Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07108 Әуе көлігін техникалық пайдалану в ААА
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасы авиация техникасы мен технологиясы саласында белгілі бір білімі мен біліктілігі, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Білім беру бағдарламасы келесі оқу траекторияларын қамтиды: 1. "Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын техникалық пайдалану" (В1). 2. "Ұшу аппараттарының авионика жүйелерін техникалық пайдалану" (В2).
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Азаматтық авиация академиясы
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B067 Әуе көлігі және технологиялары
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика (М1)
Физика (М2)
Химия
Органикалық химия
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Жоғары математика
Инженерлік және компьютерлік графика
Техникалық сызу
-
2 Оқу жылы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Авиация негіздері
Дінтану
Электроника негіздері (М4)
Электротехниканың негіздері (МЗ)
Еңбекті қорғау және экология
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Базалық авиациялық ағылшын тілі (С1 деңгейі)
Авиациялық техниканың теориялық негіздері
Авиациялық құрылымдардың беріктік теориясының негіздері (В1)
Теориялық механика (В1)
Кәсіби ағылшын тілі
Метрология, стандарттау және сертификаттау
Сапа менеджмент жүйесі
Аэродинамика және ұшу динамикасы
Электродинамика, антенна-фидерлік құрылғылар және радиотолқындардың таралуы (В2)
Тізбектер теориясының негіздері (В2)
Сандық техника /электроника аспаптарының жүйелері (М5)
Базалық аэродинамика (М8)
-
3 Оқу жылы
Авиация қауіпсіздігінің жүйесі
Материалтану
Авиациялық-техникалық ағылшын тілі
Авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі
Техникалық қызмет көрсету практикасы (М7А)
Материалдар мен деталдар (бөлшектер) (М6)
Әуе кемелеріге техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері (М9А)
Газтурбиналық қозғалтқыш (М15) (В1)
Авиациялық жанар-жағармай материалдары және отынмен қамтамасыз етудің технологиялық процестері
CNS/ATM тұжырымдамасы және технологиялары (Communications, Navigation, Surveillance/Аir Traffic Management) (В2)
Күштік қондырғы (М14) (В2)
Радиолокация және радионавигацияның теориялық негіздері
Қазақстандық және халықаралық авиациялық заңнама (М10RK)
Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі
Әуе винті (М17А) (В1)
Оқыту нәтижелері
- Рухани, адамгершілік және азаматтық ұстанымды қорғау, инженерлік қызметтің жоғары басымдығы ретінде қоғамдық игіліктерді қабылдау қабілеті, әлеуметтік-саяси, мәдени және экологиялық салдарларға, тұрақты даму контекстіндегі интеграцияланған инженерлік қызметке жауапты болуға дайын болу;
- Мемлекеттік тілді және ұлтаралық/халықаралық қарым-қатынас тілдерінің бірін меңгерудің коммуникативтік дағдыларын қолдану, сондай-ақ ауызша және жазбаша түрде ой мен идеяларды еркін баяндау үшін ақпараттық құралдарды қолдану;
- Заңнаманы және құқықтық нормаларды сақтау (барлық заңды нормалар мен талаптарды, соның ішінде инженерлік қызметті жүргізу кезінде денсаулықты сақтау және қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде сақтауға дайын болу);
- Жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын кәсіби қызметінде қолдану, физика, химия және электротехникада теориялық, тәжірибелік зерттеу мен математикалық талдау әдістерін қолдану және инженерлік компьютерлік графика элементтерін меңгеру;
- Ағылшын тілінде әдістемелік және нормативтік құжаттарды, техникалық құжаттаманы әзірлеу, эскиздерді, суреттер мен схемаларды оқу және түсіну, сондай-ақ авиациялық қызметті реттейтін стандарттардың, заңнамалардың және өзге де құжаттардың барлық талаптары мен нормаларын ескере отырып, техникалық құжаттаманы өндірісте қолдану;
- Электронды, электротехникалық аспаптарда, авиациялық қозғалтқыштарда және әуе кемелерінің басқа да бөліктері мен жүйелерінде өтетін процестерді түсіндіру, сондай-ақ құрылымдардың аэродинамикалық ерекшеліктерін білу;
- Авиациялық техниканы техникалық пайдалану және диагностикалау кезінде өлшеу және аспаптық бақылау жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және қателіктерді бағалау;
- Әуе кемесінің сандық және аналогты жүйелерімен жұмыс істеу және әуе кемесінің типтік электрондық жүйелеріне техникалық қызмет көрсету;
- Сенімділік пен беріктілік талаптарын ескере отырып, өндірістік міндеттерді шешу үшін материалдардың пайдалану сапасын талдау, сондай-ақ есептеу мен жұмыс сызбалары арқылы олардың көрсеткіштерін анықтау;
- Радиолокация және радионавигация білімін, сондай-ақ кәсіби қызметте байланыстың, спутниктік навигация мен бақылаудың жаңа технологияларын қолдану;
- Қауіпсіздікті басқару жүйесінің және авиациялық қауіпсіздікті басқару жүйесінің міндеттерін орындау;
- Техникалық қызмет көрсету кезінде аэродинамика, әуе кемелерінің құрылысы және олардың жүйелері туралы білімді қолдану;
- Жанар-жағар май материалдарымен жұмыс жүргізу, олардың сапасы мен деңгейін бақылау, сондай-ақ әуе кемелеріне қосымша отын және арнайы сұйықтықтармен құюды жүргізу;
- Істен шығулар мен ақауларды жою, олардың алдын-алу үшін іс-шараларын жүргізу;
- Әуе кемесінің бөлшектеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау.