Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07154 Автоматтандыру және басқару в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Математика І
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттердің математикалық талдаудың негізгі әдістерін, аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра элементтерін меңгеру. Логикалық ойлауды дамыту және жоғарғы математиканың абстрактілі ұғымдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Қолданбалы есептерді қою және шешу кезінде жоғары математика әдістерін қолдана білу, алынған сандық нәтижелерді сапалы интерпретациялау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физика I
    Несиелер: 5

    «Физика» курсының мақсаты физика теориясын бақылаулар мен практикалық тәжірибені және орындалған эксперименттердің нәтижелерін қорытындылау ретінде көрсету. Сондықтан «Физика» курсын оқыту барысында студенттерге бақылау, өлшеу және эксперимент жүргізу әдістері туралы мағұлматтар берілуі қажет. Осы курсты оқыту барысы студенттерге тәжірибенің демонстрациясын көрсету және олардың лабораториялық жұмыстарын орындауы арқылы жүргізілуі тиіс. «Физика» курсы тек қана эксперименттік мағұлматтармен шектеліп қоймай, сонымен қатар эксперимент нәтижелері математикалық тұжырымдалған физикалық теория тұрғысынан үйретілуі қажет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физика IІ
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты электромагниттік тербелістер мен электромагниттік толқындар, геометриялық оптика мен толқындық оптика және атом, ядро физикасының бөлімдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математика ІI
    Несиелер: 3

    "Жоғары математика II" пәнін оқытудың мақсаты - студенттердің іргелі математикалық дайындық деңгейін көтеру, студенттерді көп айнымалылы фунциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеуі, метрикалық кеңістіктердің элементтері, жай дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістері мен тәсілдері, логикалық және алгоритмдік ойлауды дамыту, теориялық және практикалық есептерді шешуге қажетті математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дискретті математика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білім алушыларды қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістер мен моделдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалық аппаратпен қаруландыру. Бұл пәнде жиындар теориясы элементтері, комбинаторика элементтері, логикалық алгебра функциялары, графтар теориясының элементтері, кодтау теориясы элементтері қамтылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты микропроцессорлардың архитектурасы мен құрылымын, олардың жіктелуі мен таңбалануын, микропроцессорларды технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесінде қолдануды, технологиялық бақылау мен басқарудың типтік құралдарын жүзеге асыруда сандық және микропроцессорлық техниканы қолдануда практикалық дағдыларды меңгеру және технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесінің объектілерін басқарудың қазіргі мультипроцессорлық жүйелерінің даму тенденциялары туралы, оның ішінде өнеркәсіптік контроллерлер базасында түсінікке ие болып оны үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қолданбалы ақпараттар теориясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты ақпарат теориясының қажетті теориялық негіздерін, ақпаратты жинау, беру және өңдеу әдістері мен құралдарын зерттейтін ақпаратты кодтау кезінде, сонымен қатар хабарламаларды сигналға түрлендіру кезінде пайда болатын негізгі процестермен таныстыру, цифрлық ақпаратты өңдеудің, кодтау мен кодтаудың, сонымен қатар арналар мен байланыс желілері арқылы берудің әдістері мен тәсілдерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электр техникасының теориялық негіздері І
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты электрмагниттік өрістің негізгі ұғымдары мен заңдарын, электр және магнит тізбектерінің теориясын, тұрақты, синусоидалды және синусоидалды емес токтардың тізбектерінің теориясын, екі полюсті және көп полюсті элементтері бар сызықты тізбектерді талдау әдістерін, үшфазалы тізбектердің негізгі ұғымдарын, анықтамаларын және есептеу жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бағдарламалау технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты бағдарламалық жабдықтарды жасау барысында қажет болатын программалық жүйелерді талдау, жобалау, жүзеге асыру және тестілеу әдістерімен таныстыру, сондай-ақ оларды қазіргі бар, қолданылып жүрген ұстанымдар мен технологиялармен таныстыру болып табылады. Программалаудың автоматтық негіздердін, программалау тілінің классификациясын, мәліметтер типтерін ішкі программаларды қолданып программа, стандартты модельдер, деректердің динамикалық құрылымын, программалық қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программалау стилін, программалаудың сапа көрсеткішін, программаны сынау мен қалыптастыру тәсілдерін, объектілі бағытталған программалаудың негіздерін қолданып программа құру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жобалаудың автоматтандырылған жүйесі
    Несиелер: 3

