Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02267 Түркітану в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Түркітануға кіріспе
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттерде түркітану тарихы, түркі тілдеріндегі зерттеулер туралы түсінік қалыптастыру. Пән болашақ мамандардың түркітану ғылымын меңгеруіне бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент түркітану ғылымы, оның ішінде түркі халықтарының тарихы, мәдениеті мен тілдері, негізгі тарихи көздері, отандық және шетелдік түркітануды дамытудың негізгі кезеңдері туралы жан-жақты ақпаратты меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы синтаксисі
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: студенттерде түркі тілдерінің салыстырмалы синтаксисінің тақырыптары мен мазмұнына негізделген мәліметтерді игеретін дағдыларды қалыптастыру. Пән тіл тарихындағы тарихи салыстырмалы синтаксисін жан-жақты меңгерген тіл мамандарын даярлауға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент түркі тілдерінің әртүрлі топтарында синтаксистік категориялардың ұқсас және әртүрлілік ерекшеліктерін анықтай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде ұлттың көркем әдебиетін зерттейтін әдебиеттану туралы түсінік қалыптастыру. Пән әдебиеттің тарихын, теориясын, сынын, текстологиясы мен библиографиясын қарастыратын салалары арқылы әдебиеттанудың мақсаты мен міндетін оқытады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер қазіргі түркі әдебиеттануының жаһандық ғылым ретінде туу, қалыптасу және даму жолын жүйелейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының этнотерриториясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: түркі этнотерриториясының қалыптасу, даму сатылары мен бағыттарын үйрету. Пән XIX ғасырларға дейінгі кезеңдегі түркі халықтарының этнотерриториясының қалыптасуына, мемлекеттілік эволюциясына және әскери мәселелелеріне бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде оғыз, қыпшақ мемлекеттерінің территориясы, этникалық шекарасының бекітілуі мен халқының этникалық құрамы туралы үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәңгілік Ел
    Несиелер: 5

