Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01704 Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Мәтінді әдебиеттанымдық талдау

    Көркем мәтінді образдар жүйесінде идеялық-көркемдік, тілдік-танымдық ерекшелігін, тіл мен әдебиеттің байланысын, көркем мәтіндегі сөздердің мағынасы мен қолданылу ерекшеліктерін, ұлттық кодтың берілу жолдарын талдау жүйесін, мәтінді зерттеу әдістерін игеруді меңгертеді. Әртүрлі жағдайда талдау нәтижесін негіздеп, одан әрі білімін жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялай білуге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Өзбек әдебиеті тарихын зерттеу мен оқытудың әдіснамасы

    Пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, зерттеу әдістерін игеруді қарастырады. Өзбек әдебиеті тарихын зерттеудің әдіснамасын пәнаралық байланыста интеграциялауды қарастырып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін үздіксіз дамытуға, көркем шығармаларды салыстыра зерттеуге, жұртшылық алдында нақты шешімдерін айта алуға бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Басқару психологиясы

    Ғылыми менеджменттің заманауи тенденциялары – жаңа ғылыми басқару парадигмасы туралы, менеджмент жүйесін зерттеудегі негізгі тәсілдер, болашақ маманның кәсіби қызметін табысты жүзеге асыруы мен өзін-өзі жетілдіруі үшін психологиялық мәдениеті туралы жүйелік идеяларды қалыптастырады, қалыптасқан жағдайды сыни тұрғыдан талдайды. негізгі басқару функцияларын жүзеге асырудың психологиялық ерекшеліктері, ғылыми білімдер жүйесіндегі басқару психологиясын, басшының жеке кәсіптік концепциясын, басқарушылық әрекеттің бір қыры ретінде басқарушылық өзара әрекетін синтездейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдіснамасы

    Зерттеулер жасау үшін ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасайды; әдебиетпен жұмыс жасау кезеңдерін ажырата алады; әдеби білім беруді зерттеудегі халықаралық стандарттар, зерттеу құжатын дайындай алады; халықаралық деректер қорына және ұлттық ғылыми журналдарға енгізілген мақалаларды дайындау кезеңдерін ажырата алады; ғылыми зерттеулерді құру және бағалау критерийлерін анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Жоғары мектеп педагогикасын зерттеудің бағыттарын, құрылымын, жалпы гносеологиялық ілімдер жүйесін; кәсіптік-педагогикалық диалог құралдарын пайдалану арқылы педагогиканы дамытудың жаңа әдістері мен эмпирикалық негіздерін; оқытудың бағыттары мен принциптерін; қазіргі психологиялық басқару, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық стратегияларын таңдау, онтогенез кезеңдерінде тұлғаны қалыптастыру, педагогикалық-психологиялық білім берудің ерекше заңдылықтарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Лингвоталдау негіздері

    Тіл біліміндегі тілдік бірліктерді талдаудың жолдары мен ғылыми негіздерін, қолданылатын және негізге алынатын басты тұжырымдарын мен негізгі қағидаларын, талдаудың түрлерін және әртүрлі жағдайда өз пікірін нақты хабарлауды қарастырады. Мәтіннің композициялық баяндау формаларына тілдік талдау жасауды үйрете отырып, тілдік зерттеу әдістерін игеруге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылымның тарихы және философиясы

    Пән ғылыми жетістіктердің қалыптасу үдерісін және адамзаттың философиялық ойларының дамуын зерттейді. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі кезеңдегі философиялық түсініктер мен теориялар, сондай-ақ олардың заманауи ғылымға әсері қарастырылады. Философия және ғылым тарихы пәнін зерттеудің негізі-теорияларды, зерттеу әдістерін, сондай-ақ философия ғылымындағы онтологиялық және эпистемологиялық бағыттарды толық қамти отырып, зерттеу әдістерін игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Мәдениетаралық, коммуникативтік және функционалды құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында ағылшын тіліндегі лексикалық және тілдік ерекшеліктерін дамытады; әлеуметтік-мәдени нормаларды ескере отырып, тиісті тілдік құралдарды дұрыс таңдауға, пікір айтуға, өз бетінше ізденуге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жобалау мен ұйымдастыру

    Ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырып, олардың шешімін табуға және ғылыми жарияланымда көрсету, фактілерді жинау, өңдеу, талдау, филологиялық және ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтау мәселелерін қарастырады, ғылыми мақаланы жазу процесінде филологиялық және пәнаралық білімді синтездеу және трансформациялайды, әлем әдебиетінің өзекті сұрақтары бойынша ғылыми мақаланы құру үрдісін жоспарлайды және іске асырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби теорияның ғылыми негіздері

    Пән мән-мағынасын, оның ерекшеліктері және даму жолдары жайлы кең түснік қалыптастырумен бірлесе көпшілік алдында хабарлау дағдыларын қарастырады, көркем шығарма, әдеби түр және жанрлар, шағармашылық әдістерінің және әдіс-тәсіл проблемаларының мазмұны, шығарманың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен байланыстыра отырып, ақпараттық мәдениетті қарастырады, сондай-ақ стандартты емес жағдайда білімдерін интеграциялауды, қабілетін тәжірибеде дұрыс қолдану дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Өзбек классикалық тарихи поэтикасы

    Өзбек классикалық әдебиетінің қалыптасып, дамуына әсер ететін маңызды факторлар және әдебиеттің негізгі бағыттары туралы түсінікке ие болу, классикалық әдебиеттің негізгі бағытына байланысты проблемаларды шешу бойынша шешім қабылдайды; классикалық әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы идеялық, қорытынды, тұжырымдарын, ойы мен пікірін тиянақты түрде баяндауға және білімдерін интеграциялай алуға бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тәуелсіздік дәуірі әдебиетінің теориялық мәселелері

    Тәуелсіздік дәуірі әдебиетінің дамуына әсер ететін маңызды факторлар және осы әдебиеттің негізгі бағыттары, көркем шығарманы тарихпен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиеттің патриоттық мәнін, дәстүр мен жаңашылдық мәселесін көркем шығармадан тауып, әртүрлі жағдайда гуманистік тұрғыдан талдауға, пікір айтуға үйретеді. Тарихи прозаны талдап, салыстыра зерттеу әдістерін игеруге, пәнаралық байланыста алған білімдерін интеграциялай білуге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Жоғары мектепте өзбек тілін оқыту әдістемесі

    Қазіргі лингводидактиканың негізгі мәселелерін қарастырады; білім алушылардың лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін, жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие қызметінің жүйесін, әдістемесін және технологиясын игереді; ЖОО-да оқытылатын өзбек тілін және лингвистикалық пәндерді оқытудың зерттелген әдістері мен тәсілдерін іс жүзінде қолдана білуді игереді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте өзбек әдебиетін оқыту әдістемесі

    Жоғары мектепте өзбек әдебиетін оқыту әдістемесі ғылыми негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар, ағартушылық-демократттық бағыттағы педагог-әдіскерлердің пікірлерін, оқытудың зерттеу әдістерін игеруді, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерін пәнаралық байланыста интеграциялауды қарастырады. Стандартты емес жағдайда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешуді, көпшілік алдында тұжырымдарын нақты айта алуға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы лингвистика

    Қолданбалы лингвистиканың теориялық және практикалық мәселелерін ажырата алады, ғылым аясында зерттелетін негізгі ұғымдарды түсіндіре алады, тілдің практикалық мәнін талдай алады, тіл - тіл үйрену - сөйлеу қатынастарының қамтылуы, тіл бірліктерін сипаттау мен жіктеу тәсілдері, тілдің логикалық, психикалық табиғатын, әлеуметтік-экономикалық, физиологиялық мәнін түсіндіреді, оның күрделі құрылымын биологиялық процесс ретінде талдайды, жаңа практикалық және әдістемелік материалдармен танысады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Филологиялық білім берудегі бағалаудың теориясы мен тәжірибесі