    Пән мақсаты жабдықтардан (техникалық жасақтама), программа мен оған керек құжаттамалардан (программалық жасақтама, тілтану жасақтамасы, математикалық жасақтама), компьютерге енгізілетін мәліметтер жинағынан (ақпараттық жасақтама), жүйені пайдалану туралы құжаттамадан (әдістемелік, ұйымдастырушылық жасақтама) және жұмыс атқаруға қажетті жабдықтар мен жұмыс орындарымен қамтамасыз етілгеп ұжымнан тұратын үйымдастырушы-техникалық жүйе. Автоматтындырылған жобалау жүйесінің негізгі міндеті бұйым мен оның құрама бөліктерін жобалаудың барлық немесе жеке сатыларында автоматтандырылған жобалау жұмысын жүргізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады. Пән ұлы сопы-ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын зерделеуге, оның дүниетанымы мен хикметтерді түсіндіруді жүйелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ықтималдықтар теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты біртекті кездейсоқ оқиғалардың ықтималдылық заңдылықтарын оқып үйрену. Ықтималдықтар теориясының әдістері автоматты басқару теориясында және басқа да теориялық және қолданбалы ғылымдарда кеңінен қолданылады. Ықтималдықтар теориясы қолданбалы математиканы негіздеу үшін қызмет етеді, ол өз кезегінде өндірістік процестерді жоспарлау және ұйымдастыру кезінде, технологиялық процестерді талдау кезінде қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Электр техникасының теориялық негіздері ІI
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты сызықты және сызықты емес тізбектердегі өтпелі процестерді, сызықты емес тізбектердегі қалыптасқан және өтпелі режимдерді есептеу әдістерін оқып үйрену. Тұрақты және айнымалы токтың сызықты және сызықты емес электрмагниттік тізбектерінің сипаттамасын, электр және магнит өрісі, айнымалы электрмагниттік өрістерді есептеу жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, түркі халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді қарастырaды. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өндірістік автоматика І
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ауыл шаруашылығының типтік технологиялық қондырғыларын автоматтандырудың принциптері мен техникалық шешімдерін, автоматиканың техникалық құралдарының құрылымы мен жұмыс істеуінің жалпы жұмыс принциптерін, автоматты басқару жүйелерін талдау, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Схемаларды талдау және синтездеу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тұрақты жəне айнымалы тоқтың электр тізбектерін Ом жəне Кирхгоф заңдарын негізге ала отырып, талдау жəне есептеу əдістері; сызықтыэлектр тізбектеріндегі өтпелі процестерді зерттеу əдістері; сызықты емесэлектр тізбектерін есептеу əдістерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Электроника
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ОМ және Кирхгоф заңдары негізінде тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін есептеу және талдау әдістерін; сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді зерттеу әдістерін; сызықты емес электр тізбектерін есептеу әдістерін оқу. электрмагниттік және электрондық сұлбаларда өтетін осы процестерді сипаттайтын электр шамаларын анықтау негіздерін теориялық және практикалық білім табысты игеруді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Автоматты басқару теориясы
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты автоматты басқару теориясының негізгі заңдары, уақыт және жиілік салаларында автоматты басқару жүйелерін талдау және синтездеу әдістерін, сызықтық жүйелердің орнықтылығын талдау әдістерін, басқару сапасын бағалауды, автоматты басқарудың сызықты емес жүйелерін талдау әдістерін оқып үйрену

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Автоматика құрылғылары мен элементтері
    Несиелер: 5

    Пәнінің мақсаты қазіргі заман электромагниттік және электромашиналық құрылғылар мен элементтерді, түрлендіргіштерді қолдану орнын, олардың сипаттамаларын және талаптарын үйрену сонымен қатар, автоматика құрылғыларының жұмыс атқару принциптерін, элементтік базасын, элементтер классификациясын, схемотехникалық ерекшеліктерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сызықты автоматты реттеу жүйесінің теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты автоматты реттеу жүйесінің теориясын меңгерген, оны дұрыс және орынды пайдалана алатын, сондай-ақ қазіргі заманғы компьютерлік техника құралдарын кеңінен пайдалана отырып автоматты жүйелерді құру және пайдалануға, енгізу бойынша есептік жұмыстарды орындай алатын жоғары білікті маманды дайындау