    "Мәңгілік Ел" пәнінің мақсаты – ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі тілдерінің тарихи морфологиясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: студенттерде түркі тілдерінің тарихи морфологиясының даму және қалыптасу сатылары мен бағыттары мәселелерін түсініп, игеретін дағдыларды қалыптастыру. Пән тіл тарихындағы тарихи морфологияны жан-жақты меңгерген маманды даярлауға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент түркі тілдерінің тарихи морфологиясының даму және қалыптасу ерекшеліктерін анықтай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мифологиясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: студенттерде түркі халықтарының мифологиясы туралы тұтас түсінік қалыптастыру, мифологиялық элементтерді тану дағдыларын қалыптастыру. Пән студенттердің мифтердің типологиясы мен феноменологиясы, мифологиялық ойлау мен дүниетанымның ерекшеліктері; мифтердің мәдениеттанулық және дүниетанымдық контекстері бойынша білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде түркі мифологиясының мазмұнын толық ашады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көне түркі тілі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білімгерлерге түркі тілдес халықтардың көне жазба ескерткіштері туралы мәлімет беру, зерттелетін түркі тілдерінің тарихын тереңірек түсіну арқылы тілдік құзыреттіліктерін кеңейту. Пән түркі тілдес халықтар қолданатын әр түрлі руникалық жазулармен таныстыруға, Руникалық жазба ескерткіштерімен жұмыс жасаудың теориялық және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер көне түркі ескерткіштері тілінің грамматикасын үйренеді, руникалық графиканы зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының рухани-мәдени мұрасы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі халықтарының рухани-мәдени мұрасы туралы түсінік қалыптастыру. Пән қазіргі заманғы түркі халықтарының рухани және мәдени құндылықтарының ортақ жақтарын көрсетуге бағытталған. Пән түркі халықтарының мәдени мұраларын салыстырмалы теорияларды және заманауи зерттеу әдістерін қолдану арқылы зерттеуді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі тіл білімі тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттердің түркі лингвистикасын түсінуін қалыптастыру және түркітану даму тарихы туралы, ғылыми жұмыста қолдануға болатын, қолданыстағы ғылыми мектептер туралы ақпараттарды алу, ақпараттық материалдарды дайындау және мәтіндерді аудару. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер көне және орта ғасырлар кезеңінде жазылған түркі тілдері мен халықтар туралы, түркітану тарихы, ұлттық және еуропалық университеттердің түркітану және оның қазіргі жағдайы туралы қалыптасуы туралы алғашқы ақпарат алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: білімгерлердің түркі тілдерінің фонетикалық құрылысын талдауға қажетті дағдыларын қалыптастыру. Пән түркі тілдерінің тілдік ерекшеліктерін, спецификалық дыбыстардың өзгеріске ұшырауы мен қалыптасу жағдайын үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Орта Азия түркі халықтарының этно-саяси тарихы (V-XV ғғ.)
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: орта ғасырдан бастап Орта Азиядағы түркі халықтарының этникалық дамуы мен саяси жағдайының дағдыларын қалыптастыру. Пән түркі мемлекеттерінің Жерорта теңізі мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениетін байланыстырушы буын рөлін көрсетуге және түркі халықтарының V-XV ғасырлардағы этно-саяси тарихын зерделеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде Орта Азия түркі халықтарының этно-саяси тарихы талданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркітанудың әдіснамалық ұстанымдары
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: түркі халықтарының этнологиясы, тілі мен мәдениеті тарихындағы түркітанудың әдіснамалық принциптерін қалыптастыру. Пән түркітанудың негізгі бағыттарын, мәселелерін, теориялары мен әдістерін, жетекші түркітанушылардың негізгі тұжырымдамалары мен пікірлерін зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент түркі тілдерін оқыту әдістемесін, түркітану әдістемесі мен тұжырымдамасын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының көшпелі және отырықшы өркениеті
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Білімгерлерде түркі халықтарының көшпелі және отырықшы өркениетін тарихи деректерге сүйене отырып түсінік қалыптастыру. Пән түркі халықтарының көшпелі және отырықшы халық болған кезеңіндегі өркениеттің жәдігерлеріне тоқталу, олардың маңыздылығын үйренуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде әлем өркениетінде түркі халықтарының көшпелі және отырықшы өркениетінің маңыздылығын көрсете алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының эпостық жырлары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі халықтары эпостық жырларының жанрлық ерекшеліктерін, фольклорлық қызметі мен синкреттілігін жан-жақты ұқтырып қалыптастыру. Пән түркі халықтарының эпостық жырларының көп қырлы табиғаты, пайда болуы мен қалыптасуы, таралуы мен дамуы, сақталу ерекшеліктері және классификациясын үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде түркі халықтарының эпостық жырларын және олардың өзіндік ерекшеліктерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі түркі халықтары әдебиетіндегі даму тенденциялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қазіргі түркі халықтары әдебиетінің даму тенденцияларын, ұғымдар мен категорияларын, поэтика, жанр, стиль түрлерін білу дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі түркі әдебиеттануының өзекті мәселелерін қамтыған еңбектерді меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде қазіргі түркі халықтары әдебиетінің даму барысы туралы білімін жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркітану және сыни теория