    Бағалау теориясы және оның тарихы, оның мақсаты, түрлері, бағалау дизайны, тест және оның түрлері, педагогикалық өлшем құралдарының сенімділігі мен негізділігі, филологиялық білім берудегі әлемдік тәжірибеде қолданылатын ашықтық, бағалау жүйелері туралы білімдерін қалыптастырады; филологиялық білім берудегі бағалау үдерісін жобалау, грамматикалық сауаттылықты, сөйлеу дағдыларын, әдеби дағдыларды тексеретін тест тапсырмаларын құру, жалпы орта, орта арнаулы және орта білім беру, жоғары оқу орындары ұйымдарында филологиялық білім берудің мазмұнын, құралдарын, әдістері мен бағалау критерийлерін әзірлеу дағдыларына ие болады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқу тапсырмаларын құру әдістемесі

    Оқу міндеттерінің маңыздылығы, оның жасалу тарихы, дамуы, ғылымның объектісі мен пәні, ғылымды тексеру әдістері, оның басқа пәндермен байланысы, оқу тапсырмаларын құрудың тәсілдері мен принциптері, білім беру міндеттерінің түрлері туралы білімдерді, ана тілі және онда қолданылатын инновациялық технологиялар, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге бағытталған оқу тапсырмаларын пайдалану дағдыларын игереді, оқу тапсырмаларының күрделілік деңгейін анықтай алады, оқу мақсаттарына сәйкес оқу тапсырмаларының жүйесін қалыптастыра алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдеби білім берудегі инновациялық көзқарас

    Көркем шығармаларды талдау және бағалау критерийлерін біледі, инновациялық педагогикалық технологиялардың мәнін, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, педагогикалық мүмкіндіктерін біледі, оқытудың барлық әдістерін пайдалана отырып, өзбек әдебиеті сабағын ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беру бағдарламаларын құру әдістемесі

    Оқу бағдарламасының теориялық негіздерін, оқу бағдарламасының мақсаты мен мәнін терең талдай алады, оны құру және жетілдіру туралы білім алады, ағымдағы оқу бағдарламалары мен соған байланысты проблемаларды сыни тұрғыдан қарастырады, заманауи тәсілдер негізінде оқу бағдарламаларының халықаралық стандарттарына сәйкес құру және оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Лингводидактика негіздері

    Өзбек тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін және оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектерін, ой-тұжырымдарын, педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа тенденцияларын қарастырып, әдістемелік білім-түсініктерін кеңейтеді. Инновациялық технологияларды тиімді қолданудың жолдарын үйрету арқылы шығармашылық қабілетін дамытып, өзбек тілінің методологиялық-теориялық негіздері жайлы әлеуметтік-этикалық ойларды, ақпараттық мәдениетті, білімді интеграциялайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Лингвомәдениеттану

