Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02122 Дәстүрлі музыка өнері в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты - Ұлттық мәдениет және өнерді қалыптастыру мен дамытудың негізгі стратегиялық мүмкіндіктерін айқындау; әлем деңгейіндегі ең үздік үлгілердің тәжірибелерін меңгеруге жағдай жасау; - Орындаушылық өнер шегінде кәсіби біліктілік және толық сапалы білім алу жағдайымен қамтамасыз ету болып табылады; - Өнер саласында қоғам қажеттілігіне сәйкес жеке тұлғаның қалауынша сапалы білім беруді жүзеге асыру; - Жалпы жоғарғы интеллектуалды даму деңгейін дамыту, сауаттылықты меңгеру және сөйлеу қабілетін дамыту, ойлау жүйесінің гуманитарлы мәдениеті мен ғылыми еңбек ұйымдастыру дағдылары үшін жағдаймен қамтамасыз ету болып табылады. - Орындаушылық шығармашылық қызметтерді жүргізу; әртүрлі жанрлардағы, стильдердегі кезеңдердегі, түрлі халықтардың, композиторлардың музыкалық шығармаларын көркемдік деңгейде орындай білу; дәстүрлі өнердің ұлттық негіздерін сақтап, дамыта түсу; ұйымдастырушылық, шығармашылық, ұстаздық қызметтердің технологиясын меңгеру; ғылыми- зерттеушілік, оқу-әдістемелік еңбектермен шұғылдана білу.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B021 Орындаушылық өнер
  • Дайындық бағыты 6B021 Өнер
  • Музыка теориясы (сольфеджио)
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - студенттерінің есту, есте сақтау, ән айту барысында дыбыстарды таза интонациялауға үлкен әсерін тигізеді. Көптеген музыкалық дағдыларын дамытады - есту қабілеті, ырғақ, есте сақтау қабілетін және де басқа мәндерді меңгеруге септігін тигізеді. Аталмыш пән кәсіби ән өнеріне бейімдеп, үлкен біліктілік пен білімділікті шығармашылық ізденіс пен әдіс тәсілді меңгеруды қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандық І (Д)
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - әншілік өнердің ежелден қалыптасқан дәстүрлі орындаушылық тәсілдері үйретеді. Қазақ даласындағы аймақтық орындаушылық мектептердің өзіндік ерекшеліктерін оқытады. Әншілік өнердің орындаушылық бағыттары, әнші-композиторлардың, яғни қазақ сал-серілерінің әндері мен жырларын, тарихи оқиғаларға байланысты туған ән-жыр аңыздары мен шығармалар жан-жақты үйретіп, қараcтырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мамандық ІІ (Д)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - орындаушылықты дамытуда талап ететін көркемдік, кәсіби жағынан орташа әндерді үйрету. Ұстаздық және орындаушылық тәжірибелер арқылы студенттің кәсіби шығармашылық тұлғасы, сонымен қатар теориялық пәндер негізінде әнші маманның орындаушылық және педагогикалық қасиеттері қалыптасады. Әншінің негізгі репертуарын жасақтауды және тыныс алудың тиімді тәсілдерін үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық аспап-I (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз) /Д/
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - болашақ маман иесі ретінде студенттерге аспаптарда кәсіби-орындаушылық шеберлігі негіздерін тәжірибе жүзінде меңгеруді, музыкалық-орындаушылық мәдениеттің озық үлгерімен таныстырады, оларды орындау, жеке тұлғаны ұлттық рухта тәрбиелеуге, ұлттық өнер түрлерін біле отырып, олар арқылы көркемдік, эстетикалық, мәдени ой-өрісін дамытады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, түркі халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді қарастырaды. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мамандық ІІІ /Д/
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – әрбір дәстүрлі орындаушының өзіндік қолтаңбасы мен шеберлігін айыра білуді, үнтаспадан әрбір әншінің, жыршының даусын ажыратуды үйретеді. Оң қол, сол қолдың дұрыс қалыптасуына гаммаларды, арпеджио оларды әндік формада байланыстырып ойнауды үйретеді. Аспаппен ән сүйемелдеуді дәстүрлі орындаушылық әдістерді (халық әндері мен халық композиторларының шығармаларын аспапқа лайықтау, қағыс түрлерімен жұмыс) үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Музыкалық аспап-IІ (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз) /Д/
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – шығармашылық музыкалық қызметтің түрі ретінде аспаптық орындаушылықты меңгеруге, музыкалық шығарманы меңгеру барысында аспапта ойнау дағдылары мен кәсіби біліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Музыкалық-есту түсініктері мен моторлы-қозғалыс орындаушылық дағдыларын дамыту формалары мен әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Музыка теориясы (гармония)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – музыкалық теория негіздерінің бастапқы қағидалары мен тәсілдерін (жазып, оқып) үйрену. Дыбыс, оның физикалық және музыкалық қасиеттері. Дыбыс қатары. Ноталардың жазылуы. Ноталардың ұзақтылықтары. Дыбысты тыңдау және есте сақтау қабілетін дамыту. Музыкалық-теориялық білімдерді меңгеру (интервалдар, ладтар, тональдіктер, аккордтар т.б.).