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі әлемінің мәдени және тарихи ерекшелігі, сынның туу және қалыптасу кезеңдерін, түркітанудағы сыни теорияның негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы жүйелі білімді қалыптастыру.Пән сыни теорияны түсіну, жинақтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқыту нәтижесінде гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі түркітанудың сыни теориясын және әдіснамасының негіздерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі халықтарының ежелгі дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі халықтарының ежелгі дәуір әдебиетінің даму тенденцияларын, негізгі ұғымдары мен категориялары туралы ұғымдарды қалыптастыру. Пән ежелгі түркі әдебиетінің кезеңдерін сипаттауға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде түркі халықтарының ежелгі дәуір әдебиетінің даму барысы және ауызша-жазбаша шығармалардың тақырыптық ерекшеліктері айшықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі тілдерінің тарихи диалектілері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі тілдерінің тарихи диалектілерінің тілдік ерекшеліктері және түркі тілдерінің тарихи диалектілерінің өзекті мәселелері жайында түсінік қалыптастыру. Пән Орхон-Енисей, Талас ескерткіштерінің тіліндегі диалектілік ерекшеліктер мен Қарахан дәуіріндегі түркі тілі, хорезм және шағатай тілінде жазылған ескерткіштер туралы мәлімет беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түркі тілдерінің тарихи диалектілерінде жазылған әдеби шығармаларды талдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркістан географиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде география, белгілі бір аймақтың тарихы, өлкетану, қоғамның және қоршаған ортаның топонимикалық, экологиялық және демографиялық факторлармен байланысы туралы ғылыми және тәжірибелік білім-дағдыларын қалыптастыру. Пән Түркістан тарихнамасы, аймақтың әлемдік тарихтағы орны мен рөлі, Жібек жолындағы түркі тайпаларының қоныстауына қатысты мәліметтерді беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде Түркістан географиясы аясында түркі халықтардың топонимикалық, экологиялық және демографиялық факторлардың ерекшеліктерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі фольклоры
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі фольклорының сан қырлы табиғаты мен қалыптасу, даму, таралу және сақталу ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Пән фольклорлық шығармалардың мазмұны мен жанрлық ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түркі фольклорының қалыптасуы мен даму кезеңдеріне қатысты классификацияларды және халық ауыз әдебиеті шығармаларын жинақтау, жүйелеу және талдау процесінде алынған білімдерін қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Орта ғасыр түркі әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ХI-ХІХ ғасырлар аралығында түркі-ислам кезеңінде жазылған әдеби шығармаларды талдау арқылы білімгерлер ортағасырлық түркі әдебиетінің ортақ тұстары мен аймақтық ерекшеліктерін меңгереді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түркі әдебиетінің қалыптасуы мен даму үдерістерінің мәселелерін және шығыстық әдеби үрдістің (араб, парсы) түркі әдебиетіне әсерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • XVIII-XX ғғ. түркі жазба ескерткіштері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы орыс, батыс және түркі халықтары өкілдерінің еңбектерін оқып түсіну дағдысын қалыптастыру. Пән түркі жазба ескерткіштерінің нұсқа ерекшеліктері мен олардың қазіргі тіліміздегі қолданыстары және оларды зерттеудің маңызын түсіндіруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің нұсқаларын оқи алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Алтаистика негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Алтай тілінің құрылымын нақты түрде алдын ала білу, Алтай тілдерінде қабылданған дәстүрлі жазуға ие болу, Алтай тілдерінің генетикалық классификациясын түсіну. Пән Алтай тілдерінің жалпы сипаттамаларын, Алтай тілдерінің жіктелуін, Алтай тілдеріне тән негізгі типологиялық ерекшеліктерін, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін қамтиды. Пән алтаистика ғылымын теория жүзінде меңгеруіне бағытталған. Пән оқу нәтижесінде білімгер алтаистика ғылымынының барлық бағыттарында жүргізілетін зерттеу жұмыстарының негіздерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дипломатия және түркі мемлекеттері халықтарының өзара ынтымақтастық тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: түркітілдес мемлекеттердің сыртқы саясатының тұжырымдамалық негіздері мен мақсаттарының ерекшеліктерін және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің халықаралық қатынастарын дамытудың негізгі бағыттары бойынша білімдерін қалыптастыру. Пән түркі мемлекеттері мен халықтарының геосаяси жағдайының, әсіресе сыртқы саяси мінез-құлық пен ынтымақтастықтың тарихи ерекшеліктерін меңгертуге; түркі халықтарының дипломатиясын қалыптастыруда қазіргі кездегі аймақаралық қатынастардың саяси мәселелерін және дипломатиялық миссия мен құрылымын түсіндіруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түрікшілдік негіздері