Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01704 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қазақстан-Американдық еркін университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім берудің негізгі мақсаты: -еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау; -ғылыми- гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру және инновациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру; -жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті магистрлердің негізгі және арнайы құзіреттіліктерін қалыптастыру; - магистранттарға қазіргі заманғы филологиялық үдерістер мен құбылыстарды талдаудың ғылыми -зерттеу және тәжірибелік әдістерін меңгерту; - дүниетаным және ғылыми ойлауы аясында жалпыадамзаттық және әлеуметтік- тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
  • Корпустық лингвистика
    Несиелер: 5

    Пән корпустық лингвистиканың негізі ұғымдарымен таныстыра отырып ,корпустық технологиялардың негіздерін меңгеруге ,корпустармен жұмыс істеу жолдарымен, әдіс тәсілдерімен таныстырады, корпустық технологиялар негіздерін меңгеруге мүмкіндік жасайды және ақпараттық технологиялар қатарынан алатын орнын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Пән аясында шетелдік және отандық тіл білімінде жаңа парадигмалық бағыттар мен олардың құрылымдық жүйедегі тіл білімі салаларынан ерекшеліктері және зерттеу нысандарының ерекшеліктері сараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 2

    «Басқару психологиясы» пәні басқару негіздерін үйренуді және басқару шешімдерінің психологиялық мазмұны туралы білімді толықтырады. Пәнді оқу магистранттардың басқару еңбегі және осыған байланысты басқару қатынастары саласында кәсіби қызмет үшін қажетті білімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Курс әртүрлі тарихи кезеңдерде (антикалық, орта ғасыр, ренессанс, жаңа және жаңа замандар, заманауи) ғылым философиясының дамуына байланысты маңызды мәселелерін баяндауға арналған. Жаратылыстану ғылымының негізі болып табылатын ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін тарихи қалыптасқан философиялық дәстүрлер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен оның мәні
    Несиелер: 5

    Пән әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің құрылымы мен сипаттамалары туралы білімді хабарлайды. Жоғары білімнің ішкі және сыртқы ортасын интерпретациялау дағдыларын қалыптастырады, жоғары білімнің миссиясы мен мақсаттарын түсінуге ықпал етеді, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпал ету және сапасын қамтамасыз ету тұрғысынан жоғары білімнің қызмет ету дағдысын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 5

    «Жоғары мектептің педагогикасы» пәні магистратурада педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Магистранттар қазіргі заманғы жоғары мектептің педагогикасының жай-күйін біліп, ЖОО-да педагогикалық процесті құруды, материал мен әдістерді іріктеу қзіреттіліктерін мазмұн технологиясын, әдістерін бағалауды, оқытушы ретінде өзіндік рефлексия үрдісін құруды меңгеріп шығады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Пән магистрантардың халықаралық кәсіби ортаға ықпалдасуға және кәсіби шет тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға мүмкіндік беретін шет тілді кәсіби бағытталған коммуникативтік құзыреттілігінің негіздерін қалыптастырады; кәсіби-іскерлік қарым-қатынастың типтік жағдайларында ағылшын тілді дереккөздерден қажетті ақпарат алу дағдыларын дамытуға ықпал етеді; кәсіби мәтіндерді аннотациялау және рефераттау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім беру менеджменті
    Несиелер: 5

    Пән білім беру ұйымдарын бизнес ретінде басқару мәселелерін қарастырады, білім беру қызметі саласының ерекше сипаттамаларын, басқару моделін, сапаны қамтамасыз етуді, білім беру саласындағы жобаларды әзірлеу мен басқаруды зерттейді. Академиялық ортада шешім қабылдау ерекшеліктерін түсінуді қалыптастырады, білім беру қызметін жоспарлау және мониторинг жүргізу дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Пән тілдің функционалды жағын зерттей отырып,тілдік қоғамдық табиғатын, әлеуметтік қызметін,тіл болмысының қатынастық түрлерін (әдеби тіл,ауыз екі сөйлеу тілі,жергілікті диалектілер т.б)тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлерін (жаргон,арго.кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия,пиджинделу,креолдену,мультилингвизм процестерін қарастырады.Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің өмір сүру формасынан туатын тілдік жағдайлар,тіл мен мәдениеттің байланысы,тіл саясаты жатады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 5