    Тіл арқылы халық мәдениетін танудың теориялық-методикалық негіздерімен, тілдегі рухани және материалдық лексиканың ақпараттық мәдениетпен байланысын, сөздердің танымдық, лингвомәдениеттанудағы негізгі ұғымдар мен терминдерді пәнаралық байланыста қарастырады. Лингвомәдениеттанымдық және концептілік талдау жасау арқылы ұлттық мәдениетті тіл арқылы танудың заңдылықтарын меңгертіп, білімді бағалауға, шығармашылық қабілетін өз тәжірибесінде дұрыс қолдануға машықтандырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • ғылым философиясы мен тарихын зерттеу негіздерін толығымен қамтитын, оларды тіл мен әдебиет саласындағы іргелі зерттеулердің негізгі бағыттарына енгізу дағдыларын пайдалана отырып, ғылыми зерттеу әдістерін белсенді түрде қолданады;
  • филологияның соңғы бағыттарын дамыту және ғылыми жетістіктерді ұлттық және халықаралық білім беру кеңістігінде тану үшін шет тілдік ресурстармен өзіндік зерттеу жұмыстарының нәтижелерін сәтті талдап түсіндіреді;
  • жоғары оқу орындарының педагогикасындағы зерттеулердің бағыттары мен құрылымын, педагогиканы дамытудың жаңа әдістері мен эмпирикалық жүйесін, психологиялық дамудың ерекше заңдылықтарын, ақпараттық мәдениетті, білімді интеграциялауды, өзіндік пікірді қалыптастыруды тиімді талдайды
  • стандартты емес жағдайларда кәсіби және басқарушылық мәселелерді шешу үшін білімді, түсінікті және шығармашылықты тиімді пайдалана отырып, негізгі басқару функцияларын жүзеге асырудың психологиялық ерекшеліктерін, ғылыми білімдер жүйесіндегі басқару психологиясын тиімді синтездейді;
  • өзбек тілі мен әдебиетін оқыту саласында әзірленген білімдер мен тұжырымдамаларды қолдану, өзара байланысты зерттеу мәселелері кешенін шешу әдіс-тәсілдерін әзірлеу дағдыларын сапалы түрде пайдаланады, сонымен қатар зерттеу контекстінде идеяларды әзірлеу мен қолдануда зерттеу әдістерін енгізеді;
  • ғылыми зерттеулерді құру және бағалау критерийлерін сәтті анықтайды және белсенді пайдаланады, әдебиетпен жұмыс жасау кезеңдерін ажыратады, шығармаларды талдау мен дұрыс бағалауда өз білімін кіріктіріп, ой-пікірлерін, тұжырымдарын, ой-пікірлерін егжей-тегжейлі келтіре отырып, әдеби білім беруде халықаралық стандарттар бойынша ғылыми жұмысты сәтті дайындайды.
  • салыстырмалы зерттеу әдістерін өнімді пайдаланады, алған білімдерін пәнаралық байланысқа біріктіреді, әдеби шығармаларды талдаудың ғылыми принциптерін меңгереді, классикалық әдебиет өкілдерінің де, сонымен қатар тәуелсіздік дәуірдің де өкілдерінің шығармаларындағы идеяларды, тұжырымдарды, шешімдерді зерттеу әдістерін түсіндіреді.
  • негізгі жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың әдістемелік мәселелері, оқу тапсырмаларын құру бойынша сарапшылықты сәтті орындайды, пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын меңгеру, білім беру стандартының талаптары, білім беру бағдарламаларын іске асыру технологиясы, өзінің педагогикалық қызметін талдау бойынша табысты жұмыс істейді.
  • тілді оқытудағы тілдік бірліктердің әдіс-тәсілдері мен ғылыми негіздеріне сүйене отырып, қазіргі әдіс-тәсілдердің негіздерін тиімді пайдалана отырып, пікірталастар мен әртүрлі жағдайларда өз пікірін нақты айта отырып, талдау нәтижелерін өз бетінше жүрізетін ғылыми лингвистикалық зерттеулер үшін қолдана отырып, тілдік фактілерге сыни талдау жасайды;
  • филологиялық білім беруде бағалау үдерісін құрастыру, тест тапсырмаларын құру дағдыларын шығармашылықпен қолданады, көркем шығармаларды талдау мен бағалаудың мазмұнын, құралдарын, әдістері мен критерийлерін табысты дамытады, инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланады, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын, педагогикалық мүмкіндіктерін салыстырады, оқытудың барлық әдістерін пайдалана отырып, өзбек тілі мен әдебиеті сабақтарын ұйымдастыру дағдыларын шебер қолданады;
  • заманауи ұғымдарды түсіндіре отырып, классикалық әдеби мәтіндерді шебер талдайды,классикалық поэтика негіздеріне (ритм, ырғақ, поэтикалық өнер) және оның құрамдас бөліктеріне құрылымдық талдау жүргізеді, өзбек әдебиеті тарихының классикалық үлгілерінің, әдеби-ғылыми мектептердің әлемдік өнер мен әдебиет қазыналарындағы орнын салыстырады және сыни тұрғыдан бағалайды;
  • әртүрлі стильдер мен жанрлардағы мәтіндерін құру, өңдеу және барабар қабылдау дағдыларын өнімді түрде пайдаланады; тіл мен әдебиеттің байланысын табады, көркем мәтіндегі сөздердің мағынасы мен қолданылуын түсіндіреді, ұлттық кодтың берілу жолдарын, пәнаралық білімдерді кіріктіре отыра әртүрлі жағдайларда талдау нәтижелері бойынша білімді одан әрі жетілдіру үшін өзбек және шет тілдеріндегі мәтінді оқып-үйрену әдістемелерін жүйелі түрде талдайды.
Top