мен практикасы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: түрікшілдік негіздерін, оның түрлерін, түркі халықтарының топтасуы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси процестерді талдау мүмкіндігін қалыптастыру. Пән түркі халықтарының идеологиясы мен бірлігі мәселесін, кеңестік билікке қарсы күрестегі саяси элитаның рөлін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түркі халықтарының ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын, түркі халықтарының халық білімін зерттеу мәселелерін, түркі халықтарының бірлігі идеясы және оның нысанын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі әдебиетін оқытудағы ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде заманауи білім берудегі инновациялық үрдістер туралы, жаңа сандық және интернеттік технологиялар туралы түсініктерін қалыптастыру. Пән түркі әдебиетін оқыту кезінде қазіргі білім беру ресурстарымен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдылар мен іскерліктерді үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер әдістеме саласындағы соңғы жаңалықтармен танысып, оларды тиімді қолданудың жолдарын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі әдебиетінің теориясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білімгерлерге әдебиеттану ғылымы, түркі әдебиетінің даму дәуірлерінің теориялық және практикалық мәселелерін түсіндіру. Түркі әдебиетінің теориясы пәні әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралап, түрлі қырынан талдауды үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түркі әдебиеті тарихындағы кезеңдік жағдаяттардан туындайтын ағымдар мен бағыттардың концептуалдық негіздері жайлы мәлімет алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орта ғасырдағы түркі халықтарының cалт-дәстүрі және әдет-ғұрыптары
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі халықтарының орта ғасырлардағы материалдық және рухани мәдениетіне жататын дәстүрлі баспанасы, киім-кешегі, тағамы мен әдет-ғұрыптарымен (той жасау, бала туу және оның тәрбиесі, өлік жөнелту) байланысты түсінік қалыптастыру. Пән түркі халықтарының баспана түрлерінің пайда болуы, салыну тәсілдері мен техникасы, құрылыс материалдары және киім түрлері, оның жастық, жыныстық айырмашылықтары, жасалу технологиясы сияқты мәселелерді үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түркі халықтарының cалт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарының негізгі ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының әдеби жанрлары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі халықтырының әдебиетіндегі түрлі жанрдағы көркем шығарманың танымдық мазмұны, әдеби стилі, жанрлық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Пән білімгерге әдеби жанрлардың теориясы туралы толық мәлімет беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде түркі халықтары әдебиетінің поэзиялық, прозалық және драмалық жанрларының ауызша және жазбаша үлгілерінің қалыптасуы мен даму тарихын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Фольклорды зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі халықтарының фольклоры мен ғылымы әдістемесінің негіздері туралы түсінік қалыптастыру. Пән түркі фольклорындағы ерекшеліктер туралы мәліметтерді беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде әдеби дәуірдің көрнекті өкілдері мен фольклор туралы мағлұматты үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі рунологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерді жазу тарихымен және түркі графикасының түрлерімен таныстыру. Пән ежелгі түркі жазуы мен тарихының негізгі көзі болып табылатын Түрік бітіг (руника) мәтіндерін оқып, талдау жасауға дағдыландырады. Пәнді оқу нәтижесінде Орхон әліпбиі, Енисей әліпбиі, Талас әліпбиі, Азиялық түркі руникасы, Еуразиялық түркі руникасы туралы мәліметтерді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: түркі халықтары әдебиетінің кезеңдері мен шығармалары жайлы негізгі білімдерін қалыптастыру. Түркі әдебиетінің шығармалары мен тарихы жайлы жазылған ғылыми зерттеу еңбектерге шолу жасалады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түркі халықтары әдебиетінің қайнар көздерін, даму үдерісін және қазіргі кезеңдегі тақырыптық ерекшеліктерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі тілдеріндегі фразеологизмдер
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі тілдерінде фразеологизмдердің ерекшеліктері мен тақырыптарға бөліну жолдары жайлы білімді қалыптастыру. Пән түркі тілдеріндегі фразеологизмдер туралы мәліметтер беруге, фразеологиялық категориялар мен нормалардың өзекті мәселелеріне бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түркі тілдеріндегі фразеологизмдерді практикада қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көне түріктердің наным-сенімдерінің шығу генезисі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде көне түріктердің наным-сенімдерінің шығу генезисі туралы түсінік қалыптастыру. Пән көне түріктердің салт-дәстүрлеріне байланысты зерттеулерде археологиялық және жазба ескерткіштер туралы мәліметтерді түсіндіруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер ежелгі наным-сенімдердің шығу тарихын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі әдебиетінде мәтінді талдау
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: білімгерлерге түркі әдебиетінде мәтін талдау жұмыстарын жетік меңгерту; қарым-қатынастың түрі ретінде әдеби мәтіндердің ерекшеліктерін анықтау. Мәтін жазылған кезеңнің идеологиясы, мәтіннің құрылымы мен тақырыбы, кейіпкер, кеңістік және уақыт ұғымдарымен қатар баяндалу стилі мен көркемдік ерекшелігіне талдау жасау арқылы шығарманың әдеби құндылығы көрсетіледі. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер көркем туынды мен оның табиғатын, жазушы еңбегі мен шығармашылық ғұмырнамасын, әдебиеттің көркемдік, қоғамдық мәнін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Осман тіліндегі жазба ескерткіштер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгердің осман тілінде жазылған мәтіндерді оқуға қажетті дағдысын қалыптастыру. Пән осман тіліндегі мәтіндерді оқу, олардың мазмұнын талдау және тәжірибе жүзінде алынған білімді қолдануға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер осман тілінде жазылған мәтіндерді еркін оқып, түсіне алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қараханидтер дәуіріндегі жазба мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде Қараханид дәуіріндегі түркі жазба мәдениетінің ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Пән Қараханид мемлекетінің тілі, қарлұқ-хорезм және шағатай тілдері туралы мәлімет беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер Қараханид кезеңіндегі түркі жазба мәдениетінің жетістіктерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі тілдерінің ареалдық лингвистикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі тілдерінің ареалдық лингвистикасының тарихи-әлеуметтік жағдайын және осыған орай дамыған тіліне қатысты түсінікті қалыптастыру. Пән тілдік мұралардың өзіндік ерекшеліктерін үйретуге, түркі тілдерінің ареалдық лингвистикасының дамуы жайлы ақпарат беру және мысалдармен көрсетуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түркі тілдерінің ареалдық лингвистикасының тарихи-әлеуметтік жағдайын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркітанудағы зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлердің этнология, тіл, мәдениет және түркі халықтарының тарихындағы зерттеу әдістерін түсіну дағдыларын қалыптастырады. Пән түркітанудың негізгі бағыттарын, проблемаларын, теориясы мен әдістерін, әлемдік жетекші түркологтардың негізгі ұғымдары мен идеяларын және мәдени құндылықтарды, этникалық процестердің бағыты мен мазмұнын зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде түркітанудағы зерттеу жүргізу әдістерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстандағы түркітану ғылымы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде Қазақстандағы түркітану ғылымының өзекті мәселелерге қатысты дағдыларын қалыптастыру. Қазақстанда табылған көне түркі жазба ескерткіштері бойынша зерттеулерден мәлімет беру. Пән білімгерлердің алған білімдерін практикада қолдануға және теориялық еңбектерді оқуды үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер қазақ түркітанушыларының түркі жазба ескерткіштері бойынша зерттеулерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Этнолингвистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде этнолингвистика ұғымын қалыптастыру және қазіргі таңда бұл ғылымның қандай рөл атқаратынын анықтау. Пән этнолингвистика, этнос, этнос болмысы, этнос тілі деген ұғым-түсініктерге ерекше мән беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер этнолингвистикалық дамудың тарихы мен қазіргі жағдайын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі тілдерінің лексикологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде қазіргі түркі тілдерінің сөздік қоры мен құрылысы туралы түсінік қалыптастыру. Түркі тілдерінің лексикологиясы, сөздің лексикалық мағынасы және олардың семантикалық құрылымының түрлері жайында түсінік беру. Пән түркі тілдеріне ортақ сөздер мен кірме сөздерді және қазіргі түркі тілдерінің семантикасы мен оның түрлерін, мақал-мәтелдері мен тұрақты сөз тіркестерін үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер қазіргі түркі тілдерінің сөздік қорын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шет тілдеріндегі тюркизмдер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде шет тілдеріндегі тюркизмдердің теориялық және практикалық мәселелері туралы түсінік қалыптастыру. Пән тюркизмдерді талдаудың ғылыми принциптерін анықтап, тіл тарихын зерттеуге қажетті білім беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер шет тілдеріндегі тюркизмдердің дамуы туралы ақпарат бере алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем кеңістігіндегі түркітану ғылымы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде әлем кеңістігіндегі түркітану ғылымын зерттеу, оқыту әдістеріне арналған ғылым негіздерін қалыптастыру. Пән әлем кеңістігіндегі түркітану ғылымы мен көркем аударма және әдебиеттану поэтикасының мәселелері сынды тақырыптарды үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түркітану ғылымының қоғам дамуымен қатар өзгеріс тарихын және инновациялық әдістерін тиімді қолдану жолдарын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шағатай тіліндегі жазба ескерткіштер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде шағатай тілінің әліпбиі және олардың дыбыстық артикуляциялық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Пән Шағатай ұлысының тарихы мен мәдениетін, шағатай тілінің грамматикасын, ерекшеліктері мен ескерткіштерді транскрипциялау әдістерін үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер шағатай әліпбиін, транскрипция жасау әдісін, қолжазбалармен жұмыс істеу арқылы мәтіндерді талдауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады.