    «Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру» пәні жас зерттеушілерге диссертацияны ғылыми жұмыс ретінде сипаттайтын негізгі ережелерді білуді қалыптастыруға, сонымен қатар ғылыми шығармашылық әдіснамасы, ғылыми таным әдістерін қолдану және логикалық заңдар мен ережелерді қолдану туралы жалпы түсінікке ие болуға арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көркем мәтінге лингвоталдау
    Несиелер: 5

    Көркем мәтінге лингвоталдау пәнінің мақсаты-тіл біліміндегі тілдік бірліктердің талдаудың жолдары мен ғылыми негіздерін меңгеру. Көркем мәтінге лингвоталдауда қолданылатын және негізге алынатын басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы магистранттардың ой- өрісін кеңейту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетінде модернизм және постмодернизм ағымдарының ерекшелігіне, пайда болуы мен даму сипатына, қазіргі әдеби процестегі көрінісіне жан –жақты тоқталып, постмодернизм құрайтын интер,текстуалдылық,ойын,метапроза,пастиш т.б. секілді элементтерін талдау. Магистранттарды шетел әдебиетінің тарихына тән ХХ -ХХІ ғасырлар тоғысындағы Батыс және Шығыс әдебиеттеріндегі қазіргі заманғы үрдістермен таныстыру, әдебиеттанудың бүгінгі жетістіктеріне толық жауап беретіндей білім жүйесін беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы инновациялық және заманауи компьютерлік технологиялар
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді инновациялық технологиялар эволюциясының қазіргі кезеңімен және олардың білім беру үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерімен,ақпараттық технологияларды қолдана отырып, филологиялық міндеттерді шешу әдістері мен құралдарымен, шығармашылық ойлауды дамытуда инновациялық технологиялардың рөлімен таныстыруға арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мәтін лингвистикасы
    Несиелер: 5

    Пән мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарын зерттеумен айналысатын мәтін лингвистикасы саласынан,оның нысанынан,өзіндік басты белгілерінен,тұлға-біліктерінен теориялық тұрғыда да, практикалық жағынан да жүйелі білім бере отырып, мәтінді құраушы тұлға-бірліктерді айқындайды, мәтіннің негізгі категорияларын сипаттап, әр түрлі тілдік бірліктердің мәтіндегі қолданымдық сипатын,қызметін анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары оқу орнында пәнді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім берудегі жаңа тенденцияларды негізге алып, пәнді жоғарғы оқу орындарында оқытудың философиялық,педагигикалық,методологиялық негіздермен таныстыру. Пәннің дамуын әлеуметтік –қоғамдық талаптармен ұштастыра қарау.Осыған сай пәнді меңгертудің жаңа жүйесін зерттей отырып ,білім алушылардың маман ретінде кәсіби тұрғыдан жағдай тудыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Абайтанудың өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән Абайтану тарихын зерттеудің өзекті мәселелерімен таныстырады, магистранттарға абайтану тарихының ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгертеді. Абай шығармашылығының ішкі табиғатының тарихына үңілу арқылы оларға ұлы ақын талантының көркемдік –эстетикалық мәнін жан-жақты игертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тілдік тұлға және тілдік сана
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде тіл жүйесіндегі бір-бірінен қызметі, құрылысы, орны жағынан дараланатын тұрақты тілдік элементтер қарастырылады. Тілдік тұлғаның негізгі қызметі, құрылымдық бөліктері туралы айтылады. Тілдік сана мен адамдық сана ұғымдарының байланысы айқындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Лингвомәдениеттану
    Несиелер: 5

    «Лингвомәдениеттану» қазақ сөз мәдениетін теориялық пән ретінде тілдік қана емес,комуникативтік-прагматикалық,когнитивтік және лингвомәдениеттік этикалық, лингвоэкологиялық тұрғыдан қарастырудың концептуалдық негіздерін айқындайды.Пән аясында сөздің коммуникативтік сапаларын обьективті түрде анықтаудың және тілдік нормаларды кодификациялаудың теориялық негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 4