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады. Пән ұлы сопы-ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын зерделеуге, оның дүниетанымы мен хикметтерді түсіндіруді жүйелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мамандық IV /Д/
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – ән айтылғанда дауыс пен домбыра сүйемелінің үндестігіне мән беріп, халық әні мамандырылуы бойынша кәсіби орындаушылық дайындықтардың негізін қалау. Жеке қабілеттерін өз бетінше дамыта білуге, ізденіске баулу. Орындаушылық өнердің негізгі бағыттарына тереңдетілген репертуар қорын жинақтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Этносольфеджио
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – музыкадағы ғылыми қалыптасқан қағидалары мен тәсілдерін жазып, оқуға үйретеді. Жоғарғы және төменгі музыкалық дыбыстар, дыбыс қатарын біліп үйретуіне көмектеседі: музыкалық жүйе, жарты тон және бүтін тон, октавалар, ноталарды жазуды, кілттік белгілерді, ырғақ және метр, акцент, өлшем, такт және екпін деген ұғымдарымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Музыкалық антропология
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – студенттердің ғылым бағыты мен кәсіби тұрғыда дамып, жан-жақты мәдениетті зерттеу, маманданған археология, филология және мәдени антропология арқылы қызығушылығын ояту. Пәннің нысаны музыка жайындағы ғылыми білімін арттырып, білім алушының көпқырлы көркемдік-музыкалық іспен тығыз байланыстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Музыкалық аспап-IІІ (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз) /Д/
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – музыкалық аспаптарда ойнауды еркін меңгеріп, күрделі музыкалық шығармаларды орындау тәсілдерін игереді, сүйемелдеу дағдыларын меңгеріп, өз орындауындағы әндерді, жеке әншілерді сүйемелдей білу, нотаны оқып ойнау, нотасы жоқ әндерді есту арқылы сүйемелдеу, түрлі сарындылыққа көше білу, ансамбль, оркестрге қосылып ойнай білуге үйрету, музыкалық репертуарлармен өз бетінше жұмыс істеуді үйретеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дәстүрлі музыка және фольклор
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – қазақ халқының көне дәуірінен келе жатқан жәдігерлерін жинап зерттеп, бүгінгі мәдени өмірімізге қайта ендірген пән. Оның тарихи-ғылыми маңызымен қатар ұлттық рух, санамызды қалыптастырудағы қызметі орасан зор. Оның тарихи-ақпараттық, комуникативтік этникалық арқауы тағы бар. Курсты игеру барысында студенттердің фольклор - музыкалық жанрлар табиғаты туралы теориялық білімін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әуенді-ырғақтық тәрбие /Д/
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты –студенттің ырғақты қозғалысты, сөз және үйлестіру сезімін дамыта отырып, музыкаға деген сүйіспеншілігін арттырып саналы түрде қабылдауды қалыптастырады, шығармашылық байланысын ынталандырады, музыканы қабылдау, қиял мен еркін қозғалыстарды дамытуға ынталандырады. Мамандыққа деген қызығушылығы артады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мамандық V /Д/
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – әншілік өнердің орындау мәнеріне, иірім сазына, интонациясына байланысты әндерді үйретеді. Студенттің аспапты толық меңгеруде және жалпы шығармашылық өсуде жоғары кәсіби шеберлікті дамытуға мүмкіндік береді. Орындаушы-әнші, жыршының өзіндік шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қоғам және музыка
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қоғамда музыка мәдениетін тарату, насихаттау, музыка өнерінің жеке түрлерін зерттеу мақсатымен құрылған кәсіби музыканттардың және музыка әуесқойларының бірлестігін зерттейтін пән болып табылады. Музыка қоғамдарының ұлттық, халықаралық түрлері болады, олар ішінара орындаушылық, ғылыми және ағартушылық болып бөліну жолын қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Полифония
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерге полифонияның негізгі заңдылықтары мен көп дауыстылықтың ерекшеліктері жөнінде түсінік береді. Полифония түрлеріне қызығушылықты қалыптастырады; полифония дамуынның тарихи кезеңдері; полифониялық құрылымның түрлері; әуенді полифония түрлерін дамыту дағдыларына баулиды; көп дауыстылық имитация және канонды шығарады. Жай үшдауысты фугаларды күй сандықта шығаруды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыка мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынас формаларының алуан түрлілігімен, әлем халықтарының музыкалық-интонациялық идеалдарының көп түрлілігімен және оларды өсіру формаларымен, мәдениетаралық қарым-қатынас тарихы мен мәселелерімен таныстыру; басқа музыкалық мәдениеттерге және олардың тасымалдаушыларына толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру. Ұлттық аспаптардың ерекшеліктерін, музыкалық дәстүрлерді, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және музыкалық-поэтикалық өнердің бірлігін көрсете білуді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – сан ғасырдан бері ауызша таралып келген халқымыздың дәстүрлі әншілік өнерін студенттерге толық меңгерту. Осы орайда табиғат сыйлаған даусы бар тума таланттарды кәсіби ән өнеріне бейімдеп баулу, үлкен біліктілік пен білімділікті шығармашылық ізденіс пен әдіс тәсілді талап етеді. Осы проблемалардың барлығы аталмыш пәнде қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыкалық аспап- ІV (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз) /Д/
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – болашақ маманның орындаушылық шеберлігі негіздерінің практикалық дағдыларын қалыптастырады, музыкалық-орындаушылық мәдениеттің жетекші үлгілерімен танысу және оларды орындау жолын, ұлттық бірегейлік рухында тәрбиелеу, ұлттық өнер саласындағы білім және эстетикалық мәдениетті дамыту жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Фортепиано
    Несиелер: 5