  • Код ON2

    Мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады.

  • Код ON3

    Қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады.

  • Код ON4

    Түркі халықтары тілдерінің фонетикасы, лексикасы, грамматикасы және этнолингвистикасы бойынша салыстырмалы еңбектерді меңгеру.

  • Код ON5

    Түркі тілдеріндегі ортақ сөздер мен кірме сөздерді анықтайды және олардың семантикасын ұғынады, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерді қолданады.

  • Код ON6

    Түркі халықтарының көшпелі мәдениетінің даму ерекшеліктерін, тарихи кезеңдерін, наным-сенімдерінің шығу тарихын, cалт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының негізгі ерекшеліктерін меңгеру.

  • Код ON7

    Қараханидтер кезеңіндегі жазба мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді және олардың түсіндірмесін қазіргі түркі тілдерінде меңгерумен қатар шағатай, осман тілдеріндегі қолжазбаларды транскрипция жасайды.

  • Код ON8

    Түркі халықтарының ортақ жазба ескерткіштеріне және қазіргі түркі халықтарының әдебиетіне қатысты зерттеу еңбектерін талдайды.

  • Код ON9

    Түркі халықтарының мәдени, әдеби мұраларымен және дереккөздерімен жұмыс жасауда алған білім-дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады.

  • Код ON10

    Түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, географиясы туралы мәліметтерді түркітанушы ғалымдар мен тарихшылардың зерттеу еңбектері арқылы жинақтайды.

  • Код ON11

    Тарихи көшпелі халықтардың шығу тегі, этникалық және тілдік тиістілігі, олардың бір-бірімен арақатынасы және қазіргі халықпен байланысы мәселелерін тұжырымдайды.

  • Код ON12

    Этнолингвистикалық дамудың тарихы мен қазіргі жағдайына талдау жасап, алтаистика негіздері және шетел тілдеріндегі тюркизмдердің дамуы туралы ақпарат береді.

Top