды ғылыми тұрғыда сараптау. Трансмедиалық технологиялардың табиғаты мен ерекшеліктерін айқындау. Медиакеңістігіндегі коммуникациялық көріністер мен коммуникациялық жүйені және елдің тұрақты дамуын сараптау. Интерактивті медиа қызмет, әлеуметтік аспектілеріне ғылыми талдау жасауды меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоғамдағы трансформациялық үрдістер: телерадио аудиториясының эволюциясы
Пәннің мақсаты қоғамдағы трансформациялық үрдістер, бұқаралық коммуникация аудиториясына ықпалын, телевизия мен радио аудиториясын, өзгерістер мен даму траекториясын, бұқаралық медиа және қоғамдық процестер, жеке тұлғаның эволюциясын, ақпараттық коммуникация қоғам мен адамзат өркениетін дамытуда жаңаша мейнстрим қалыптыруын меңгерту. XXI ғасырдағы ақпараттық, технологиялық, әлеуметтік-саяси өзгерістер, олардың арасындағы байланыстарды, телерадиоаудиториянызерттеу, сұранысы мен талабынанықтау, болжауды үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телерадио зерттеушілерінің ғылыми зертханасы
Пәннің мақсаты телерадио журналистика саласында ғылыми зерттеу жүргізудің теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, зерттеушілік құзыреттілігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлау мен талдау жұмыстарын жүргізудің маңызын түсіну, зерттеудің әдістері мен әдіснамасын үйрену, талдау нәтижелерін интерпретацилауды меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Журналистика және қазіргі геосаясат тұжырымдамалары
Пәннің мақсаты негізгі геосаяси тұжырымдар мен олардың қазіргі заманғы БАҚ-пен өзара қарым-қатынасын меңгерту; маңызды тұжырымдамалық жұмыстарды анықтап, геосаясат пен масс медианың негізгі өзара байланыстарын айқындау: геосаясат теорияларының дәстүрлі және жаңа тұжырымдамаларын білу; осы саладағы білімдерін журналистік қызметтерінде пайдалана алуы, госаясат тақырыбымен айналысатын ғалымдар еңбектерін талдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арт-журналистика
Пәннің мақсаты БАҚ-тағы өнер мен мәдениет мәселелерінің жазылу ерекшіліктерін білу; қазіргі заманғы артжурналистика, оның даму ерекшеліктерін, бүгінгі өзекті мәселелерін зерделеу; артжурналистиканың ең танымал авторларының еңбектерін талдай білу; кино және масс-медиа, артжурналистика тақырыбын жазатын басылым, телеарна, интернет-БАҚ жұмыстарымен тереңірек таныстыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Публицистің шығармашылық шеберханасы
Пәннің мақсаты - танымал публицистердің журналистік еңбектерінің тақырыптық, жанрлық, тіл-стильдік, көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру, талдау жұмыстарын жүргізу; журналистік шығармашылықтың теориялық және әдіснамалық негіздерінің талаптарын, түрлері мен формаларын меңгерту; қазақстандық журналистиканың даму үрдісі және көрнекті публицистердің шығармашылық лабораториясын, құбылыстарды, проблемаларды және журналистік талдаудың тәжірибелік ерекшеліктерін үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады.
- Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу.
- Ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті, бұқаралық ақпарат құралдарын мен масс-медианың қалыптасу, даму заңдылығын анықтайтын зерттеу әдістерін білу. Публицистердің шығармашылығын, тақырыптарын, өзекті мәселелерін талдау.
- Журналистикадағы жасанды интеллект қызметін қолдана білу, бұқаралық коммуникация құралдарының қызметіне мониторинг жасайтын платформалармен жұмыс істей алу, үлкен деректерді талдауға, әлеуметтік медиа мен мерзімді баспасөз, телевизия мен радио тұтынушысының түрлі саладағы көңіл толмаушылық, сыни пікірлерін анықтау, сондай-ақ тілдік, этносаралық қарым-қатынас мәселелеріне қатысты пікірлерді сараптау. Акпараттық нарық, газеттер мен электронды БАҚ аудиториясының демографиялық сипаттамаларын зерттеу және өлшеу, айналымды ұлғайту жолдары, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша аудиторияның көзқарастарын анықтау, жариялаудың «ішіндегі» аудиторлық преференциялар, ұсынылған ақпарат мазмұнына қатысты аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыру деңгейін әлеуметтік бағалау, бұқаралық коммуникация құралдарының қызметіне мониторинг жасайтын платформалармен жұмыс.
- Бұқаралық коммуникацияның негізгі концепциялары, шектеулі ықпал ету идеясы және жаңа СМЖ концептуализациясын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаһандық ақпараттық салаға кіру үшін әлеуетін, жаһандану жағдайында ғаламдық ақпараттық кеңістікке шығудың жолдары мен формаларын білу, геосаясаттың қазақстандық және әлемдік тәжірибелерін меңгеру.
- Оқу-педагогикалық қызметпен таныс, журналистік піндерді оқытудың қазіргі заманғы әдістерін және практикасын білетін маман.
- Белгілі зерттеуші-журналистердің ғылыми-педагогикалық және шығармашылық лабораториясын зерттеу, тарих, теория және практика саласындағы, журналистік ғылым саласындағы еңбектерін жинау және талдау.
- Арт-журналистика жөнінде алынған білімді қолдана алу, БАҚ пен көркем публицистика саласында деректер мен образдарды берудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, әдебиет пен журналистиканың, кино мен масс-медианың өзара байланысын ұғыну, театр және кино рецензияларды жазу дағыдысын меңгеру, мәдениет пен әдебиет мәселелері төңірегінде медимәтін дайындау.
- Бұқаралық ақпарат құралдарының медиа менеджментін білу, іс жүзінде басқару туралы білімін көрсетіп, медиа бизнесін дамыту әдістерін жетілдіру арқылы қолдану.
- Конвергентті редакцияда, жаңа «онлайндық» БАҚ-да, мультимедиалық ақпараттық өнімдерді өндіру ерекшеліктерін білу, WEB-ге бейнелерді оңтайландыру және жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.