    Фортепианода ойнау музыкалық сауаттылығын, ансамбльдік ойын дағдыларын, сүйемелдеу және қажетті дағдылардың, шеберліктерін, шығармашылық белсенділігін тәжірибелі жинақтауға, әлемдік музыка жоғары жетістіктерімен танысуға кіреді. Музыкалық шығармалармен таныстырады: пьеса, прелюдия, этюд, полифониялық шығармалар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыкалық эстетика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - музыкаға деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті тәрбиелеу; музыкалық әсермен байыту; музыкалық қызметтің барлық түрлерінде: ән айту, тыңдау, музыкалық-ырғақтық қозғалыс, музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын дамыту; эстетикалық сезімдер мен музыкалық талғамды тәрбиелеуге және қалыптастыруға ықпал ету; адамның жан-жақты дамуына ықпал ету; музыкалық қызметтің барлық түрлерінде шығармашылық белсенділікті дамыту; музыкалық-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушылырдың музыкалық өнер саласына эстетикалық көзқарас, моральдық принциптері мен талаптары қалыптасады, бір өлкенің әнің басқа өлкенің әншісі ретінде қиналмай айта алатынын дағдылары қалыптасады, қазақ әнінің аймақтық әншілік мектептердің орындаушылық ерекшеліктері жөнінде білімдері меңгертеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жеңіл және классикалық музыка
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – классикалық және жеңіл музыкалық білімінің қалыптасуы мен дамуының жан-жақты жақтарын, жалпы білім беретін мекемелерде музыканы оқытудың теориялық білім негіздерін меңгеру қарастырылған. Студенттерді жеңіл түсінетін, ойын-сауық мақсатына арналған музыкалық шығармалар мен адамды жан-жақты ойландырып, керемет әсерге бөлейтін музыка жайында ойын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шетел музыкасының тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Шетел музыкалық мәдениет тарихының негізгі кезеңдерін: өткен музыкалық шығармалардың негізгі стильдік ерекшеліктерін, олардың есту бойынша негізгі тақырыптарын; композиторлар туралы музыкалық-тарихи және өмірбаяндық мәліметтерді зерттейді. Музыкалық шығармаларды, оның стильдік және жанрлық ерекшеліктерін көркем дәуірдің ерекшеліктері контексінде талдайды; ноталық материалмен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істейді; Батыс пен Шығыстың музыкалық мәдениетінің мазмұнын дәлелдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ музыкасының тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: XIX және XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасының тарихын зерттейді. Музыкалық мәдениеттің тарихи даму кезеңдерін сипаттайды. Кәсіби қазақ музыкасының, қазақ халық шығармашылығының пайда болуы мен дамуын зерттейді. Ежелгі түрік кезеңінің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттайды, жіктейді. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің шығармаларын синкретиздейді, түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ноталық редакторымен жұмыс