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сигналдар және бақылау жүйелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты бақылау жүйелерінде қолдану саласына арналады. Сигналдарды түрлендіру принциптері мен әдістері (күшейту, кванттау, дискреттеу, модуляциялау, генерациялау, т.б.) және ақпараттық-өлшеу жүйелерінің аспаптары, құрылғыларын, сигналдарды цифрлық өңдеу жүйелерін іске асыруға арналған қазіргі заманғы элементтік базаны қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты автоматтандырылған ақпараттық жүйе-ақпаратты сақтауға, беруге және өңдеуге байланысты қызметті автоматтандыруға арналған бағдарламалық-аппараттық құралдардың жиынтығын қарастырады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе тиімді қызметті қолдау үшін қажеттіліктерге сәйкес шешімдер қабылдау үшін пайдаланылатын ғылыми, басқарушылық және басқа да ақпаратты тұтынушыларға дайындау және ақпарат берудің үздіксіз технологиялық-инновациялық жүйесін ақпараттық қызмет көрсетуге арналған автоматтандырылған ақ��араттық технологиялар кешені ретінде пайдаланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіпорынның инфрақұрылымын ұйымдастыру және басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты отандық және шетелдік озық тәжірибені ескере отырып, нарықтық экономика жағдайында өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру мен басқарудың нысандары мен әдістерін дамыту саласында теориялық және қолданбалы кәсіби білім мен іскерлікті алу, сонымен қатар практикалық қызметте теориялық білімдерді дербес бастамашылық және шығармашылық пайдалану дағдыларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инженерлік графика (SolidWorks 3D)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ғаламдық компьютерлік желілерде ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті, жобалау-конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды әзірлеу және редакциялауға арналған қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды қолдану қабілеті, сызба геометриясы және инженерлік графика элементтерін меңгеру, түрлі физикалық әрекет принциптеріне негізделген элементтер мен құрылғыларды есептеу және жобалау қабілеті болу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Процесстер мен өндірістерді автоматтандырудың технологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты өндірістік процесстерді автоматтандыру жүйесін классификациялаудың негізгі ерекшеліктерін, реттеудің негізгі заңдарын, автоматтық жүйелер элементтерінің конструкциясын және жұмыс істеу принципін, технологиялық процестердің параметрлерін автоматты бақылау тәсілдерін, негізгі технологиялық процесстерді автоматтандыру сұлбаларын оқып үйрену және студенттерді автоматтандырудың техникалық құралдарын таңдауға, пайдалануға және қызмет көрсетуге, автоматты құрылғылар элементтерінің сипаттамаларын зерттеу және талдау әдістерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Электронды құрылғылар және басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты басқару жүйесінің базалық электрондық құрылғыларын құру принциптері мен құралдары туралы жалпы техникалық және кәсіби түсініктерді қалыптастыру және электрондық құрылғылардың жұмыс істеу принциптері, типтік схемалық іске асыру, электрондық сұлбаларды оқу, қолданбалы бағдарламалардың типтік пакеттерін пайдалана отырып қарапайым электронды құрылғыларды есептеуін үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Микроэлектрондық құрылғылар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты өндіріс технологиясыныңөлшеу жүйесіндегі теория негіздерін және кәсіпорындарындағы құрылғылар мен қондырғыларды өлшеу әдістерін, олардың принципиальді, функциональді схемалары мен аппаратураларының құрылыстарының жұмыс істеуінүйретеді. Сонымен қатар микросхемалардың, диодтардың, биполярлы және өрістік транзисторлардың, жұмыс істеу ұстанымдарын, жұмыс режимдерін, негізгі сипаттамалары мен параметрлерінің ерекшіліктерін оқып үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әмбебап автоматтандырылған өндірістер
    Несиелер: 5