    Қазақ әдебиеті тарихының әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару,талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан әдебиеттің туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра көрсету,әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныстыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пән қазіргі қазақ тілінің барлық бөлімдерін қайталай отырып, дәстүрлі түрде сөздінегізгі нысан етіп, тілде болатын өзгерістерді, өтпелі құбылыстарды, жаңа, дамушы және ескірген құбылыстарды ашады. Жалпы қабылданған ғылыми интерпретацияда қазіргі қазақ тілі жүйесінің сипаттамасы беріледі. Пән болашақ филолог-мамандардың негізгі кәсіби құзіреттіліктерін анықтайтын нормативті пән болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Фольклор теориясы мен тарихы
    Несиелер: 5

    Пәнде қазақ фольклорының тарихы мен табиғаты, даму жолдары,жиналу, жариялануы, атақты фольклортанушы ғалымдар еңбектері, сондай-ақ фольклортану ғылымының өзекті мәселелері, қарастырылады. Қазақ фольклорының жанрлары, ерекшелігі туралы және шет елдегі қазақтар фольклоры мен ғалымдарының еңбектері туралы мәлімет алуға болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетіндегі ұлттық дүниетаным
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде қазақ әдебиетіндегі ұлттық дүниетаным ерекшеліктері, қалыптасу, даму жолдары сипатталады; дүниетанымдық ұғымның көркем әдебиетте берілуі айтылады;көркем әдебиеттегі дәстүр мен дүниетанымдықтың аражігі ажыратылады.Көркем әдебиеттегі ұлттық дүниетанымды ғылыми тұрғыдан талдауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көркем шығармадағы психологизм
    Несиелер: 5

    Көркем шығармадағы психологизм ұғымы туралы жан- жақты түсінік қалыптастырып,ол құбылыстың көркем әдебиет шығармаларында алатын орны мен құрылымдық, стильтүзушілік пішіндік қызметтерін айқындау, психологизмнің өнердегі «тектік» белгі екенін таныту. Психологизмнің ойлау типі,стильдік компонент ретіндегі мәнін анықтау, психологизімнің көркем шығарма құрылымындағы рөлін ашу, психологиялық талдау өнерін мәтін жүйесі бойынша зерттеу әдістерін үйрету болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    1. өзінің тұлғалық дамуына негіз болған әрі мүмкіндік берген, ғылыми зерттеулер жасау барысында идеяларды пайдалануға жол ашқан жоғары білім алу деңгейінде өз білімінің дамуы мен оны түсінуін көрсете алуы;

  • Код ON2

    2. өзінің зерттейтін саласына байланысты неғұрлым күрделі (пәнаралық), жаңа немесе бейтаныс жағдаяттарда кездесетін проблемаларды түсінуі және оны шешу барысында өз білімін қолдана алуы;

  • Код ON3

    3. толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып тұжырым жасау және қиындықтарды жеңе білу, білімді интеграциялау (кіріктіру);

  • Код ON4

    4. өзінің білімі мен тұжырымдарын маман және маман емес адамдарға негіздей алу, оны анық және нақты хабарлау;

  • Код ON5

    5. әдеби материалдарды құрайтын ұғымдар мен категорияларды саралауда және білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдануда, осы саладағы проблемаларды шешу және дәлелдерді қалыптастыру;

  • Код ON6

    6. тілдік нормаларға сәйкес дұрыс грамматикалық формаларды қолдану және сөйлеуді синтаксистік құру дағдыларына сүйене отырып, сөйлеу тәсілін таңдауды жүзеге асыру, сөйлеу тәртібін жоспарлау, және күнделікті кәсіби қарым-қатынас жағдайларына қажетті ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдер туралы хабарлау;

  • Код ON7

    7. жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық, рухани және мәдени құндылықтарын қалыптастыру, отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу мақсатында ақпаратты жинау және түсіндіру;

  • Код ON8

    8. теориялық білімді практикада қолдана білудің, оқу ақпаратын іздеу, талдау және өңдеу тәсілдерін меңгеру бойынша икем, дағдыларын, тәсілдер мен дағдыларды дербес анықтау, жалпы оқу іскерліктерін, зерттелетін салада қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.

  • Код ON9

    9. кәсіби қарым-қатынас, экологиялық, дене, этикалық, құқықтық, ақпараттық, экономикалық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыруға, сондай- ақ кәсіби қызметте ары қарай білім алуды өзіндік жалғастыру үшін қажетті оқу дағдылары мен іскерлігі.

Top