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың Finale бағдарламасымен жұмыс жасау жолын түсіндіреді. Дыбыспен жұмыс жасау, дыбыс сапасы, орындаушылықтың көркемдік деңгейі, фразировка, нюансировка, артикуляциямен жұмыс жасайды. Терминдерді ашу – фантазия мен ой өрісті дамытады. Эмоционалдық тондар бойынша жұмыс жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Музыкалық компьютерлік технология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – музыкалық компьютерлік технология арқылы – болашақ мамандардың музыкалық ноталық редакторларын жалпы білім беретін орта мектептерде музыка пәнін оқыту жұмыстарында тиімді пайдалану, музыкалық білім беру ісінің жаңа әдістемеліктерін қолдану мүмкіндіктерін туғызады. Музыкалық компьютерлік технология пәніне қызығушылығын арттырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Музыкалық шығармаларды талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – музыкалық сауаттылығын дамыту. Ойлау қабілетін дамыта отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру. Музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын біліп, талдауға қатысады. Бұл – музыкалық талдау жасауға алғашқы аяқ басуы. Сабақ барысында жалпы музыкалық шығармалар жөнінде мағлұмат алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Студиядағы жұмыс
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін кәсіби дайындық деңгейіне еркін пайдалана білуге үйрету. Компьютерлердегі бейнемонтаж программаларымен таныстыру. «NUENDO» музыкалық бағдарламасының 3 нұсқасын игерту. Белгілі бір тақырыпта арнаулы бағдарлама көмегімен жоба жасау, монтаждау процесімен, әртүрлі эффектілер, бейне және аудионы кесуге арналған құралдармен жұмыс жасауды үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • МамандықVІ /Д/
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – халық әндерімен қоса, халық композиторлар әндерін үйретеді. Әндердің тарихын оқытып, аспап сүйемелін жетілдіру, импровизациялық бағытын ұштау, аспаптық қайырымдарды меңгеруді үйретеді. Ән-жыр аңыздарының көркемдік ерекшеліктерін меңгертеді. Музыкалық аспапта орындаған ән регистрін, дәстүрлі қағыстардың атауын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Музыкалық аспап-Y (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз) /Д/
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – шығармашылық қызмет түрі ретінде аспаптық орындаушылықты меңгеруге ықпал етеді. Музыкалық шығарманы меңгеру барысында техникалық іскерліктер мен дағдыларды меңгертеді. Музыкалық-есту түсініктерін және моторлы-қозғалыс дағдыларын дамыту әдістерін қалыптастырады. Әр түрлі жанрдағы шығармаларды қамтитын орындаушылық репертуарды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ән қоры
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – болашақ әнші – орындаушының әндерді өз нақышына келтіріп орындауы, есте сақтау қабілеттері мен әншінің өзіндік ән қорын қалыптастыру, шығармашылық дағдыларын шыңдау. Әр түрлі бағыттардағы әндерді айту. Музыкалық шығармалардың күрделі үлгілерін меңгеру. Әнді талдау және сараптауды қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аспаптық ансамбль
    Несиелер: 5