    Пән өндірісті тиімді басқару (өндірісті унификациялау, стандарттау, оптимизациялау, роботизациялау, т.б.) әдістеріне арналады. Ақпараттық жүйелер мен олардың элементтерін ашу, орнату, қолданысқа ендіру және қызмет көрсете алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бейсызықты автоматты реттеу жүйесінің теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты сызықты емес автоматты реттеу жүйелерінің теориясын терең білетін, қазіргі уақыттағы компьютерлік техникасын кеңінен қолданып автоматты жүйелерін пайдалану, іске қосуға және жасауға арналған есептеу жұмыстарын орындай алатын жоғары білікті маманды дайындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өндірістік автоматика ІI
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты автоматты басқару жүйелерінің негізгі көрсеткіштерін (сапа, сенімділік және техникалық-экономикалық тиімділік) анықтау және элементтердің және автоматты жүйелердің қасиеттерін аналитикалық сипаттау, ауыл шаруашылық басқару объектілерін автоматтандырудың құрылымдық функционалдық және алгоритмдік сұлбаларын оқу және құруды қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Автоматтандыру және басқарудың техникалық құралдары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты өлшеуіш түрлендіргіштерді, ақпаратты өңдеу құрылғыларын, атқарушы механизмдер мен автоматтандырудың өзге де техникалық құралдарды зерделеуді меңгерту. Студенттерді автоматтандырудың техникалық құралдарын таңдауға, қолдануға және қызмет көрсетуге, сонымен қатар автоматика элементтері мен құрылғылардың сипаттамаларын зерттеуді және талдауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Автоматика және телемеханика жүйелерін жобалау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты жобалау принциптерін және cынақ-конструкторлық құжаттама дайындау әдістерін, басқарылатын объектілерді зерттеу әдістерін техникалық есептерді шешуде қолдануды, автоматика және телемеханика жүйелерінің жұмысын зерттеу, бағалау және оптимизациялау әдістерін (құрылымдық/параметрлік) техникалық есептерді шешуде қолдануды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Басқару жүйесінің сенімділігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттердің күрделі техникалық жүйелердің сенімділігін қамтамасыз ету облысында білімдері мен икемдері қалыптастырады. Жабдықтардың барлық элементтерінің сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Сенімділік үшін арнайы мәселелерді талқылап, құбылыстарды сандық түрде талдайды. Сенімділік теориясында ықтималдық зерттеу әдістері кеңінен қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Техникалық процестерді және өндірісті бағдарламалық басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру кезінде есептеуіш техниканы қолданудың негізгі принциптерін, басқару бағдарламаларында қолданылатын командалар жүйелерін, сандық бағдарламалық басқару құрылғыларының жұмысын бағдарламалау принциптерін және сандық техника базасында технологиялық объектілерді бағдарламалық басқарудың қазіргі заманғы жүйелерін құруды, ақпараттық, математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерінің функцияларын негіздеуді және әзірлеуді үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өндірістік құрылғылардың электржетегі және автоматикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты жоғары сапалы, үнемді, үзілусіз электрэнергиямен тұтынушыларды қамтамасыз етумен қатар электрмен және автомттандырумен қамтудың негізгітәсіл-амалдары туралы жүйелік білімдерді қалыптастырады. Электржетекті логикалық басқару, тұрақты және айнымылы тоқ электржетектерінің жылдамдығын автоматты басқару жүйелері, атқарушы органның қалпын басқару жүйелер процесін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Басқару объектілерін модельдеу және идентификациялау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты күрделі жүйелерді автоматтандырудың негізгі бөлімі болған процестерді математикалық моделдеу және оны реал уақытта идентификациялау жәрдемінде обьекттерді тиімді басқару алгоритмдерін жаратуды үйрету, күрделі жүйелерді автоматтандыру процесі, оның құрамдары мен математикалық моделедерін құра білу, басқару обьектінің моделін құруда аналитикалық, эксперименталды және экспериментал-аналитикалық әдістерін, құрылымдық және параметрлік идентификациялауды, техникалық жүйелердің матема��икалық моделдерін түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Метрология және өлшеу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты өлшемдер туралы, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар туралы қарастырады. Сондай-ақ өлшемдердің бірлігін және өлшеу құралдарының бірлігін қамтамасыз етуді, өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдарын, өлшемдердің метрологияның негізгі объектісі ретінде физикалық шамалармен және өзге де ғылымдармен байланысын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өнеркәсіптік реттеуіштер
    Несиелер: 5

    Пәнінің мақсаты технологиялық процестерді автоматты және автоматтандырылған басқару жүйелеріндегі қазіргі заманғы реттеуіштердің құрылғыларын, әрекет ету принципін және баптау әдістерін, ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету саласындағы негізгі және қосалқы өндірістерді бақылау мен диагностикалауды басқаруды, жобалау, өндірістік сынау, пайдалануды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • SCADA – адам-машина жүйесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты техникалық сызбалардың үлгісін SCADA-да, яғни техникалық объектілерді басқару, динамикалық жүйелерді оларды математикалық түрде сипаттау және динамикалық жүйелерді зерттеу негізінде математикалық модельдерді өңдеу қағидасына, қолданбалы бағдарламалық жасақтарын және есептеуіш техника құралдарын еркін пайдалану негізінде технологиялық кешендерді автоматтандыру қағидасын үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Байланыс жүйелерінің автоматикасы
    Несиелер: 5

    Пәнінің мақсаты байланыс жүйелерінің жұмыс принципін, оптикалық және радиобайланыс және кабельдердің стандарттарын, желіде компьютерлік ақпаратты қорғау, локалды тораптарды, цифрлық теледидар, сандық радиохабар, DECT стандарты, кеңжолақты байланыс технологиясы, кеңжолақты қатынау стандартын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • P-CAD жобалау жүйесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты печатты платаларды монтаж жасауды автоматтандыратын Р CAD жобалау жүйесінің жұмыс принципын үйрету. P CAD жүйесінің құрылымы мен мүмкіндіктері, P CAD schematic редакторымен таныстыру, P CAD РСВ редакторымен таныстыру, жобалауға дайындық жұмыстарын компоненттерді іздеу, дайындау, P CAD жүйесінде жобалау принциптері мен әдістерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Автоматика және телемеханика жүйелерінің схемалары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерді автоматика және телемеханика жүйелерін жұмыс атқару принципымен, классификациясымен, құрылымымен, схемотехникалық моделдеу принциптерімен және әдістерімен, автоматиканың типтік схемаларымен, типтік сызықты/бейсызықты элементтерімен, автоматты реттеу жүйелерінің функционалды схемасымен, оның құрылымымен таныстыру және электр тізбектерін талдау әдістерін есепті шешуде қолдану мен датчик, задатчик, күшейткіш, сумматор, атқарушы механизм, жұмысшы орган, таратқыш/қабылдағыш, корректілеу схемаларын оқуды, сызуды және талдауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Автоматиканың импульстік схемалары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты импульстік режимдегі ақпараттық талдау жүйесінің жұмыс атқару принципін, классификациясын, құрылымын, схематехникалық ерекшеліктерін үйрету. Импульстік режимдегі ақпараттық талдау жүйесі жұмыс атқару принципымен, классификациясымен, құрылымымен таныстыру, импульстік ақпараттық талдау жүйесі үшін схемотехникалық моделдеу принциптерін және әдістерін қолдануды үйрету, импульстік схемалардың ерекшелігін көрсету, импульстік қоректену блогының сызықтық қоректену блогымен салыстырып, артықшылығын көрсету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тұрмыстық автоматиканың практикалық схемалары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты Arduino Uno микроконтроллері арқылы «түнгі жарық» жүйесін басқаратын құрылғыны жобалау. Сонымен қатар, аталған микроконтроллерді түрлі салалардағы мүмкіндіктерін қарастыру. Техникалық тапсырманы құру, берілген техникалық тапсырма бойынша құрылғы бөлшектерін таңдау үшін техникалық сипаттамаларын есептеу, моделдеу әдісін пайдаланып, жүйенің жұмысқа қабілетін бағалау, жүйенің жұмысын басқаратын бағдарлама құру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады.

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады.

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады.

  • Код ON4

    - өзінің кәсіби қызметі саласында қолданылатын ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу үшін компьютерлік әдістермен жұмыс істейді.

  • Код ON5

    - кәсіби қызмет барысында физика-математикалық аппаратты, талдау және модельдеу әдістерін, теориялық және эксперименталды зерттеулерді кәсіби есептерді шешеді.

  • Код ON6

    -компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу бойынша кәсіби есептерді шешу үшін объектілі бағытталған бағдарламалау саласында білімді, іскерлікті, дағдыларды және жеке қасиеттерін пайдалануды үйренеді.

  • Код ON7

    -цифрлық құрылғыларды әзірлеу кезінде автоматтандырылған жобалау құралдары мен әдістерін түсіндіреді.

  • Код ON8

    - өнімнің сапасын, стандарттарды, техникалық регламенттерін көрсетеді.

  • Код ON9

    -техникалық сызбаларды, жоспарларды құрастыру, басқару элементтерін монтаждау, принциптік, функционалдық және монтаждық схемаларды құрастыру принциптерін жіктей алады.

  • Код ON10

    - автоматты басқару жүйелерінің динамикалық сипаттамаларын есептеуін түсіндіреді.

  • Код ON11

    - өндірістік және технологиялық процестер жүйелерінің сапасын зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық модельдерді әзірлеу, автоматтандыру, өндірісті басқару, өнімнің өмірлік циклі мен оның сапасын талдау жасап және оңтайландыруды көрсетеді.

  • Код ON12

    -әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстар туралы отандық және шетелдік статистиканың деректерін талдау және түсіндіру, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру үрдістерін анықтау; - технологиялық процесстер мен электр жабдықтарын автоматтандыру және басқару объектілерін сынау әдістерін практикада қолдану.

Top