    Аспаптық ансамбль – студенттерді үндестіре ойната білуге, көп дауысты шығармаларды орындау барысында тыңдай білуге, басқа да дауыстарды есте білу мақсаттарына жеткізу. Аспаптық ансамбль үндесе қосылып ойнау және ойнау шеберлігін арттыратын, шығарманың идеялық мазмұнын ансамбльдік үндестікте тыңдаушыға жеткізе білетін жан-жақты тұлға тәрбиелейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - көркем мәдениетті және өнердің әр саласын жеке-жеке қарастыратын қоғамдық ғылымдар жиынтығын оқытады. Өнердің пайда болуын, өркендеу-қалыптасу сатыларын, адамзат тарихынан алатын орнын, атқаратын қызметін, мәдениетпен және басқа да құбылыстармен арақатынасын нақтылайды, көркем шығармалардың мазмұны мен түр мәселелерін анықтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыкалық аспап- VІ (ф-но, баян, аккордеон, домбра, қобыз) /Д/
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – орындаушының музыкалық шығарманы меңгеру барысында аспаптық орындаудың техникалық біліктілігі мен музыкалық дағдысын қалыптастыру, біліктілігін дамытудың формалары мен әдістемелері арқылы сабақ өткізу, репертуар таңдау, әр түрлі бағыттаға шығармаларды үйрету, сахнаға дайындайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сахна мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – орындаушылық өнердің музыкалық шешімін табады. Сахнадағы серіктеспен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Сахнамен жұмыс жүргізу жолын және әншілік шеберлігін кәсіби дәрежеге жетілдіреді. Өндірістік режимде жұмыс істейді. Әнші диапазонының кеңдігі мен дауыс шығару жолдарын, өнер ұжымындағы жұмыс перспективасын түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Актерлік импровизация
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – рольмен жұмыс жасау. Драматургиялық үзінділерімен жұмыс жүргізу. Пьесаның жанры мен стилі, негізгі мақсаты, автордың идеясын айқындау, сахнада рөлін түсіну және жүзеге асыру. Ішкі монолог. Рольге ену жұмысының бастамасы. Физикалық іс-әрекет және бейімделу. Рөлдің көкейкесті мақсаты мен әрекет арқауын түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Фольклорлық аспаптарды үйрену
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – студенттерді үндестіре ойната білуге, көп дауысты шығармаларды орындау барысында тыңдай білуге, басқа да дауыстарды есте білу мақсаттарына жеткізу. Аспаптық ансамбль үндесе қосылып ойнау және ойнау шеберлігін арттыратын, шығарманың идеялық мазмұнын ансамбльдік үндестікте тыңдаушыға жеткізе білетін жан-жақты тұлға тәрбиелейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мамандық VIІ /Д/
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – техникалық зерттеулер (дауыс, тыныс алу, практикалық жаттығулар аудио ауқымын пайдалануға ең қолайлы жолын қамтамасыз етеді дыбыс құрылымына сәйкес) және осы техникамен атқарылған дауысты игеру. Қазақстан комозиторлары мен халық әндерін орындау жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сөйлеу мәдениеті /Д/
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – Сөз өнерінің техникасы және ережелерін үйретіп, студенттерге дауысты күту және сөйлеу құралын қалай пайдалану керектігін үйретеді. Әртүрлі қоғамдық ортада мәдени сөйлеу көркемдігін қалыптастырып, жазбаша және сөйлеу барысында әдеби тіл нормаларын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Вокалдық ансамбль /Д/
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушы орындаушының дуэт, трио, квартет, квинтет және т.б. ансамбльдік орындаушылық, серіктермен бірігу, ансамбльде барлық партияларын есту дағдыларын қалыптастыру. Халық әндерінен және халық композиторлар әндерінен түрлі стильдік ерекшеліктердегі вокалдық шығармаларын орындауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыканттың педагогикалық шеберлігі /Д/
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - педагог-музыканттың өзінің кәсіби шеберлігін шындауда өзін-өзі зерттеу жолдарын қарастырып, кәсіби іс-әрекетін талдау, оқу-тәрбие жұмысында қолданатын әдіс-тәсілдерінің тиімділігін пайымдайды, музыкалық білім мазмұнын жобалау, болашақ музыкант педагогтың нәтижелерін жоғарылатып және педагогикалық шеберлігін арттырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Концерттік орындаушылық шеберлік
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – студенттерге музыкалық шығармамен жүргізетін жұмысты, шығармалардың әуенін, техникасы мен табиғатын, ырғағын, интонациясын меңгерту. Музыкалық шығармалардың нотасын оқып-ойнау негізінің қалыптасуы. Студенттердің орындаушылық шеберлігін нығайта отырып, ән салу мәнерін, концерттік дайындығы мен әдістемесін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    --мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қолдану; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық кәсіпкерлік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    - Қазақ және шетел кәсіби музыкасының туу, даму ерекшеліктері мен музыка өнеріміздің тарихын жазып көрсету - Музыка өнеріндегі ерекшеліктері мен тарихы тегі турылы ғылыми методикалық білім алып, оны тәжірибеде көрсетеді - Көне дәуірдегі орындаушы сазгерлердің шығармаларына қызығушылығын қалыптастырады

  • Код ON5

    - Халық әндерін және олардың өзара айырмашылығын біліп, шығармаларды есте сақтау. - Орындаушылық шеберлігін жетілдіруге бағытталған өзінің даму жоспарын құрастырады. - Дәстүрлі әншілерді үн таспа арқылы тыңдап, әндерін қызығушылықпен орындайды.

  • Код ON6

    - Дәстүрлі халық музыкасынан бағдарлама дайындауға қатысу, жаңа шығармаларды жазып көрсету. - Кәсіби дайындығын дамытып, өз бетінше берілген шығармаларды жинақтайды. - Музыкалық аспапқа қызыға отырып, тәрбиелеудің педагогикалық тиімді жолдарын практикалық тұрғыда үйренеді

  • Код ON7

    - Өзіндік жұмыс барысында дауысқа арналған жаттығуларды тәжірибе жүзінде қолданады - Әнге деген эмоционалды-құндылықтық қатынасын қалыптастырады - Орындаушылық шеберлік дағдыларын жетілдіреді - Әрбір дыбыстың анық шығуына, дауыс ырғағын реттеуге арналған жаттығуларды мәнерлі орындайды

  • Код ON8

    -Музыка теориясының ережелері мен музыкалық дыбыс, интервал, аккордтарды күнделікті тәжірибеде қолданып заңдылықтарын пайдаланады -Берілген теориялық тапсырмаларды, тәжірибе жүзінде орындайды және музыкалық теориялық құрылымдарды (лад, ырғақ, интервал, аккорд) аспапта орындай бастайды. - Нота ұзақтығын өлшемдерге (тактіге) бөліп, топпен жұмыс жасауға қабілеттілігін көрсетеді, музыканың тілі арқылы өнердің маңыздылығын түсіндіреді

  • Код ON9

    -Дуэт, трио, квартет, квинтет және т.б. ансамбльдік серіктерімен бірігіп шығармаларды орындау, ерекшелігін анықтайды. - Іс-әрекетінде электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды, мультимедиялық электрондық оқыту құралдарын интернет желісінде еркін іздейді. - Әр түрлі шығармалардың интерпретациясын өзіндік орындаушылық қабілетімен байланыстыру тәсілдерін қолданады

  • Код ON10

    - Шығарманың көркемдік тұжырымдамаларын қайта жасауда қазіргі заманғы арнайы ғылыми білімдерді мәлімдеп беру. - Диалог, пікірталас, диспут, өзіндік пікір алмасу кезінде өз ойын нақты, жүйелі түсіндіреді. - Шәкірттің есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту және әншілік өнерге құштарлығын, ынталылығын арттыруға көмектеседі

  • Код ON11

    - Түрлі фестиваль мен конкурстарды, музыкалық байқауларды ұйымдастыру, ерекшелігін анықтау. - Тәрбие жұмысының нәтижесін анықтап, бағдарламасына сәйкес жоспар жинақтайды. - Музыкалық байқауларға қызығушылығын көрсетеді

  • Код ON12

    - Пән бойынша оқу үдерісін модельдей алады және өз іс-тәжірибесінде іске асырады, педагогикалық идеяларды талдаудың объективтік негізін мәлімдеп беру - Дәстүрлі әнді зерттеу әдістемесінің мазмұндық үлгілерін, оқыту теориясын түсінеді, талдайды және өңдеп құрастырады - Зерттеудің барлық түрлерін, алған білімдерін оқу үдерісінде шығармашылықпен орындайды

Top